Қазақстан мерейін өсірген спорт

  • Жүктеулер: 654
  • Көрсетілім: 1490
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 14/Окт/2015
Сынып: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан мерейін өсірген спорт. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: Спорт, Қазақстанның спортшылары туралы түсініктерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлану, өзін – өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың міндеті: Спорт, спортшылар туралы өз ойларын жеткізу, диалогтік әңгіме арқылы өз ой – пікірін еркін жеткізуді , ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту, олимпиада ойындарын таныта отырып, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту , салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру
Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлау», «АКТ», «Оқудағы басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», « Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».
Стратегиялық іс – әрекеттер: «Миға шабуыл», топтық жұмыс, «Детальдарды қосу», «Жұптас-ойлан -бөліс», «Ментальді карта» «Конверт», «Басбармақ», «Бағдаршам», «Ыстық орындық», «Бүгінгі күннің сөйлемі» ,рефлексия , өзін – өзі, бірін – бірі бағалауы.
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс -әрекеті
І. Кіріспе
5 мин
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Шеңбер құрып, «дені сау болу үшін» қандай ережелерді орындау керек деген сұрақ қоя тұрып, ережелерді айтқызу.
Топқа бөлу
«Эмблема» бойынша 3 топқа бөлу
Үй тапсырмаларын тексеру
Үйтапсырмасын тексеремін (Жұптас-Ойлан-Бөліс) . Диалог жатқа сұрау
Детальдарды қосу «VEST» технологиясы сөздік жұмысын тексеру «Сенімді тірек » әдісі
8 мин Қызығушылықты ояту.
Тұсаукесер.
«Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, түрткі сұрақтар қою:
-слайдтан нені көрдік, сабақ басында топқа не арқылы бөліндік?
-Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Спорт)
- «Спорт» дегенді қалай түсінесіңдер? Деген сұраққа ментальді карта жасату.
10 мин Негізгі бөлім Фонетикалық жаттығу.
Қане балалар есімізге түсірейік. Дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Глоссарий: спорттық ойындар- спортивные игры, спорттық кешен – спортивыный комплекс, жеңімпаз – победитель, жанкүйер- болельщик, дүлде – награда, мәнерлеп сырғанау – фигурное катание
2 мин Сергіту сәті «Қызыл өрік- жаттығу жасау» Сергіту сәтін жүзеге асыру
5 мин 1- Тапсырма.
1-топ: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударады «Жұптас-Ойлан-Бөліс» стратегиясын қолдану
2-топ:«Конверт» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру
3-топ: «Спортшы» сөзін тәуелдеп жазу
3 мин Қорытынды
«Ыстық орындық» әдісі арқылы «Салауатты өмір салтына» нелер жатады? Біздің денсаулығымызға не пайдалы, не зиянды?
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою:
1.- топ: 1) Бүгін қандай тақырыппен таныстыңдар?
2) Қандай спортшыларды білесің?
2-топ: 1) Қандай қысқы спорттық ойындарды білесің?
2) Денис Тен қай спорт түрінің жеңімпазы?
3- топ: 1) Стадионға кімдер келеді?
2) Спортивные игры сөзінің аудармасын айт
2 мин Рефлексия «Күн шуағы» «Бүгінгі күннің сөйлемі» стратегиясын қолдану
1 мин Үйге тапсырма Мәтінді оқу мазмұндау, сөздік жаттау,, «Менің сүйікті спортшым» тақырыбына эссе жазу
2 мин Бағалау
«Бағалау парағы» Оқушыларды мадақтау, ынталандыру
(көшбасшылары топ мүшелерін бағалайды)

Автор: Касымова Айнур Нурбековна

Балқаш қаласы Н.К.Крупская атындағы ЖББ №4 орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.