Сайт учителя начальных классов
.
Стандартты типтердің сипатталуы.Өрнектер және олардың жазылуы. -

Стандартты типтердің сипатталуы.Өрнектер және олардың жазылуы.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 1278 | Просмотров: 3561 | Размер: 99.0 Kb | Автор:
Сабақтың тақырыбы: Стандартты типтердің сипатталуы.Өрнектер және олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаттары:
а) білімдік: Стандартты типтердің сипатталуын, өрнектердің жазылуымен таныстыру және оларды программа жазу кезінде қолдануды үйрету.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты ұнемдеуге тәрбиелеу
б) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: компьютер, кітаппен жұмыс.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру
Өткен сабақты пысықтау
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақ
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ..., атауn: тип:
мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte …
Бүтін типке мынадай амалдар қолданылады: +, -, *, /, div,mod. Төмендегі кестеде осы операциялар және солардың операторлары мен нәтижелерінің типтері келтірілген.
Арифметикалық амалдар

Белгілер Операциялар Операндтар типі Нәтиже типі
+ қосу екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты бүтін, нақты
- азайту екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты бүтін, нақты
* Көбейту екеуі бүтін немесе екеуінің біреуі нақты бүтін, нақты
/ бөлу бүтін немесе нақты нақты
div бүтін бөлу бүтін бүтін
mod бүтін қалдық бүтін бүтін

