Сайт учителя начальных классов
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі
Абдалимова Балхия Батыровна

Алтын күз
Зал күздің белгісін білдіретін көрініспен, жапырақтармен, шарлармен безендірілген. Мереке басталарда Күз туралы ән айтылып тұрады.

Жүргізуші:
Қайтқан құсты көрдіңбе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдіңбе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Қамба талды астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыз дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.
Е.Елубаев
Құрметті балалар, қонақтар, ата – аналар ұжымы!
Бүгін міне көптен күткен мерекеміз «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ән: «Балапан»
Олай болса, енді балаларымыздың өлең шумақтарын тамашалаңыздар.
1 – оқушы:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан – алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
2 – оқушы:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады жарқын күз.
Сайраңдадық, күліп – ойнап,
Кеді, міне, алтын күз.
3 – оқушы:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақта жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
4 – оқушы:
Самал қозғап қалғанда
Үзіледі сары алма
Шалып едім бақшаны
Қауын біткен сап – сары.
5 – оқушы:
Көрінеді шалғайда
Бел – белестер сарғайған
Сары жапырақ төгілген
Толғайды да кірдім мен.
Музыка әуенімен залға күз ханшайымы кіреді:

Күз:
Сәлем өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Молшылыққа киеліп,
Шаттықпен ән салыңдар.

Би: «Орыс халық биі»
Күз: рахмет, балалар өнерлеріңе.
Ризамын өнершіл, өреніме! – деп ризалығын білдіреді.
Жүргізуші: Рахмет сізге Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге айтамын деген тағы да өлең шумақтары бар. Соны тамашалаңыз.
6 –оқушы:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келді жар салып,
Күзгі суық басталды.
7 – оқушы:
Тамсандырып таңдайды,
Жеміс – жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түседі.
8 – оқушы:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Ән орындалады: «Апорт деген тәтті алма»
Күз аруы: Балалар мен сендердің әндеріңді, өлеңдеріңді тыңдадым. Көріктеріңе ақылдарың сай бүлдіршіндер екенсіңдер. Менде құр қол келген жоқпын, орманнан өтіп едім жапырақтар саудырап түсті.
Өздері әр түрлі көптігі сондай жинай алмай қалдым.
Жүргізуші: қорықпа. Алтын күз: Біздің балалар қазір сіздерге көмектеседі. Қане балалар, «Алтын күзге» жапырақтарын жинауға көмектесейікші.
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Жүргізуші: «Алытн күз» біздің сізге арнаған тағы да өлең шумақтары бар соны да тыңдаңыз.
9 - оқушы:
Көк майса көрікті
Алқаптағы көп көбін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

10 – оқушы:
Өрік, шие, балы бар
Қарбыз, қауын көбейді.
Жегің келсе, бәрін ал
Неге аласың демейді.
11 – оқушы:
Оқушылар сағынып
Оралады мектепке
Құстар жатыр асығып,
Жылы жаққа кетпекке.
12 – оқушы:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырайды жарқын жүз,
Сайраңдадық күліп – ойнап,
Келді, міне алтын күз.
13 – оқушы:
Алтын – дала сәулеті
Астық – Отан дәулеті
Біздің дала – бай дала
Астық дала айнала.
Жүргізуші: Ән орындалады. «Алатаудың бауырында»
Жүргізші: Құрметті балалар, ата – аналар біз сіздерге арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге келіп тыңдағандарыңызға рахметімізді айтамыз.
Хош сау болыңыздар!

ID: 2297 | Просмотров: 5183