Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

  • Жүктеулер: 790
  • Көрсетілім: 2208
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 10/Сен/2015
Оңт.Қаз.облысы,Отырар ауданы,Жамбыл атындағы мектеп-лицейі
Пәні : Қазақ тілі
Сыныбы : 7 «Ә»
Пән мұғалімі: Абызбек Гүлнар Төлебайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар.Пысықтауыштық қатынас.

Жалпы мақсаттар Пысықтауыштық қатынас туралы ұғындыра отырып,сыни ойлауға дағдыландыру. Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу. Өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Оқығандарын ортаға салу, өз ойын тұжырымдай білуге , бауырластыққа , достыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Пысықтауыштық қатынас туралы мәлімет алады. Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік болады. Өз пікірін дәлелдейді.
Негізгі идеясы Оқушылардың сабақты өз бетінше меңгеруі, топта бірлесе жұмыс жасауы, бірін-бірі үйретуге машықтану, сыни ойлануға дағдылану
Ресурстар Қазақ тілі 7-сынып оқулығы, көркем әдебиеттер, дидактикалық материалдар,мақал-мәтелдер жинағы

Оқыту әдістері Сыни ойлау, диалогтік оқыту, топтық және жұптық жұмыс
Жабдықталуы Постер, маркер, үлестірмелі материал, кеңсе заттары

Сабақтың барысы

Сабақты өткізу кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру 1 минут Оқушылар шаттық шеңберін құра отырып, бір-біріне жақсы тілек тілейді Жақсы орта қалыптасады
Топқа бөлу 2 минут Түрлі смайликтер арқылы топқа бөледі Оқушылар смайликтерді таңдау арқылы топқа бөліне
ді
Сергіту сәті 2 минут Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушыларға өз есімдеріне сын есімді қосып айту тапсырылады.
Оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Өз есімдерін сын есімді қосып айтады.
«Ой қозғау»
10 минут Мұғалім оқушыларға сұрақ береді
1.Сөз тіркесі дегеніміз не?
2.Синтаксистік қатынастардың түрлеріне тоқталу. Оқушылар топта талдап, бір оқушы қорғайды
Жаң сабақ Топта талқылау-3 минут «Қазақ тілі – ата-баба тілі, елдігіміздің белгісі» тақырыбы бойынша мәтін жазу Оқушылар берілген тапсырмаларды
топта талдап, 1 оқушы қорғайды
Дәптермен жұмыс Топтық және жеке жұмыс
Тіл туралы мақал-мәтелдер жазу Оқушылар тақырып бойынша мақал-мәтелдерді дәптерге жазады

Постермен жұмыс «Топтық және жеке жұмыс » 5 минут, қорғауға Мұғалім уақытты қадағалайды
«Ана тілім айбыным» тақырыбында постер жасауды береді Топта талдап, бір оқушы, қорғайды
Сергіту сәті 2 минут Бразилия жаңбыры Қимыл жасау арқылы сергиді
Кері байланыс 10минут
5 минут Топтар ана тіліміз туралы бір –біріне сұрақтар береді Қойылған сұрақ бойынша әр топ жауап береді
Қорытындылау 5 минут «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбы бойынша өз ойын айту Оқушылар топтық және жұптық жұмыс жасайды
Табыс ситуациясы
«Бағалау» 1 минут Алған жұлдызшалары арқылы бағалайды
7-8 жұлдызшаға 5 баға
5-6 жұлдызшаға 4 баға
4-3 жұлдызшаға 3 баға
1-2 жұлдызшаға 2 баға
Алған жұлдызшаларын санап, мұғалімге береді
Үй тапсырмасы 1 минут «Ана тілі-дана тіл» тақырыбы бойынша мәтін құрау,ішінен сөйлем мүшесіне талдап келу. Күнделікпен жұмыс
Қорытынды Рефлексия 5 минут Мұғалім бақылап тұрады
Мен не білдім?
Маған ---қиын болды
Менің қояр сұрағым Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып бағдаршамға іледі.

Автор: Абызбек Гүлнар Төлебайқызы

Жамбыл атынд.мектеп-лицейі ,мұғалім

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.