Қосу, азайьу, көбейту, бөлу амалдары кәдімгі математикадағыдай орындалады, ал қалған екі амалға мысал келтірейік.
5 div 2 = 2 5 mod 2 = 1
8 div 3 = 2 8 mod 3 = 2
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
abs(x) - бүтін х санының абсолют шамасы;
sgr(x) – бүтін х санының квадраты;
trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі (нәтиже дөңгелектенбейді), мысалы, trunc(52.9) = 52;
round(x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді, мысалы: round(x) = round(x + 0,5),x > = 0, round(x + 0,5), x < = 0;
succ(x) – х – тан кейінгі бүтін санды береді, мысалы: succ(5) = 6;
pred(x) – х - тың алдындағы бүтін санды береді, мысалы: pred(5) = 4.
Нақты тип. Нақты типтегі мәндерді қабылдайтын атаулардың сипатталуы:
атау1, атау2, ..., атауn: тип;
мұндағы тип орнында нақты типті көрсететін түйінді сөздердің бірі жазылады, мысалы: real, single, …
Жоғарыда айтылғандай бұл типтерге жадтан сәйкесінше 5 және 4 байттан орын қажет болады. Егер деректер мәні жоғарғы шектен асып кетсе, онда программаның орындалуы тоқтатылады. Да қате туралы хабар шығады. Ал төменгі шектен төмен болса, онда айнымалы атауына нөл мәні меншіктеледі де программа орындала береді.
Нақты типтегі шамаларға (+) қосу, (-) азайту, (*) көбейту, (/) бөлу амалдары қолданылады. Бұл амалдарда операндтар (аргументтер) бүтін сан болуы да мүмкін, бірақ нәтиже әрқашанда нақты сан болады, мысалы: 5/2 =2.5, 12/6 = 2.0.
Төмендегі стандартты функциялар тек нақты мәндер береді.
sin(x), cos(x), arctan(x), ln(x), exp(x), sqrt(x). Ал егер х саны нақты болса, онда abs(x) және sqr(x) функциялары да нақты мән береді.
Логикалық тип. Бұл типтегі атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ..., атау n: boolean
Логикалық шамалар true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің бірін ғана қабылдайды.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады:
and – (ЖӘНЕ ), or – (НЕМЕСЕ), not – (ЕМЕС), xor – (арифметикалық НЕМЕСЕ).
Бүтін сандарға not, or, shr, and, xor амалдарын қолдану биттерге амалдар қолдану болып табылады.
NOT амалы. Бұл амалды пайдаланғанда әр битті 1 – ден 0 – ге, ал 0 – ді 1 – ге алмастырады, мысалы ондық кодта not 12 = - 13, ал сәйкес екілік кодта:
not 0000000000000110 = 1111111111111001.
AND (ЖӘНЕ) операциясы төмендегі ақиқаттық кестесіне сәйкес операндтардың (сандардың) логикалық көбейтіндісін табады:
1 AND 1 = 1 1 AND 0 = 0
0 AND 1 = 0 0 AND 0 = 0
Операндтар ондық түрде жазылады, бірақ орындалғанда олар екілік түрге түрлендіріледі. Нәтижесі ондық түрде көрсетіледі.
OR (НЕМЕСЕ) операциясы төмендегі ақиқаттық кестесіне сәйкес операндтардың (сандардың) логикалық қосындысын табады:
1 OR 1 = 1 1 OR 0 = 1
0 OR 1 = 1 0 OR 0 = 0
Операндтар мен нәтиже ондық түрде жазылады, бірақ орындалар кезде екілік түрде түрлендіріледі.
XOR (аралас НЕМЕСЕ) операциясы төмендегі ақиқаттық кестесіне сәйкес операндтардың (сандардың) қосындысын анықтайды.
1 XOR 1 = 1 1 XOR 0 = 1
0 XOR 1 = 1 0 XOR 0 = 0
Нәтижесі ондық түрде түрлендіріледі.
SNL амалы. Бұл амал екілік кодта жазылған санды көрсетілген разрядтар санына солға жылжытады, мысалы:
128 shl 3 = 1024, себебі
12810 = 27 = 100000002 бұл санды солға 3 орынға жылжытсақ, соңына 3 нөл қосылады, сонда ол 100000000002 болып шығады, яғни бұл сан 210 = 1024 – ке сәйкес келеді.
00000000100000000 = 0000010000000000.
SHR амалы. Екілік кодта жазылған санды көрсетілген разрядтар санына оңға жылжытады, мысалы: 1024 shr
3 = 128(0000010000000000 = 0000000010000000).
true and true = true (1 and 1 = 1)
true and false = false (1 and 0 = 0)
false and true = false (0 and 1 = 0)
false and false = false (0 and 0 = 0)
15 and 12 = 12 (1111 and 1100 = 1100)
true or true = true (1 or 1 = 1)
true or false = true (1 or 0 = 1)
false or true = true (0 or 1 =1)
false or false = false (0 or 0 = 0)
15 or 12 = 15 (1111 or 1100 = 1111)
not true = false
not false = true
1 xor 1 = 0; 1 xor 0 = 1; 0 xor 1 = 1; 0 xor 0 = 0;
15 xor 12 = 3; (1111 xor 1100 = 0011).
Логикалық шамаларға бір ғана стандартты функция odd(x) қолданылады. Егер х саны тақ болса, онда оның мәні true, ал жұп болса, онда false болады.
Символдық тип. Символдық типтегі шамалар былай сипатталады:
атау1, атау2, ..., атауn: char;
Символдық шамаларға төмендегі стандартты функциялар қолданылады:
ord(x) – х – тің символының реттік нөмірін (кодын) береді, мысалы: ord(‘?’) = 63, ord(‘5’) = 53;
chr(x) – х –тің реттік нөміріне сәйкес символды береді, мысалы: chr(53) = 5, chr(73) = 1;
pred(x) – х символының алдындағы символды береді, мысалы: pred(‘M’) = ‘L’;
succ(x) – [х символынан кейінгі символды береді, мысалы: succ(‘M’) = ‘N’.
Жоғарыда келтірілген стандартты функциялар олардың мәндерін автоматты түрде тез есептеуге мүмкіндік береді.
Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5 + 7 *х)/1.8; (sin(x) + 5 * cos(2 + х))/ln (x); т.б.
Төменде өрнектердің математикада және программалау тілінде жазылуы қатар келтірілген.



Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір – біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.
1 – мысал. Өрнектердің Паскаль тілінде жазылуы 2.10 – кестеде келтірілген.
(5 + 2 • 4): 3 (5 + 2 * 4) / 3, нәтижесі 4.3333
8 – 2 + [21 / 4]; мұндағы [ ] бүтін бөлу дегенді білдіреді 8 – 2 + 21 div 4, нәтижесі 11
(2 + 3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар (2 + 3) mod 6, нәтижесі 5
5 + 2 : 10 5 + 2 / 10 , нәтижесі 5.2
(8 + 4) : 10 (8 + 4) / 10, нәтижесі 1.2
8 : 8 8 / 8 , нәтижесі 1.0

Сабақты бекіту.
Тапсырма
Төмендегі арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар
1. 2.

3. 45 санын 6 – ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар.
4. 51 санын 5 – ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар.
Бақылау сұрақтары
1. Паскаль тілінде және алгоритмдік тілдерде қандай шамалар пайдаланылады?
2. Атау дегеніміз не, ол не үшін қажет?
3. Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
4. Қандай типтерді білесіңдер? Олар қандай түйінді сөздер арқылы жазылады?
5. Атаулардың типтері қалай сипатталады?

3. Бағалау

4. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу

ID: 1960 | Просмотров: 3561