Сайт учителя начальных классов
.
Ә.Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы. Сөз түрлері, құрмалас сөйлемдерді қайталау ашық сабақ -

Ә.Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы. Сөз түрлері, құрмалас сөйлемдерді қайталау ашық сабақ

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 951 | Просмотров: 4670 | Размер: 6.51 Mb | Автор: айтбала
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы. Сөз түрлері, құрмалас сөйлемдерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1\ оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсіп, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат жасау;
2\оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
3\өнерге және өнер адамдарына құрмет көрсетуге, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуына, еліміздің білікті азаматы болуына, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, тарих .
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, мұражайдағы суреттері
Сабаққа дейінгі психологиялық жаттығу.

Презентация№1

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Күрделі сөздерді 3 топқа бөліп жаз.
Қора – қора, ақсақал, қарын – қарын, темірқазық , түйе – түйе, соқыртеке, ауыл – ауыл, жолсерік, буып – түйдік, үнтаспа, ыдыс – аяқтар, итмұрын, жеделхат, айқыш – үйқыш, бүгін, бес - он, қолғап, Төлқұжат, ойдым – ойдым, саз – батпақ, бағдаршам, тұра – тұра, отбасы әлсін - әлсін.
Алдар көсе қоржынынан сұрақтар.
Мұражай туралы үй тапсырмасын тексеру
Мұражай деген сөздің мағынасын түсіндір.
Мұражайдың қандай түрлерін білесің?
Сенің қалаңда қандай мұражайлар бар?
Әбілхан Қастеев деген кім?
Әбілхан Қастеевтың қандай жұмыстарын білесің?
Әбілхан Қастеев кімнің оқушысы?
Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?
Мұражай қандай іспен айналысатын мекеме?
Қазақ әйел суретшілерін білесің бе?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы». Бүгін біз осы мұражайға саяхат жасаймыз.
1. Сөздікпен жұмыс
Шолпы - подвески; серебряные украшения, подвешиваемые к женской косе
Өңіржиек - нагрудное украшение женщин
Білезік - браслет
Құдағи жүзік - перстень для свахи
Текемет - большая кошма с узорами
Сырмақ - вышитая кошма
Сандыққап - красочный войлочный чехол для сундука
Ер - седло
Торсық - бурдюк (посуда из кожи для хранения и перевозки жидкостей)
Шым ши - разноцветный чий , песчаный тростник
Кебеже -деревянный сундук для хранения продуктов посуды

2. Ойын «Сиқырлы қалам». Шолпы деген сөзден сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

3. Виртуалды мұражай

IV. Мәтінмен жұмыс
- мәтінді оқып шығу
Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы
Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1935 жылы құрылды. Мұражай 21.500-ге жуық экспонат бар. Мұражай өте бай қорға ие. Бұл жерде көрермен Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы көп мәлімет алады.
Мұражай 12 залдан тұрады.
1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған.
2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Қалың малға сатылған қалыңдық”, “Жас Абай”, “Түркісіб” т.б. шығармалар қойылған.
3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. Экспозицияға тақыр, түкті кілемдердің неше түрлері қойылған. Зергерлік өнер түрлері өңіржиек, шолпылар, т.б. көркемдігімен экспозицияны байытып тұр.
4,5,6,7-ші залдарында Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, И.Иткиннің, С.Калмыковтың т.б суретшілердің шығармалары орын алды.
8-ші зал Қазақстан графикасына арналған.
9, 10-шы залдарда 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне және Батыс Еуропа өнеріне арналған.
11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар.
12-зал шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады.
Бүгінде Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
- Ә. Қастеев мұражайы қашан құрылған?
- Бұл мұражайда қанша экспонат бар?
- Мұражайдың неше зал бар?
- Ә.Қастеевтің шығармалары қай залда орын алған?
- Зергерлік өнер түрлерін қай залда тамашаладыңыздар?
Сіздерге бұл мұражай ұнады ма? Қай залын көргілеріңіз келеді?
V. Жаттығулармен жұмыс.
Мен Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына бардым.
Қандай сөйлем? Түрлеріне ажырату. Құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.
V I. Бекіту
Тест сұрақтарға жауап беру
1. Ә.Қастеевтың туған жылы
А) 1854
Ә) 1958
Б) 1904
2. Ә. Қастеевтың ұстазы
А) Ш.Уәлиханов
Ә) Н.Хлудов
Б) Н.Крутильников
3. Ә.Қастеевтың атындағы мұражай қашан ашылды?
А) 1935
Ә) 1936
Б) 1937
4. Ә.Қастеевтың шығармасы
А) «Абай жолы», «Ескендір»
Ә) «Шопан», «Менің ауылым»
Б) «Жас Абай», «Түркісіб»
5. Бұл қандай сөйлем: Бесікке баланы бөлейді, өйткені бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.
А) жай сөйлем
Ә) сабақтас құрмалас сөйлем
Б) салалас құрмалас сөйлем
6. Қайталама сөзді табыңыз
А) балапандар
Ә) бала-шаға
Б) сап-сары
7. Біріккен сөзді табыңыз
А) тазалық
Ә) мүсінші
Б) күздігүні
VII. Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма:
1. Жаңа сөздермен құрмалас сөйлем құру
Мәтінді әңгімелеу
Бағалау.
Рефлексия

ID: 1620 | Просмотров: 4670