Информатикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Информатикадан ашық сабақтар

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
[ Сайттан жүктеу (463.2Kb) ] 19.05.2015, 15:01

Материалдың жеке номері 1614

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

загрузка...
Сабақтың тақырыбы:Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды презентация құру және безендіру шаблондары мен таныстырып, пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық:оқушылардың компьютерде Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентациялармен жұмыс істеу қабілетін арттыру;
Тәрбиелілік:Оқушыларды ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға және мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, компьютер, тесттік тапсырмалар.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлігін қадағалау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Сен маған-мен саған» сұрақ қою ойыны арқылы.
1. Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?
2. Microsoft PowerPoint менюі неден тұрады?
3. Тұсаукесермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін қандай режимдер қарастырылған.
4. Әдеттегі режим не үшін арналған?
5. Презентация дегеніміз не?
6. Microsoft PowerPoint негізгі мүмкіндіктері қандай?
7. Microsoft PowerPoint терезесінің құрылымы неден тұрады?
8. Слайдта орналастырылатын объектілерге қандай объектілер жатады?
ІІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру: «Ақылды дорба» ойыны
1. PowerPoint интерфейсі дегеніміз не?
2. Презентация сөзін латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді.
3. Көрсету режимі не үшін арналған?
4. Түзетудің қызметі қандай?
5. Терезе элементтерін ата?
6. Кірістірменің қызметі қандай?
7. Слайд дегеніміз не?
8. Слайдтар көрсету командасы
9. Терезе деген не?
10. Презентацияның әрбір слайды демонстрация кезінде оның бейнеленуіне әсер ететін қасиеттер.
IV Мақсат қою кезеңі:Презентация құру және безендіру шаблондары мен танысып, пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрену.
V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Басты Слайд құру бұйрығы тұсаукесерге жаңа слайд қосуға арналған. Мұндай слайдтың макетін таңдауға болады: титулдық, әртүрлі орналасқан нысандары бар және т.б. (1-сурет). Ағымдағы слайдты Delete пернесімен немесе Басты  Слайдты жою бұйрығымен жоюға болады.
Тиісті бұйрықтың көмегімен слайдты жасыруға да болады, бұл жағдайда ол әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді де, тұсаукесердің көрсетілуі кезінде өткізіп жібереді.


1-сурет. Слайд құру

Жолақтың дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін дайын тақырыптарды пайдалануға мүмкіндік береді (2-сурет). Түстер шешімін өзгерту үшін Дизайн  Түстер  Тақырыптың жаңа түстерін құру бұйрығын орындаңдар. Пайда болған сұқбаттық терезеде (3-сурет) өз түстеріңді таңдап, баптауға болады. Түстер сызбасы-ол слайдтарға, ескертпелер беттеріне немесе үлестіруматериалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын. Түстік сызба фонның түсінен, сызықтардан және мәтіннен, сонымен қатар слайдтың оқу ыңғайлылығын арттыруға қолдау жасайтын тағы да басқа алты түстен тұрады.
Дизайн  Фонның мәнерлері  Фонның пішім бұйрығы фонның құйып толтыру түсін өзгертуге жағдай жасайды.



2-сурет. Жолақтың Дизайн бөлімі



3-сурет. Слайдтың түстер сызбасы
Безендіру шаблоны. Ол тұсаукесердің маркерлері мен әріптерінің түрін және мөлшерлерін, қоршау сызықтарының мөлшерлерін және орналасу орнын, фондық суреттерін және фонды безендіру параметрлерін, түстер сызбасын, слайдтарының үлгілерін және тақырыптарының қосымша үлгілерін бірге есептегендегі мәнерінен тұратын файл.

VІ. Дидактикалық момент-1: Ұлттық ойындарға арналған презентация құру.
Дидактикалық момент-2:Ребус шешу.
Дидактикалық момент-3: Тесттік тапсырмалар
І-нұсқа.
1. Тұсаукесерлер құруға арналған программа қалай аталады?
а) мәтіндік процессор
б) графикалық редактор
в) операциялық жүйе
г) тұсаукесерлер құрушы конструктор
2. Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?
а) Бастау  Программалар Microsoft Office Microsoft PowerPoint
б) Бастау  Программалар Стандарттық
в) Бастау  Программалар СтандарттықҚызметші
г) Бастау  Программалар Microsoft Word
3. Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарау режимін таңдаңдар:
а) Сұрыптауыш
б) Әдеттегі
в) Слайдтар көрсету
г) Ескертпе беттері
4. Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды?
а) Басты
б) Түр
в) Дизайн
г) Кірістіру
5. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?
а) Office батырмасы  Құру
б) Басты  Құру
в) Басты  Бос тұсаукесерді құру
г) Басты  Бос тұсаукесерді шаблоннан құру
6. Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?
а) Басты
б) Кірістіру
в) Дизайн
г) Түр
ІІ – нұсқа.
1. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
а) Басты  Слайд құру
б) Дизайн  Слайд құру
в) Office батырмасы  Слайд құру
г) Басты  Макет
2. Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет;
а) Тақырып және нысан
б) Титул (алғашқы бет)
в) Бөлімнің тақырыбы
г) Екі нысан
3. Ағымдағы слайдты жою бұйрығы
а) Басты  Слайдты жою
б) Дизайн  Слайдты жою
в) Office батырмасы  Слайдты жою
г) Басты  Макет  Слайдты жою
4. Жасырын слайд қалай жұмыс істейді?
а) Ол тұсаукесердің ешбір қарау режимінде көрінбейді
б) Тек сұрыптағыш режимінде көрінеді
в) Әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді
г) Тек тұсаукесердің көрсетілуі режимінде көрінеді
5. Бірнеше іргелес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді?
а) Shift
б) Alt
в) Ctrl
г) Capslock
6. Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек?
а) Дизайн  Фонның мәнерлері  Фонның пішімі
б) Дизайн  Беттің параметрлері
в) Дизайн  Түстер сызбасы
г) Тақырып
VII. Сабақты қорытындылау. Сабақ кезінде орын алған кемшіліктерді толықтыру.
1. Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?
2. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?
3. Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?

VІІІ. Үй тапсырмасы.179-189 беттер. § 27-28 оқу. Презентация құру.

Сабақты бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
loading...

Автор: Бросинбаева Гульдана Муратовна

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №7 орта мектебі

Бөлім: Информатикадан ашық сабақтар | Қосты: Lala_lala
Көрсетілім: 1309 | Жүктеулер: 657 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 80
Қонақтар: 80
Тіркелгендер: 0