Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Қазақ тілім, өркенде, Бола бер күшті, көркем де!
[ Сайттан жүктеу (709.5Kb) ] 18.11.2015, 13:47

Материалдың жеке номері 2124

Қазақ тілім, өркенде, Бола бер күшті, көркем де!

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілім, өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік : ана тіліміздің баға жетпес байлық екендігін, қазақ тілінің өміршеңдігін,
қадір-қасиетін таныту.
2.Дамытушылық: тіл байлығын, ойлау қабілетін, жазу мәдениетін,сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәнерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік:әр ұлт арасында достықты,бірлікті нығайта отырып,егеменді елімізді сүюге,құрметтеуге,мемлекеттік тілімізді үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта бойынша тақырыпқа байланысты слайдтар, қанатты сөздер, жаттығу жұмыстары,тест тапсырмалары.
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы».
Н.Ә. Назарбаев
«Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы».
Ш.Уәлиханов
«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ».
Ш. Айтматов
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді».
Ғ. Мүсірепов
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі,қазақ әдебиеті.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: айтылым, жазылым, тілдесім,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Психологиялық көңіл-күй тудыру.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақ: Сабақтың эпиграфы:
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н.Ә.Назарбаев)
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мерекесіне арналған «Қазақ тілім, өркенде, бола бер күшті, көркем де!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Қуан халқым,қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста,мұңды жүрек түңдігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін,-дей отырып, республикамыздың мемлекеттік тіл құрметіне арналған сайысымызды бастайық.
Балалар құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын Жан сарайын білімдінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бүгінгінің- дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысушы топтарымызбен танысып алайық.
I-топтың аты: «Барыс»
Топтың ұраны: Біз қуатты арыспыз,
Бәрінен мықты барыспыз.
II-топтың аты: «Бірлік»
Топтың ұраны: Біргеміз,ажырамас іргеміз.

2-жүргізуші: «Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қыркүйекте жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды».
1-жүргізуші:Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
2-жүргізуші: Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
I.Сұрақ – жауап ойыны
1-топтың сұрақтары:
1.Қазақ тілі қандай тіл? ( мемлекеттік тіл)
2.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды? (1989ж)
3. Тілдер күні кашан тойланады?(22 қыркүйек)
4.Ержүрек, батыл адам.(батыр).
5.Ұлттық спорт ойындары. (бәйге, көкпар).
2-топтың сұрақтары:
1.Қазақстан аумағындағы теңіздер. (Каспий, Арал).
2.Қазақтардың ұлттық баспанасы. (киіз үй).
3.Қазақстан республикасындагы конституция күні (30 тамыз).
4.Әдебиет араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (асыл сөз )
5.Тәуке ханның заңдары қалай аталады?(жеті жарғы)
Көп тіл білсең көкжиегін кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар,
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Балалар, біз 50 бәсекелес елдің қатарына қосылу үшін 3 тілде дұрыс сөйлей алуымыз керек.
1. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл.
2. Орыс тілі- ұлтаралық тіл.
3. Ағылшын тілі- техника тілі.
II. Полиглот ойыны.
Оқушылардың үш тілде білімдерін шыңдау.
1.Жүз сомың болғанша, жүз ... болсын. (досың, друзей, friends)
2.Оқығанның алды ..., оқымаған қараңғы. (свет,жарық,light )
3.Жалғыз адам ... емес. (воин, әскер,solder)
4. Бірінші қыркүйекте оқушылар қайда барады? (мектепке, в школу,school)
5.Қасқырды ... асырайды. (ноги, аяғы,legs)
6.Мен Алматы ... тұрамын.(город, қала,city)
7.Меніңәжемнің қызы менің ... ( мать,анам,mother)
8.16 желтоқсан ... күні. (Независимость, Тәуелсіздік,Independence)

III.Көршінді тап ойыны Сөйлемдерді аяқта.
Астана, Алматы, Ақтөбе - ұлы ақындар.
Қазақ тілі - теңіздер.
Каспий, Арал - Қазақстанның таулары.
Алатау, Ұлытау - мемлекеттік тіл.
Абай, Жамбыл - Қазақстан қалалары.
IV.Жұмбақ ойыны
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.(кітап)
Мамықта ұлпа,
Қанттай ақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (қар)
Аяғы бар,
Басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың. (мектеп)
V.Тест тапсырмасы.
Қазақстанның елордасы қай қала?
а) Астана
ә) Алматы
б) Қызылорда
Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
а) Ертіс
ә) Есіл
б) Шу
Астана қаласы қай аймақта орналасқан?
а) Солтүстікте
ә) Оңтүстікте
б) Шығыста
VI. Мақал сайысы.
Мақалды аяқтайды.
Отан оттан да ... (ыстық)
Отансыз адам – ормансыз ... (бұлбұл)
Оқу – инемен құдық ... (қазғандай)
Еңбек етсең ерінбей ... (тояды қарның тіленбей)
Не ексең, соны ...(орасың)
Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тілі сыр сақтаған.
Бәріненде де сен артықсың,
Қазақ тілім, жыр батпаған!
Қорытындылау.
Мемлекеттік тіл қандай тіл?
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды?
Тілдер күні кашан тойланады?
Үйге тапсырма беру: «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шығарма жазу.
loading...

Автор: Касенова Венера Серикказиновна

Алматы қаласы №57 жалпы білім беретін мектеп

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 957 | Жүктеулер: 563 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0