Сайт учителя начальных классов
.

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Қазақстан қалалары. Өскемен қаласы

Панель 1
Панель 2
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Өскемен қаласы
Мақсаты:

1.Қазақстан Республикасы туралы білетін білімдерін қолдана отырып, қалалары туралы сөйлесу, Өскемен, Зырян қаласы туралы мәтіндермен жұмыс жүргізу, тақырыпты қайталауға байланысты тапсырмалар орындату.
2.Отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыру, тәрбиелеу.
3.Ауызша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, практикалық, сөйлесу, ойландыру, көрнекілік
Технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, модульдік технология элементтері
Көрнекіліктер: слаидтар, бағалау парағы, киіз үй
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

Тіл жаттықтыру:
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, біз сендермен қай модульді өтіп жатырмыз. «Менің- Отаным»
Отан сөзіне тағы қандай синонимдерді қолдануғаболады?
Отан- туған жер- атамекен
Ия, балалар, бұлар біртұтас ұғы - Сонымен біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан қандай мемлекет?
Сендерге үйге қандай тапсырма берілді?
І топ: «Менің Отаным» тақырыбына сөйлесу құрастыру
ІІ топ « Қазақстан табиғаты» тақырыбына сөйлесу құрастыру

Жақсы, балалар, барлықтарың сөйлесуді жақсы құрап келдіңдер деп ойлаймын.
Енді осы Қазақстан Республикасы туралы кім өз ойын толық айтып береді
Жақсы, балалар, біз сендермен Қазақстан туралы ауызша қайталап өттік, енді сендердің жазбаша сауаттылықтарыңды тексеру мақсатында сөздік диктантын өткізіп жіберейік.
Халық, рәміз, тәуелсіз, үлкен, табиғат, кең, ұлт өкілдері, өндіріс, өзен.
Бір- бірлеріңді тексеріп, бағалайсыңдар
ІІІ Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
Сонымен, балалар, өткен сабақты толық қайталап өттік. Бүгін осы «Менің Отаным» модулін жалғастырамыз.
Бүгін сабақта Қазақстан қалалары, оның ішінде Өскемен, Зырян қалалары туралы сөйлесіп, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Тапсырмаларға көшпес бұрын мынандай сұрақтарға жауап берейік:
-Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесіңдер?
-Қазақстанның бас қаласы қай қала?
-Астана қандай қала?
Астана қаласы туралы бізге қазір Настя әңгімелеп береді.
ІV Жаңа сабақ
Енді жаңа сабағымызға көшейік
Келесі тапсырмаларды орындау үшін біз мына киіз үйлерді қолданамыз. Ол үшін ең алдымен киіз үй деген не?
Бізге «Киіз үй» туралы бір оқушы әңгімелеп береді.
Жақсы, балалар, енді киіз үйлердің тапсырмасына көшейік
№1 киіз үйдің тапсырмасы: Мәтінмен жұмыс. Мәтін «Өскемен қаласы» деп аталады.
-Өскемен қай облыстың орталығы?
Жаңа сөздермен жұмыс ( 1 оқушыға оқыту)
Мәтінді оқыту, аударту, сұрақтар қою
№2 киіз үйдің тапсырмасы:
Грамматикалық тапсырма:
І топ : Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазады
ІІ топ : «қала» сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдейді

№3 киіз үйдің тапсырмасы: Өз қалаң туралы не білесіңдер?
-Біз қай қалада тұрамыз?
-Біздің қала қандай?
1 оқушы қала туралы әңгімелеп береді
№4 киіз үйдің тапсырмасы:
Мақал- мәтелдермен жұмыс: Берілген мақал- мәтелдердегі суреттің орнына сөздерді қойып толықтыру, өздері білетін мақалдарды айтқызу.
№5 киіз үйдің тапсырмасы:
« Бір сөзден көп сөз» деп аталады. Берілген сөзден кім көп сөз құрайды?
Енді осы Отан, Қазақстан туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
V Бекіту
Осымен барлық киіз үйлердің тапсырмаларын орындап біттік. Енді сабағымызды бекіте отырып мына тест сұрақтарына жауап береміз
10 сұрақ
Бірін- бірі тексереді, бағалайды.
VІ Қорытынды
Осымен балалар
Жақсы оқып мектепте,
Үнемі алда жүріңдер
Еңбектеніп талпынып,
Отанды қорғай біліңдер!
деп сабағымызды аяқтаймыз.
VІІ Бағалау
Бағалау парағына өз бағаларыңды қойыңдар, мен өз бағамды қойып қорытынды баға шығарамыз.
VІІІ Үйге тапсырма
І топ: Өскемен қаласы туралы қосымша мәліметтер жинастыру
ІІ топ: «Туған жер- алтын бесік» тақырыбына шағын шығарма жазу

ID: 1891 | Просмотров: 2309