Қазақстан қалаларына саяхат

  • Жүктеулер: 668
  • Көрсетілім: 2414
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 14/Окт/2015
Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8 « Б»сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалаларына саяхат
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, мәтіндермен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
2) Дамытушылық: Мәтінді мазмұндауға дағдылау, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып дұрыс сөйлеуге үйрету;
3) Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге, табиғатты қорғауға, жергілікті жерімізге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Сұрақ-жауап ,ойын элементтері
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың әзірлігі
Тіл дамыту.
• Сыныпта кім кезекші?
• Сыныпта кім жоқ?
• Сен қай мектепте оқисың?
• Нешінші сыныпта оқисың?
• Біздің мектеп қай көшеде орналасқан?
• Неше қабатты? Біз нешінші қабаттамыз?
• Қазір қай сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақал-мәтел арқылы
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жер - сөз тіркесінің синонимі қалай болады?
Отан
Сұрақ-жауап:
1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Қай мемлекетте тұрасың?
3. Қазақстан қандай мемлекет?
4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
5. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
6. Елтаңбада не бейнеленген?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ арқылы жаңа сабақты бастау.
Қаз қанатын жаяды,
Үйрек мойнын созады,
Аққу төбесіне қонады.
Шешуі: кереге, уық, шаңырақ
Кереге – қонақжайлылықты, көп ұлттылықты білдіреді
Уық – бір тұтастықты, бірлікті білдіреді
Шаңырақ – шекарамыздың беріктігін білдіреді
Осы киіз үйдің бөліктерін құрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.
«Қалаларға саяхат»
Оқушыларға сұрақ қоя отырып, Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.
1. Қазақстанның қандай ірі қалалары бар? (бір оқушыға карта арқылы ірі қалаларды көрсету)
Топтық жұмыс арқылы әр қалаға саяхат жасау.
І. Алматы қаласына саяхат (диалог құрастыру).
ІІ.Талдықорған қаласы (мәтінмен жұмыс)
ІІІ. Қарағанды қаласы (мәтіннен сын есімдерді табу)
Көрікті, зәулім сөздеріне морфологиялық талдау жасау.
ІV. Астана қаласы
Орманды, таулы, дарынды, белгілі, қарағайлы, ақылды. (Осы сөздерден туынды сын есім тудырып, сөйлем құрастыру).
V. Павлодар қаласы
Жақсы, көрікті, үлкен, жақын. (Осы сын есімдерді салыстырмалы шырай түріне айналдыру).
VI. Өскемен қаласы бойынша қысқаша әңгімелеу.
Осы бүгінгі өткен сабақты Махмұд Қашқари сөзімен
«Белгі болмаса, жол бұзылады,
Білім болмаса, сөз бұзылады» аяқтап, білімдерін «Бәрін білдім» ойыны арқылы тексеріп, бағалау.
IV. Үйге тапсырма: 110-111 бет. Өз қалаң туралы шағын мәтін құрастыру.
V. Бағалау.

Автор: Дююсова Алмагуль Распековна

"Зырян қаласы № 11 орта мектебі" КММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.