Атадан өсиет.

  • Жүктеулер: 874
  • Көрсетілім: 2709
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 29/Ноя/2015
Сабақтың тақырыбы:Атадан өсиет.
Сабақтың мақсаты:
Негізгі мақсат: Тақырыб бойынша сөйлесе білуге жағдай жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың «ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ата-ана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық
жұмыс, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірме карточкалар.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, ән-күй
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ. Сыныпты екі топқа бөлу.
Сонымен сабағымыздың тақырыбы: Атадан өсиет
«Ата-ана» тақырыбына кластер жасау
- сөзінің мағынасын ашатын сөз тіркестер, сөйлемдер жазады, қорғайды , басқа топ бағалайды.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы
Оқушылардан таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.
1. Мақал- мәтелдерді жинап алу, аудару -бөліктің оң жағына жазады
1 топ «ал , көріп, анасын, қызын»
2 топ «ұл , өсер, көріп, әкені, өсер, көріп , қыз шешені»
2. Мағынасын ашу- бөліктің сол жағына жазады
Мақал- мәтелдер Мағынасы
1.Анасын көріп қызын ал.
2.Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.
«Фишбоун» стратегиясы
- Балалар, осы суреттерге қараймыз, бұл не?
- Дұрыс, бұл ата, әжелер қарттар үйінде.
Балалар, қазіргі кезде жастардың көбі өз ата-аналарын қарттар үйіне апарып тастайды, оларға көмектеспейді. Ол не себептен болады? Осындай жағдайға сендер қалай қарайсыңдар? Біздің мәселеміз: Балалар ата- аналарың неге қарттар үйіне апарады? 5 минуттың ішінде «Фишбоун» жасау. (Әлібек Темірханов «Ата-ана» әні )

Сөздерді аударып, бірінші әріптерін сызып, сөзді анықтап, синквэйн, синту, диаманта құрастыру. – 3 минут
1 топ – заловка, старший брат, быстро, родственники
Балдыз, аға, тез, ағайындар
бала -синквэйн
Синквейн
1 – зат есім
2 - 2 сын есім
3 - 3 етістік
4 – сөйлем, мақал - мәтел, қанатты сөз
5- синоним
2 топ – бабушка, сноха, свекровь
Әже, келін ене
әке-синту
Синту
1 – зат есім
2 - сын есім
3 бұл сөзге сезімін білдіру
4 - айтылмаған сын есімдер,
5 – синоним
3 топ- дедушка, внук, невестки
Ата, немере, абысын
ана–диаманта
Диаманта
1- 1, 7 антонимдер
2- 2 сын есім бірінші зат есімге
3- 3 етістік бірінші зат есімге
4- 4 сөз тіркесі
5- 3 етістік 2 зат есімге
6- 2 сын есім 2 зат есімге
(жұмыстарын қорғайды)
Бір оқушы шығып оның маңдайыңа стикермен «Немере» деген сөз жапсырылады.
Оқушы сұрақ қойып, ал оқушылар тек қана «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап береді.
- Дұрыс, немере деген сөз сабағымызды аяқтай отырып, біздің ата-аналарымыз немере, шөбере сүйіп, бақытты болсын!
Бағалау: топ басшылары бағалайды
Балалар, бүгінгі сабақта сендер өте белсене қатыстыңдар. Көп сұрақтарға жауап бердіңдер.Көп шығармашылық жұмыстарды атқардыңдар. Сендерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Ата- аналарыңызды сыйлаңдар, құрметтеңдер.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.

Автор: Иманбаева айнагуль Амангельдиновна

КММ " Тахтаброд орта мектебі "

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.