Қайталау сабағы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 1848
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2015
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
-Сатылай кешенді талдау түрлерін қайталау арқылы тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис салалары бойынша оқушылар білімдерін жинақтау;
-Грамматикалық талдау түрлерін жүйелі жүргізу дағдыларын жетілдіру;
-«Киіз үйге байланысты ұғымдар» туралы мәтінмен жұмыс істеу, мақал-мәтелдерді талдау, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмысымен таныстыру арқылы оқушыларды қасиетті қара шаңырақтың, атамекеннің, ел рәміздерінің қадірін сезінуге, аялай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу..
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Н.А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Сатылай кешенді талдаудың сызба кестелері, киіз үй, оның бөліктері, Елтаңба бейнеленген слайдтар және байланысты «Ғажайып туынды» бейнетаспасы

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың жалпы дайындығы анықталады. 6,10-сынып оқушыларының сабаққа қатыстырылу мақсаты түсіндіріледі.
II. Оқушыларды сабаққа бейімдеу. Сабақтың әнұраны орындалады.

Қазақ тілі
Тарихтың тал бесігі тербеледі,
Жылдар жылжып, ғасырлар дөңгеледі.
Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,
Қасиетті ана тілі дем береді.
Қайырмасы:
Қазақ тілім, қазақ тілім, ана тілім,
Көркейе бер, көктей бер, дана тілім!
Түркі тілдес тілдердің тәңірісің,
Ана тілі қазағымның тамырысың.
Гүлденерсің әлә де түрленерсің,
Сен мәңгісің, осыны бәрі білсін!
Қайырмасы:
Қазақ тілім, қазақ тілім, ана тілім,
Көркейе бер, көктей бер, дана тілім!

Сабақтың айдары айтылады: «Даналықтан ойдан дән ізде!»

III. Практикалық бөлім.
Балалар, біз сатылай кешенді талдаудың түрлерін білеміз. «Күш –білімде» дегендей, бүгінгі сабағымызда талдау түрлерін қайталай отырып, бар біліміміз бен білігімізді көрсетеміз деген ойдамын. Алдымен мына бір жұмбақтың шешуін тапсаңыздар деймін.
Жұмбақ
Төбедегi көзiнен
Күн сәулесi түседi
Бұрышы жоқ төрiнен
Самал еркiн еседi. (Киіз үй)
Мұғалім: -Ендеше, балалар «Ғажайып туынды» тақырыбындағы бейнетаспаға назар аударалық
(Киіз үй туралы, оның ғажайып туынды екендігі туралы тыңдалады)
Мұғалім: Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні барқағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ -киелі мүлік. Шаңыраққа байланысты мына даналық ойлардың мағынасын өздерің түсіндіріп өрбітсеңдер деймін
Шаңырағың биік болсын!
Шаңыраққа қара!
(Оқушылар пікірі тыңдалады, слайд-суреттер көрсетіледі))

I. Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау талдау.
6-сынып оқушылары дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береді. Берілетін сөздер: шаңырағың, биік .
10-сынып оқушылары осы талдауды жалғастырып, дауыссыз дыбыстардың айтылу (жасалу) тәсіліне және жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай талдайды. . Берілетін сөздер: шаңырағың
Мұғалім: Кереге мен туырлыққа байланысты даналық сөздер де көп. Бұл сөзді кім айтқан еді? Неге айтқан еді?
Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім,
Керегесін кескілепп, отын етсем деп едім.
6-сынып оқушылары сөздегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектейді. Берілген сөз: тоқым етсем
10-сынып оқушылары дыбыстарды белгісіздікпен өрнектеу, теңдеуді шешу, дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау. Берілетін сөздер:керегесін кескілеп.
Мұғалім: Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. Киіз үйдің есігіне байланысты айтылатын ұғымдар өте көп. Жас әйел түндігін ертерек ашса, оның шаруақор, пысық екендігі көрінеді.Салақ, жалқау әйелдерді «түндігі кеш ашылатын келін» деп теңейді.
Түндігің түтінді болсын!
Босағаны керме, табалдырықты баспа!
Алтын да менің босағам,
аттап та шығам деп пе едім.»
Фонологиялық талдау.
6-сынып оқушылары берілген сөздерге фонологиялық талдау жасайды: Босағаны, түндігің
10-сынып оқушылары Фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен өрнектеу. Берілетін сөздер:алтын босағам
Фонологиялық талдауды қысқаша ықшамдау принципімен өрнектеу. Берілетін сөздер: табалдырықты баспа
Мұғалім: Сол сияқты от басында, ошақ қасында, үй орнындай,
кереге бойында, есік пен төрдей, ат орнындай, іргесін бөлек салды деген өлшемдер мен теңеулер –осы киіз үйге байланысты айтылған сөз тіркестері. Қазақстанның кең даласында киіз үй мен оның жеке құрамындарына ұқсастырып қойылған жер атаулары да көп. Мысалы: Ордабасы, Керегетас, Ақ отау, Шаңырақ, Босаға, Қызылорда.
(Слайд көрсетіледі)

II. Сөзжасамдық бірліктерді сатылай кешенді талдау.
6-сынып оқушылары: Берілетін сөздер: Қызылорда, киіз үй
Мұғалім:
Елбасының тапсырмасы бойынша көрмеден кейін ЭКСПО–2017-ге арналып салынған ғимараттар бос қалмай, халықтың кәдесіне жарауы тиіс

III. Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Берілетін сөздер: екі мың он жетінші, ғимараттар .

Сергіту сәті. «Қара жорға» биінің ырғақтары (1 минут)

Y. Синтаксистік бірліктерді сатылай кешенді талдау.
Жай және құрмалас сөйлемдерге сатылай кешенді талдау.
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
2. Іргесі берік елді жау ала алмас,
Ауызы бір елді дау ала алмас.
IY. Қорытындылау.

Автор: Бердигалиева Раухан Жылкыбаевна

Орал қаласындағы а.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.