Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Анықтауышты сатылай кешенді талдау
[ Сайттан жүктеу (26.8Kb) ] 24.11.2015, 00:04

Материалдың жеке номері 2162

Анықтауышты сатылай кешенді талдау

загрузка...
Сабақтың тақырыбы:Анықтауышты сатылай кешенді талдау
Сабақтың мақсаты:
-Анықтауышты сатылай кешенді талдауды меңгере отырып,сөйлем
мүшелері туралы оқушылар білімдерін жинақтау;
-Грамматикалық талдау түрлерін жүйелі жүргізу дағдыларын жетілдіру;
-Ақын Қ.Жұмағалиев пен көрнекті әнші-композитор М. Омаровтың «Анашым» әнімен таныстыру арқылы оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Н.А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы»
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, математика, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Сатылай кешенді талдаудың сызба кестелері, ақын Қ.Жұмағалиев және «Анашым» әніне байланысты бейнетаспалар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.
«Күш –бірлікте» тақырыбында мұғалім әңгімесі тыңдалады.
-Есік алдындағы қалың түскен қарды арырақ күреп тастайық. Күн
жылыса, былғаныш болар, -деді тәрбиеші апай.
-Осынша қалың қарды қалай күреп бітіреміз, -деп күбірлесті балалар алғашқыда. Жабылып келіп кірісіп еді, қалай біткендерін өздері де байқамай қалды. Тәрбиеші тұрып осы орайда бір мақал айтты? Ол не деген мақал?
(Оқушылар жауаптары тыңдалады)
-Ендеше, балалар, бүгін біз де барлығымыз бір кісідей жұмылып, ынтымақтаса жұмыстанайық. Іске сәт!
II.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел тұрады,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергін, -дегендей, бүгінгі сабақта өткенді пысықтап, сатылай кешенді талдау арқылы білімізді жинақтаймыз, жүйелейміз.
«Ес –ақылдың қоймасы» деп текке айтылмаса керек. Ендеше, қазақ тілі және факультатив сабақтарында өткен тақырыптарды еске түсірелік.
«. Ойлан. Жұптас. Бөліс».
Әр жұп 1 үлестірме қағаздан алады. Ондағы сұраққа жұптасып жауап іздеп, ойларын жеткізеді. (1 минут)
Экранға назар аударамыз. Тақтағы сұрақтар ретімен жұптардың жауабын тыңдалық. (Сыныпта 23 оқушы болғандықтан 12 сұрақ дайындалды)
- Сөз тіркесі дегеніміз не? Сөз тіркесінің ұйытқысы...
- Сөз тіркесінің түрлері. Ол қалай анықталады?
- Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін атаңдар.
- Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар.
- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем түрлерін атаңдар.
- Хабарлайтын ойды жеткізу тәсілдері.
- Деректі нақты білу мақсатында қойылатын сұрақ түрлері.
- Бұйрықты сөйлемнің мағыналары.
- Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің құрамдық түрлері.
- Тұрлаулы мүшелер, түрлері.
- Тұрлаусыз мүшелер, оның түрлері.
(Әр жұптың жауаптары тыңдалып, оқушылар бір-бірлерін толықтырады. «От шашу» бағалауы жүргізіледі)
III. Практикалық бөлім.
Біздің бүгінгі сабағымыз әдеттегідей «Даналықтан ойдан дән ізде!» ұстанымымен өткізіледі.
Балалар, экранға назар аударуыңызды сұраймын.
(Бейнеролик көрсетіледі)
Бейнероликте:
Мен енді босқа уақыт оздырмайын,
Бекерге жоқты-барды сөз қылмайын.
Үстелге отырайын қалам алып,
Жұмыс бұл тауысатын көздің майын.
Ақынның заман артқан жүгін білсе,
Арман не.
Кеше жылап,
Бүгін күлсе.
Ешқашан үміт үзбес ертеңінен
Харамдар сүріндірсе, түңілдірсе,
Сырласып алғаннан соң қаламымен
Қуантып елді әрбір қадамымен
Мың шүкір дейді
Жаббар иесіне
Бұйыртқан баба сыйы – даланы кең, -деген өлең жолдары оқылып, көрнекті жерлес ақын Қайрат Жұмағалиевтің портреті шығады.
-Бұл өлең жолдарының авторы кім екен?
-Осы шумақтардың мазмұнынан сіздер қандай ой түйдіңіз? Ақын аға туралы не айта аласыз, не білдіңіз?
(Оқушылар пікірлері тыңдалады)
Осы орайда ұлы Абай атамыздың «Естілердің есті сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де есті болады» деген ұлағатты сөзі де ойға оралады. Бүгінгі сабақтағы ойлы, ұлағатты, даналық сөздер Қайрат ағамыздың шығармашылығындағы бір өлеңімен байланысты болады. Тағы да назарларыңызды экранға аударыңызды сұраймын
(Бейнероликтен оқушылар ақын Қ.Жұмағалиевтің «Анашым» өлеңін кімге арналған, оны әнші-композитор М.Омаровтың әнге айналдыру тарихымен танысады)
-Балалар, бұл ән бәрімізге таныс, ыстық, танымал. Алайда қосымша жақсы мәлімет алдық деген ойдамын. Енді алдарыңыздағы осы өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Анықтауышты сатылай кешенді талдау.
Лексикалық тақырып: «Ана –өмір гүлі, ұлылық иесі»
IV.Практикалық бөлім.
1. Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау талдау
1) Бәйгеге сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме
беріңдер.
2) Тұлпарыңмын сөзіндегі дауыссыз дыбыстарды айтылу (жасалу) тәсілінежәне жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай талдаңдар.
2. Фонологиялық талдау
Берілетін сөздер: адамдар, жүрегім
3. Сөзжасамдық бірліктерді сатылай кешенді талдау.
Берілетін сөздер: іргетас, ата-ана.
4. Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Берілетін сөздер:өмірдің, ешқашан
5. Синтаксистік бірліктерді сатылай кешенді талдау.
1. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
2. Өмірдің іргетасы аналардың қолымен қаланады.
3. Жүрегім жыр толғайды.
4.Ана тәрбиесі –қызға үлгі.
5. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
6. Сыйынар ем ана деген тәңірге.
«Жыр жазамын жүрегіммен...»
(балалар берілген ұйқасқа өлең шумақтарын құрастырады)
1) ------------------------------- бала үшін,
------------------------------- баласын.
------------------------------ мәңгілік,
------------------------------ Аналар!
2) --------------------------- тірегім,
-------------------------- тіледім.
-------------------------- қашанда
-------------------------- жүрегім.
3)Мәнерлеп оқу
Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді… (М. Мақатаев)

Рефлексия.(Есту бар, білу бар, түсіну бар, қорыту бар)
«Табыс ағашы»
Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып, табыс ағашына жапсырады.

«Анашым» әні орындалады.

Бердигалиева Раухан Жылкыбаева,
Орал қаласының білім беру бөлімі Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
loading...

Автор: Бердигалиева Раухан Жылкыбаевна

БҚО, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: BERDIGALIYEVA_RAUXAN
Көрсетілім: 1047 | Жүктеулер: 472 | Пікірлер: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 1
avatar
1 zhamila-1976 • 10:59, 28.11.2015
Сатылай кешенді талдау бағытындағы сабақтар іздеу үстіндемін. Бастауыш сыныптарға да пайдаланған жақсы екен. Тағы болса жіберсеңіз.Рахмет
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 17
Қонақтар: 17
Тіркелгендер: 0