Б.Бұлқышев. Ана

  • Жүктеулер: 806
  • Көрсетілім: 1487
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 02/Май/2015
Тақырыбы: Баубек Бұлқышев. Ана
Мақсаты: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. «Ана» мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқуға жаттықтыру. 2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту. 3.Ананы құрметтеуге, сыйлауға, өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тіл дамыту.
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
1 слайд.
1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
2 слайд.
2.Өткенді қайталау. Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін еске түсірейік.
1. 3 бала өлең шумағын жатқа айтады.
2. 3 бала ана тілі туралы жазған шығармаларын оқиды.
3. Ана туралы өлең орындалады.
Ғафу Қайырбеков. Шәмші Қалдаяқов « Ана туралы жыр.»
3.Ойтолғаныс. Ауызша.
3 слайд
- Ән кімге арналған?
«Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? ( Әр оқушы өз ойларын ортаға салады.)
- Дұрыс айтасыңдар. Ана баласы үшін өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келген сый-құрметін көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, суретші сурет салады, сазгер ән шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзборышын өтеуге тырысады. Анаға арналған сондай бір шығарманың бірімен танысу үшін мына бір суретке назар аударыңдар.
4 слайд
Ескерткіштің суреті.
- Балалар мына сурет сендерге таныс па? Қай жерден көрдіңдер? Бұл кім?
- Бұл ана. Соғысқа кеткен баласын күткен ананың құрметіне қойылған ескерткіш.
4.Жаңа сабақ. –Дұрыс айтасыңдар. 1941 жылы неміс басқыншылары тыныш жатқан елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Елді қырғынға ұшыратқан, қаншама аналарымызды жесір, балаларды жетім қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 9- мамырда біздің жеңісімізбен аяқталды. Осы соғыста ерлік көрсеткен қаншама аға, апаларымыз болды.
-Сонымен қатар осы соғысқа қатысқан тағы бір аталарың бар екен. Ол жазушы, батыр Баубек Бұлқышев аталарың.
5 слайд.Өмірбаяны.
Б. Бұлқышев 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысына алғашқы күндерден бастап қатысқан. Көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер, 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.
Баубек көптеген өлеңдер жазып, республикалық газет, журнал беттерінде жарияланды. «Балалық шақ», «Есімде қанды жорықтар», «Айсұлу» атты поэмасы бар. Соның ішінде «Ана» шығармасына тоқталамыз.
6 слайд
Дәптерге күнді, тақырыпты жазу.
- Баубек атамыздың «Ана» шығармасын тыңдап көрейік.
7 слайд
Таспадан «Ана» шығармасын тыңдату. Ана туралы сурет көрсетіледі.
8 слайд
5. Кітаппен жұмыс.
1. Оқушылар іштей оқиды.
2. Азат жолдан оқытып, талдау.
3. Екі балаға екінші азат жолдан, дауыс ырғағын келтіртіп оқыту.

Автор: Мейзбекова Анар Мейрамқызы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ю.А.Гагарин атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.