Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Қазақ тілі-кемел тіл, сабақ
[ Сайттан жүктеу (18.4Kb) ] 05.03.2015, 00:14

Материалдың жеке номері 774

Қазақ тілі-кемел тіл, сабақ

загрузка...
Сабақтың тақырыбы Қазақ тілі-кемел тіл
Мақсаты Тілдің кемелділігін көрсететін негізгі белгілерді түсіндіру. Сөз байлығы деген сөздің алуан мазмұндылығы екенін мысалдар арқылы түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер Тіл кемелділігін көрсететін сөз байлығы, тілдік амал-тәсілдердің (бейтарап,кітаби,сөйлеу тілі) жүйе құруы екенін ұғынады.
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе. Үй тапсырмасын сұрау Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
«Ең,ең...» стикерлерге жақсы қасиеттерін жазғызу.
Оқушыларды бойларына қарай тұрғызу арқылы екі топқа бөлу Оқушылардың сабаққа назарын аударады. Ең жақсы қасиеттерін жазып, қағаздарды партаға қояды, кейін оқушылар қағазды араластырып, таңдағанын алып оқиды. Оқушылардың көңіл күйлері көтеріледі.
Оқушылар екі топқа бөлінеді
Қызығушылықты ояту Кемел тіл дегенді қалай түсінеміз?
Синонимдерін қарастыру Оқушылар кемел тіл дегенге өз ойларын айтады, бірлесіп синонимдерін айтады.
Негізгі бөлім Оқулықтан Қазақ тілі-кемел тіл түсінігін оқу. Мазмұнына талдау жасау. Жетелеуші сұрақтар қою, түсінбеген сұрақтарына жауапты бірлесе іздеу.
Кітаби стиль мен сойлеу стилін бір-бірімен салыстыру

30-тапсырма Мәтінді оқи отырып, жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын арттыруға қандай құбылыстар себеп болған? Қандай кірме сөз сөз байлығына жатпайды?

31-тапсырма. Шекер сөзінің төркіні туралы әңгімеле. Шекер сөзінің әдеби тілдегі, халық тіліндегі синонимдерін атау. Шекер сөзіне фонетикалық талдау жасау.

33-тапсырма. Сөйлемдерден фразелогиялық тіркестерді көшіріп жазыңыз. Мағыналық түрін жазыңыз. Сөйлемдердегі тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңдер.
Оқушылар түсініктерін флипчартқа түсіріп, постер қорғайды.
Тіл кемелдігін көрсететін негізгі белгілерді (сөз алуандығы,байлығы, сөздік қоры мен сөздік құрамы, тілдік амал-тәсілдердің айырмашылқтары) көрсетеді.
Кітаби стиль мен сөйлеу стилінің ұқсастығы мен даралығын жазады.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:
- сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады;
- көбіне-көп алдын-ала дайындықсыз өтеді;
- сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;
- одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады;
- дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады.
30-тапсырма Мәтінді оқи отырып, жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын арттыруға қандай құбылыстар себеп болған?
Елдің ерекше кәсібіне қарай кейбір аймақтарда жоқ сөз болады. Бірақ бұл тіл шұбарлығы емес, тіл байлығы.
Қандай кірме сөз сөз байлығына жатпайды? Бөтен сөз қабылдаушы тілдің грамматикалық заңын бағыну керек.
31-тапсырма.Шекер сөзінің төркіні туралы әңгімелейді. Шекер сөзінің әдеби тілдегі, халық тіліндегі синонимдерін атайды. (қант, секер, шарбат бал)Шекер сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

33-тапсырма Сөйлемдерден фразеологиялық тіркестерді көшіріп жазады. Мағыналарына түсінік береді.
Қорытынды «Ыстық орындық»
-Грамматика жүйесінде сан,сапа,себеп-салдарлық, қатыстық, қимылдың өту сипаты тәрізді т.б. мағыналардың болуы нені білдіреді?
-Дамыған тілдердің негізгі белгісі не?
-Сөз байлығы дегеніміз не?
-Сөз алуандығы дегеніміз не?
-Кемел тілдің негізі белгісі болып саналатын небір айырмашылықтарды дәл көрсете алатын тілдік амал-тәсілдердің үшендік жүйесі қандай?
«Бір қалам» стратегиясы. Қазақ тілі-сөздік қоры бай тіл.
- Кері байланыс:
Оқушыларға таратылады, балалар жауап жазады және оқиды.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Сабақты қорыту мақсатында «Ыстық орындыққа» оқушылар отырып,берілген сұрақтарға жауап береді.

Сабақта не үйренгенін, не үйренгісі келетінін, ұнағанын жазады.

Оқушылар «Бір қалам» стратегиясы бойынша Қазақ тілі-сөздік қоры бай тіл. Тақырыбында ойларын жазады.

Үйге тапсырма Ауыспалы мағыналы сөзге байланысты тест сұрақтарын құрау.
loading...

Автор: Калимова Бактыгуль Төлеуғалиқызы

Жамбыл орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: baktygul | Ілмек сөздер: Қысқа мерзімді сабақ жоспары, сабақ, Қазақ тілі
Көрсетілім: 1219 | Жүктеулер: 713 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0