Сайт учителя начальных классов
.
Қазіргі қазақ тіліндегі арабизмдердің күнделікті өмірде қолданылуы, сингорманизм заңына бағынбауы.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тереңнен бастау алғанымен, сөздік жасау тәжірибесінің жарты ғасырдан аса ғана тарихы бары белгілі.Сол тарихтың бойында түрлі ғылыми-практикалық мақсаттарға орай үлкенді – кішілі сөздіктер басылып шықты.
Араб тілінен енген кірме сөздер негізінен есім сөздер болып келеді.Оларды бір-бірінен ажырата білу үшін сол тілдердің ерекшеліктеріін айыра тани білу керек. Араб тілдерінің кейбір грамматикалық тұлғалары сөз жасаудың өнімді тәсілі ретінде қолданылады: араб тіліндегі и (-иййун) аффиксі тек араб тілінен енген кірме сөздердің құрамында ғана кездеспей, қазақ тілінің төл сөздеріне де жалғанған.
Араб әліпбиі 28 әріптен, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Араб әліпбиінда бас әріп жоқ және оларда сөз оңнан солға қарай жазылады (22 әріп төрт түрлі көріністе алты әріп екі көріністе жазылады). Араб тілінде әр әріптің үстіне немесе астына қойылған нүктелер оқу үшін үлкен рөл атқарады, себебі жазылу графикасы бірдей әріптер бір- бірінен тек нүктелерінің саны мен қойылуы орнына қарай ажыратылады.
Қазіргі қазақ тілінің фонетика оқулықтарында әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жүр. Соның нәтижесінде сөз қалай жазылса солай оқылып солай айтылады: «... Дыбыс пен әріп екеуі екі басқа нәрсе.Біріне- бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, әріп көрінетін, естілмейтін нәрсе...» -деп, А.Байтұрсыновтың жазып кеткенінен бері 80 жылдан аса уақыт өтіпті. «Ендігі жерде дыбыс- сөздің өмір сүру формасы, әріп сол дыбыстың таңбасы деп түсінсек керек»
Қарастырып отырған арабизмдердің фонетикалық сиапты бірдей емес. Оларды үш топқа бөлуге болады:
1) Сыртқы фомасын сақтап, ешбір фонетикалық өзгеріске ұшырамаған , яғни фонетикалық тұлғасы мүлде өзгермеген сөздер. Мысалы:уыктун- уақыт, таркун- тәрк, кадиимун- қадим т.б
2) Сыртқы формасын жартылай жартылай сақтап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына жарым- жартылай бағынған , яғни тұлғалары сәл ғана өзгеріске ұшыраған сөздер. Сөздердің дыбыстың өзгеруімен ерекшеленеді. Оның себебі- бұл сөздер құрамында қазақ тілінен жат дыбыстың болуында. Мысалы: харакатун- әрекет, хаакимун- әкім, имааратун- ғимарат, алифбааун- әліппе

ID: 1357 | Просмотров: 2256