Сайт учителя начальных классов
.
«Практикум. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу» -

«Практикум. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу»

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 1107 | Просмотров: 2661 | Размер: 25.6 Kb | Автор: kuzhatova_jainagul
Пәні: Информатика
Сыныбы: 5-сынып
Күні: 27.02.15 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Практикум. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу» §24
Жалпы мақсаты: Мәтіндік редактор туралы өткен білімдерін тәжірибелік түрде қолдану,
өткен материалдарды ойын түрінде еске түсіру

Оқу нәтижелері:
 мәтіндік редакторда құжат құру;
 мәтінді пішімдеу, шегіністер орнату;
 ақпараттықсауаттылықтарыартады(барлығы)

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі
парақшалар
Түйінді идеялар: Бірлескен жұптық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың
қуатты құралы болып табылады.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақ кезеңдері:
1. Ұйымдастыру (4 минут)
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, оқушылар назарын сабаққа аудару
Жасырынған сандар арқылы жұптарға бөлу

Балалар! Бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше өтпекші. Біз бүгін Мәтіндік редактор тақырыбы бойынша өткендерімізді қорытындылау мақсатында сабағымызды ойын түрінде өткіземіз.
Бөлінген бойынша 6-жұп бар.
Енді сабағымыздың мақсаты мен барысын түсіндіріп өтейін.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
19-23 тақырыптар бойынша, яғни WordPad мәтіндік редакторы бойынша білімімізді пысықтау.

Сабақ барысы бірнеше аялдамадан тұрады, сол аялдамалардан өту арқылы біз өзімізді альпинисттер ретінде сезініп, мына тақтада тұрған білім шыңына жетуіміз керек.

1-аялдама: «Өзіңді тексер» деп аталады.
Яғни үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырма §23, 178-беттегі тест.
Тест жауаптары:
1-с
2-в
3-а
4-в
5-с
Дәптерлерімізді көршімізге береміз де дәптерлерін тексереміз, қанша сұрақ дұрыс, сонша ұпай қоямыз
2-аялдама: «Қызықты конверттер» деп аталады.
Бұл аялдамада тақтада 1-ден 6-ға дейін конверттер бар. Сол конверттерде өткен тақырыптар бойынша әр конвертте 2 сұрақтан жасырылған. Әр сұрақ 1-ұпайдан. Қане, бастайық
№1 конверт
1. Қандай мәтіндік редакторды білеміз?
2. Мәтін бөліктерін қандай құралмен ерекшелейміз?
№2 конверт
1. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Мәтіндік редактордағы сызғыш не үшін керек?
№3 конверт
1. Мәтіннің қандай бөліктерін білесіңдер?
2. Қандай жағдайда бос орын қойылады?
№4 конверт
1. Мәтіннің белгілі бір бөлігін қалай көшіреміз?
2. Құжатты қалай сақтаймыз?
№5 конверт
1. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
2. Символдарды өшіретін қандай пернелер бар?
№6 конверт
1. Бас әріппен жазатын қандай пернелерді білесіңдер?
2. Құжатты сақтаудың қандай әдістері бар?

3-аялдама: «Түрлі түсті жұмбақтар әлемі» деп аталады.
Бұл аялдамада түрлі түсті гүлдердің астында түрлі түсті жұмбақтар жасырынған, соларға жауап береміз

4-аялдама: «Компьютер елінде» деп аталады.
Бұл аялдамада біз оқулықты пайдалана отырып, комьютерде практикалық жұмыс жасаймыз. Оқулықтағы 183-беттегі 9-тапсырма, мәтіндік редакторда жұмбақты теріп жауабын жазамыз. 15 минут уақыт беріледі.

5-аялдама: «Көзімізді жаттықтырайық »деп аталады.
Бұл аялдамада берілген шифрды пайдаланып неғұрлым тез уақытта мәтіндік редакторға қатысты ережені шығару

3 10 16 3 15 17 15 16 21 13 17 19 8 5 6 16 5 20 14 1 16 1 17 21 13 1
7 2 13 6 18 21 13 21 17 3 6 12 4 20 12 6 16 20 13 6 13
11 15 9 21 12 1 5 21

1-А 2-Ә 3-Б 4-Г 5-Д 6-Е 7-Ж 8-З 9-Й 10-К 11-Қ
12-Л 13-Н 14-Ң 15-О 16-Р 17-С 18-Т 19-Ө 20-І 21-Ы

Балалар! Барлық аялдамаларды өтіп шықтық, енді кімнің білім шыңына бірінші жеткенін қарайық.

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру

ID: 1456 | Просмотров: 2661