Сайт учителя начальных классов
.
ҚАЗАҚ  ТІЛІНЕН  ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІГЕ  ДАЙЫНДАУ  ЖОЛДАРЫ -

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІГЕ ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 1226 | Просмотров: 2208 | Размер: 159.5 Kb | Автор: Bauka
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІГЕ

ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ



Кіріспе

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артқан жаңа ғасырда мектеп түлектерін Ұлттық Бірыңғай Тестіге дайындауда көптеген мәселелерге баса назар аударған жөн.
Қазақ тілі бойынша тест орындағанда тіліміздің даму жүйесі мен нормаларының меңгерілу дәрежесі, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесі мен шешендік үрдістегі рөлін қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Мектеп бітіруші түлектерді қазақ тілі бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестігі дайындауда мектеп оқушылары (5-11 сынып) басты назарға алынуы тиіс, өйткені қазір «Шың», «Оқушы анықтамасы» т.б. оқу құралдары көп-ақ. Ол оқу кітаптары талапкерге өткенді еске түсіруге, түрлі сызбалар арқылы меңгеруге, сондай-ақ жаттығу, тест тапсырмаларымен білімін шыңдауда пайдасы мол. Дегенмен кей ережелерде бірізділік сақталмай, тест жауабында оқулықтағы жауап дұрыс болып шығып жүр.
Мысалы: «Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары» аталған кітаптарда 5 түрлі болса, оқулықта 6 түрі болып көрсетіліп, тест жауабында соңғысы дұрыс деп көрсетілген.
Оқушы апелляцияға (қайта қарауға) берген жағдайда да оқулық метериалына жүгінетін болады.
Қазақ тілінің негізгі салалары – Лексика, Фонетика, Сөзжасам, Морфология, Синтаксис, Тыныс белгілері мен Стилистиканың жеке ережелерін бастамас бұрын, Ана тіліміздің қызметі, Әдеби тіл туралы түсінік, Мәтін туралы мәліметтер беріледі.
Ана тіліміздің қызметі:
1. Адамдардың бір-бірімен сөйлесу, пікір алысуы үшін
2. Қоршаған орта жөнінде өз ойларын тіл арқылы жеткізу
3. Адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін тіл арқылы білдіреді.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 5651 тіл болса, сөйлеушілердің саны жағынан қазақ тілінің 70-орында екендігі белгілі.
Әдеби тіл – сол халықтың бәріне ьірдей ортақ, түсінікті тіл. Ол екі түрлі формада өмір сүреді:ауызша тіл және жазбаша тіл.
Мәтін – «байланысу», «бірігу» деген мағыналарды білдіреді. Оған газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулық ережелері және түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.



1. «Лексика» тарауын қайталауда ескерілетін мәселелер

Сөз мағыналарын қайталауда оның салалары - лексикология, семасиология, этимология, фразеология, диалектология, топонимика, лексикография, т.б. жан-жақты түсіндірілгені дұрыс.
«Кірме сөздер» тақырыбында қазақ тілінің терминдерінің қай елдің сөзі екені арнаулы кестемен көрсетіліп, жаттауға ұсынылады.

Латын Араб-парсы Грек Орыс тілі

Ассимиляция Мектеп, қалам Алфавит Жәшік
Диссимиляция Қайрат, сезім Антоним Кәмпит
Интонация Дәптер Архаизм Сөмке
Историзм Заман, ғылым Диалог Бәтеңке
Лингвистика Әдебиет, әліпби Диалект Кереует
Пунктуация Әріп, мақал Лексика Кәрзеңке
Рецензия Кітап, мұғалім Монолог Тәрелке
Диспут Мағына, құдірет Морфология Самаурын
Конспект Тақта, парта Неолизм Сіріңке
Термин Омоним Бөтелке
Орфография Сот
Орфоэпия Доға
Сингармонизм Пеш
Синтаксис Шәйнек
Эвфемизм
Дисфемизм
Тезис

Сондай-ақ, «Талапкерде» жиі кездесетін сұрақтар, сөздерді қолданылу өрісіне қарай топтастыру да жақсы нәтиже береді.
Жаттығу

Кәсіби
сөздер
(2 сала) Диалект
сөздер Термин «Арнаулы сөздер» Көнерген (архаизм, историзм) Жаңарған сөздер
Таспа Кәсе Фонетика Хан Әкім
Мұрап Пиала Буын Дат Саяжай
Терімші Нән Эвфемизм Барымта Сынып
Жабағы Іңкәл Көбейтінді Жебе Құжат
Күзем Пәс Полюс Уәзір Ғарыш
Пышқы Жар Жанр Сауыт Отбасы
Қызанақ Тұқым Сөз таптары Айбалта Жер серігі
Шербек Келулі Орамжапырақ Садақ Жолсерік
Атауыз Баралы Омоним Адырна Үнтаспа
Қаза Кәуіп Жазық Торқа Жеделхат
Балдаң Жадағай Айырма Биқасап Ермексаз
Торлама Шаппа Дүрия Зейнетақы
Жылым Опан Пітір Ұжым
Тарамыс Маңлай Сауын айту Ойталқы
Күнжара Қоңсы Сәукеле Әмбебап
Шиіт Бәдірен Ұрын бару Кешен
Сота Шеккі Қызыл отау Нарық
Келімдәрі Би


Бұл кестені алғашқы 4-5 сөзден кейін Талапкер кітапшасы бойынша толықтыру, іздену жұмыстарын беру жақсы нәтижеге қол жеткізері сөзсіз.
Сөз мағыналарының басқа мағынаға ауысуы да түсіндіріліп, сызбамен көрсетілгені жөн.
Метафора Метонимия Синекдоха
Сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мыс, Өзім - күнмін, өзім – от. (Мағжан Зат, құбылыс атауларының екінші бір құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мыс, ақпа құлақ-ұғымсыз, құйма құлақ – зерек. Жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек қолдану. Мыс, Көп қорқытады, терең батырады. (Ел, халық)

11.Фонетика тарауын қайталау

Әліпби (араб алфавитінің алғашқы екі әрпі)-әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны.Олардың тізбектелген қатары мынадай:

А,ә б,в г,ғ
д (7)
е,е ж,з и,й
к,қ (15) л,м н,ң
о,ө п,р с,т
у (26)
ұ,ү ф х,һ
ц,ч -- ш,щ
ь (36)
ы,і ъ э,ю
я

Тестіде «Жұп дауыссыздарды тап» деген сұрақтар жиі кездеседі,сондықтан төмендегі жұп дауыссыздар қатарын жаттатқан жөн:
Қатаң : қ к п ф т с ш х
Ұяң: ғ г б в д з ж һ

Дыбыс үндестігі (ассимиляция)

Түбір мен қосымша жігіндегі, сөздер аралығындағы, сөз ішіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар жүйелі түсіндірілуі керек.

Түбір мен қосымша Сөз аралығында Сөз ішіндегі ықпал
Дос+тар, бала+ны
Доп+ым, жүрек+і
Сөнбе, түнгі Бір қатар, көп бала
Жас шағы, тұз сал
Он бес, ақ лақ Айтбай,
Жаңақорған,
Бозжан, Жүсіпбек

ID: 965 | Просмотров: 2208