"Ас-адамның арқауы"

  • Жүктеулер: 747
  • Көрсетілім: 2094
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 12/Окт/2015
Сабақтың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы»
Мақсаты:

«Ас- адамның арқауы» тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарды қайталайды, алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында пайдаланады, сауатты жазу, сөйлеу қабілеттерін дамытады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақтың міндеттері:
- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айту, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру
- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту
- Топтық жұмыстар арқылы қарым- қатынас мәдениетіне, сыйластыққа, әдептілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу
Түйінді идеясы: Ұлттық тағам түрлері, оның адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық тағамдар туралы біле отырып, ауызша және жазбаша сөйлеу тілдері дамиды, шығармашылық қабілеттері артады, өз беттерімен білім алу дағдылары жетіледі.
Сілтеме: Орта мерзімді жоспар
Дереккөздер, құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, түсті қарындаш, фломастерлер, бағалау парақтары, бағдаршам түстері
Әдіс-тәсілдер:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Кластер», «Синквейн», «ДЖИКСО», «Айналмалы сұрақтар»
Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар
Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Ұйымдастыру
Сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу.
Тағам атаулары жазылған үлестірмелі қағаздар тарату, тағам түрлеріне байланысты топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау, бағалау критерийлерімен таныстыру., топ ережесін қайталап өту.
І топ: Ет тағамдары
ІІ топ: Сүт тағамдары
ІІІ топ: Нан тағамдары
Тақтада жазылған «Ас- адамның арқауы» мақалын оқыта отырып, сабақтың мақсат, міндеттерін анықтату.
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Тапсырмаларды орындау барысында «Бағдаршамды» қолданады.
1-тапсырма:
Мақалда берілген «Ас» сөзінің синонимін тапқызу, сол сөздермен байланысты сөздерді еске түсіре отырып, Әр топ «Кластер» құрастырады, қорғайды:
І топ: «Ас» ІІ топ: «Тағам» ІІІ топ: «Дәм»
2-тапсырма: Әр топ осы берілген сөздермен «Синквейн» құрастырады
1.Сөз
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Сөйлем
5. Қорытынды сөз
3-тапсырма: Әр топ таңдап алынған тақырыптар бойынша жұптаса отырып, диалог құрастырады.
Диалог тақырыптары: «Ұлттық тағамдар», «Дәмханада», «Дастарқан жасау»
4-тапсырма: Мәтінмен жұмыс «ДЖИКСО» әдісі қолданылады.
Мәтін бөліктерін оқу, топтар бір-біріне түсіндіреді, талдайды, сұрақтарға жауап береді.
5-тапсырма: Ойын «Ең мықты аспаз»
Әр топ өздері таңдап алған қағазда жазылған тағам түрінің дайындалу әдісін, құрамын постерге түсіріп, қорғайды.
Топтарға ұсынылатын тағам атаулары: «Қуырдақ», «Қазақша ет», «Наурызкөже»
6-тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар
Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар түстер бойынша қайта топқа бөлінеді.
Жасыл түс- жоғарғы деңгейлі тапсырма: «Ас- адамның арқауы» 5 минуттық эссе жазу.
Сары түс- орта деңгейлі тапсырма: Ас туралы берілген мақал –мәтелдерді орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендіру, мағынасын түсіндіру.
Қызыл түс- төмен деңгейлі тапсырма: «Бір сөзден көп сөз»
«Қонақжайлылық» сөзінен сөздер құрастыру.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
Ас, тағам туралы айтқанда қазақ халқының дастарқан батасына да ерекше мән бергендігін айта отырып, бір оқушыға дастарқанға берілетін бата түрін айтқызу.
Бағалау
Топ басшысының бағасын тыңдау, мұғалімнің қорытынды бағасын айту.
Кері байланыс
Сабақ туралы пікір, тілектерін жазғызып, «Бағалау ағашына» жапсырту.

Автор: Бакижанова Гүлназ Бауржановна

Шығыс Қазақстан облысы «Зырян қаласының №11 орта мектебі» КММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.