Қазақ тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Қазақ тілінен ашық сабақтар

Абайдың мұражай – үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
[ Сайттан жүктеу (59.5Kb) ] 26.05.2015, 18:55

Материалдың жеке номері 1659

Абайдың мұражай – үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау.

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
(9-сынып)

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай- үйі туралы толық мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлем және олардың түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлем түрлерін бір – бірінен және жай сөйлемнен ажырата білуге жаттықтыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Жаңа мәтіндер, интернет қорынан алынған ақпараттар арқылы білім негіздерін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту. Абай туралы білетін білімдерін жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету.

2. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, тақырыпқа байланысты өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру; рухани – эстетикалық талғамын дамыту

3. Тәрбиелік: бүкіл әлемге танымал ұлы ақынның өмірімен таныса отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, жұппен, топпен жұмыс.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, бейнефильм ,слайдтар, тірек – сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
в) Сабақтың барысын айту.
г) Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

Мұражай

Грамматикалық жаттығу.

Мұражай

1 –топ «Салалас» 2 –топ «Сабақтас» 3 –топ «Аралас»
фонетикалық талдау септеу көптеу

Үй тапсырмасының орындалу барысы түсіндіріледі.
Үй жұмысын қорытындылау әрі жаңа сабаққа оқушылар көтеріңкі көңілмен ену үшін, оқушыларға кеспе қағаздары беріледі.

Біліммен ой сергіту.
1 – кеспе.
1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады. (кемінде екі)
2 – кеспе.
1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.
3– кеспе.
1.Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?
4 – кеспе.
1.Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не?
5 – кеспе.
1.Сабақтас құрмаластың түрлерін ата?

ІІI. Грамматикалық жаттығу.

Мұражай

1 –топ «Салалас» 2 –топ «Сабақтас» 3 –топ «Аралас»
фонетикалық талдау септеу көптеу

І. Абай туралы не білеміз? / Оқушылар Абай туралы не білетінін айтады, мұғалім тақтаға жазады/

Осы айтылғандарды мынандай топқа жіктейік

өміріне байланысты шығармашылығы заттары


Мұғалім осы топтарда жазылған сөздер бойынша оқушылардың Абай тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды
 Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
 Абайдың туындыларын ата
 Абайдан қалған мүлік, заттар бар ма ? Бар болса, оларды қайдан көруге болады?

IІІ. Жақсы , балалар, дұрыс айтасыңдар Абайдан қалған мүлік, заттарды мұражайлардан көруге болады.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Абайдың мұражай – үйі.
IV.Мәтінмен жұмыс.

Абайдың мұражай-үйі
Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі – ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай-үйіне айналды.
Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол-терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіреберісте – қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын тұр. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.
Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі – суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И.Долгополовтың суреттері бар.
Мұражайдың температурасы жазы, қысы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.
/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

3. Дәптермен жұмыс. Сөйлем мүшесіне талдау .
1.Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізді.
2. Оқулықтың 98- бетін ашып, мәтінді оқып шығып, қандай сөздер сендерге түсініксіз?
/ оқушылар топта жұмыс істейді/ Бірлесе отырып, жаңа сөздерді айқындаймыз.
Замандастар – современники
Пішіні – форма
Дәліз- коридор
Кіреберіс- прихожая
Өлкетану- краеведческий
а).Сөздердің жасалу жолына тоқталу. Сөз құрамына талдау.
б).Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем не сөз тіркесін құру
Асадал, кебеже, қазанаспа, самаурын- деген сөздердің мағынасын, көнерген сөздер екенін мұғалім түсіндіріп, суреттерін көрсете кетеді.
Көнерген сөздер:
Асадал- ыдыс салатын шкаф
Кебеже- тамақ салатын шкаф

1.Интербелсенді тақтадан бейне фильм көру. «Абайдың мұражай-үйі».
2. Оқулықтың 98- бетін ашып, мәтінді оқып шығып, қандай сөздер сендерге түсініксіз?
/ оқушылар топта жұмыс істейді/ Бірлесе отырып, жаңа сөздерді айқындаймыз.
Замандастар – современники
Пішіні – форма
Дәліз- коридор
Кіреберіс- прихожая
Өлкетану- краеведческий
а).Сөздердің жасалу жолына тоқталу. Сөз құрамына талдау.
б).Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем не сөз тіркесін құру
Асадал, кебеже, қазанаспа, самаурын- деген сөздердің мағынасын, көнерген сөздер екенін мұғалім түсіндіріп, суреттерін көрсете кетеді.
Көнерген сөздер:
Асадал- ыдыс салатын шкаф
Кебеже- тамақ салатын шкаф

2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.
/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

3. Дәптермен жұмыс. Сөйлем мүшесіне талдау .
1.Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізді.

Білімді шыңдау.
Тақтамен жұмыс.
1. Не ексең, соны ...............
2. Мезгіл ............, мұз ерір.
3. Ақылың болса, сөз ...........
4. Ойнап айтсаң да, ............. айт.
5. Сөз жүйесін тапса, мал ............. табар.
6. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп .............
7. Сын түзелмей, .......... түзелмейді.
8. Ер басына күн туса, ........ су кешер.
Ел басына күн туса, .......... су ішер.

Білімді бекіту.
Сонымен, балалар, сабақтас құрмалас сөйлемді толық меңгердіңдер ме? Венн диограммасы арқылы алған білімдеріңді байқаймыз.

Мұғалімнің сөзі:

Абай мұрасы- қазақ халқының қазынасы. Замандар ауысар, біреулер келер, біреулер кетер бұл өмірге, бірақ қазақ халқы, тіпті бүкіл әлем үшін Абай есімі мәңгілік. Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:

«.....Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс». Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. /

Әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөздері жазылған қағаз үлестіріледі.
Үйге тапсырма : Семейдегі Абай мұражайы туралы мәлімет жинау.
Бағалау.
loading...

Автор: Қадыр Айжан Қадырқызы

Қарағанды қаласы №46 жалпы білім беретін орта мектеп

Бөлім: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Қосты: Қадыр
Көрсетілім: 1024 | Жүктеулер: 537 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 60
Қонақтар: 59
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина