Сайт учителя начальных классов
.
Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция -

Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 1179 | Просмотров: 3487 | Размер: 23.0 Kb | Автор: Құтыш_Әсел
Сабақтың тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліг: Паскаль АВС, интерактивті тақта, презентация.
Барысы:
I.Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
2. Топқа бөлу.
3. Сабақ барысымен таныстыру.
4. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
«Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет.»
Ж.Баласағұн
1-топ. Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу
2-топ. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз
3-топ. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

II.Білім. Үй тапсырмасымен жұмыс §10. 102бет №8,9 есептер.
Әр топтан 2 оқушы есеп шығарады., қалғандары төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Литерлік шамалар қандай типте болуы тиіс?
2. Литерлік шамалар үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?
3. Мәтін ұзындығын анықтайтын функция қалай аталады?
4. Қиып алу операциясы Pascal тілінде қандай функция көмегімен орындалады?
5. Символдарды өшіру функциясы қалай аталады?
6. Символдарды кірістіру функциясын ата.
7. COPY функциясы не үшін пайдаланылады?
8. LENGTH функциясының атқаратын қызметі не?
9. DELETE функциясын не үшін пайдаланамыз?
10. S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln(D); үзіндісінде қандай жауап шығады?
11. S:=’Конфигурация’;
S:=Copy(S,4,6);
Writeln (S); үзіндісінде қандай жауап шығады?
12. А жолы “ПЕРНЕТАҚТА”-ға тең.
А) copy(А,6,5);
В) copy(А,7,1)+ copy(А,9,2) мәндерін табу керек.
13. А жолы «ПРИНТЕР» сөзі берілген. Функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек.
А) Сөздің ұзындығын табу.
В) Сөзден «ПРИНТ» сөзін кесіп алу.

ID: 1231 | Просмотров: 3487