Сайт учителя начальных классов
.
№ 14 сабақ
Сыныбы:________________ Күн:_______________ Пәні:______________________
________________
Мұғалім: Ахайдарова Ж.Б.

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графиктік редактор.Суретті ашу, сақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың графиктік редактор туралы түсінігін қалыптастыру және график тұрғызу және графиктік кескіндерді редакциялауды, құжаттарды көркемдеуді үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту
Сабақтың түрі: лекциялық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
оқушыларды ұйымдастыру: (2 мин)
- оқушылармен сәлемдесу ;
- оқушыларды түгелдеу ;
- үйге берілген тапсырманы сұрау. (10 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру: (15 мин)
График тұрғызу және графиктік кескіндерді редакциялауда компьютер қолайлы және күшті құрал болып табылады. Бұлар басатын құжаттарды көркемдеуде, хаттар және т.б. даярлауда қажет. Ең қарапайым ғана: графиктік редактор сурет салуға, оларды әр түрлі түсте бояуға, сызықтарды әр түрлі түсте және әр түрлі жуандықта сызуға, суретке мәтін енгізуге және басқа да әрекеттер атқаруға мүмкіндік береді. Аса күрделі графиктік редакторлар арнайы эффектілерді (құбылыстарды): көлемділігін, көлеңкелігін, суреттің бір бөлігін үлкейтуді, түстерді өңдеуді және жөңдеуді, бір кескіннен екіншісіне жаймен әрі жұмсақ ауысуды және т.б. амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Күрделі графиктік редакторларында стандартты графиктер, суреттер және т.б. даяр кітапхана түрінде сақталады, оларды тіпті сурет салудан хабары жоқ адамдар да пайдалана алады.
Редакторларға әр түрлі форматтағы кескіндермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Paint программасын пайдаланып, әр түрлі заттардың кескіндерін салуға, оларды түзетуге болады. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графиктік шығармалар жасауға болады.
Paint программасында өздігімізбен сурет салуға, Windows басқа қосымшаларын алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сонымен қатар сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.
Paint программасын іске қосу
Paint программасын жіберу (іске қосу) үшін төмендегілерді орындау қажет:
Пуск-Программы-Стандартные- Paint
Команда орындалғаннан кейін, экранға Paint графиктік редактордың трезесі шығады.

1-сурет. Paint графиктік редакторының терезесі.
Бұл редактордың құрал-саймандарының көмегімен экранға еркін түрдегі сызықтарды, шеңберді, квадратты немесе еркін көпбұрыштарды салуға болады. Ол үшін құрал-саймандар панелінде сәйкес батырманы таңдау және жұмыс аумағындағы қажетті нүктеге меңзерді орналастыру жеткілікті.
Графикалық редактордың арнайы құрал-саймандарының көмегімен салынатын қарапайым фигуралар (сызықтар, доғалар, шеңберлер, эллипстер, тік төртбұрыштар және т.с.с.) графикалық қарапайымдылық деп аталады.
Графикалық редактордың көмегін қолданушылардың мынадай мүмкіндіктері бар:
— суретті мәтінмен безендіруге, көркемдік хабарламаларды, жарнамалық плакаттарды, визитка карточкаларын және т.б. жасауға;
— бұрын салынған кескіндерді бір суретке біріктіруге;
— кескіннің еркін бөліктерін "кесіп алуға", "жабыстыруға" және "өшіруге";
— ұсақ бөлшектерін өңдеу үшін кескіннің үзіндісін үлкейтуге;
— кескіннің өлшемін өзгертуге, оны экранда бұрып, жылжытуға;
— сыртқы тасушыларда суретті сақтауға;
— бояуға, түсін өзгертуге, сурет салу үшін еркін "бояуларды", "қылқаламдарды" қолдануға.
Бұдан басқа да суретті салу немесе өзгерту (редакциялау) процесінде қолдануға болатын қосымша құрал-саймаңдар бар. Бұл: еркін сызықтарды салуға арналған қылқалам, өшіруге арналған өшіргіш, бояуға арналған құю, суреттің үзіңдісін кесіп алуға арналған қайшылар және басқа да құрал-саймаңдар.

ТҮСТЕР ЖӘНЕ ПАЛИТРА
Компьютерлік графикада түс өте маңызды, өйткені ол көру әсерін күшейтеді және информация мен кескіннің көңілге қонымды дәрежесін көтереді.
Түстің әсері жарық шығаратын немесе бейнелейтін объектілерден көздің торына түсетін жарық тасқыны арқылы адам миымен қалыптасады. Түстік рецепторлар (колбалар) үш топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы тек қана бір түсті - қызыл, жасыл немесе көк түсті қабылдайды. Осы топтардың кез келгеніндегі бұзылу түсті қабылдаудың бұрмалануына -дальтонизмге әкеледі.
Компьютерлік графикада электронды түстер палитрасы суретшінің палитрасына ұқсас алынған, бірақ ол өзіне түстердің едәуір көп санын қосады. Электронды түстер палитрасының әрбір нүктесі жеке түстік өңнен тұрады. Түсті кескіндерді экранда қолдану туралы біз 7-сынылта айттық және графикалық редактор Раint-та экранның төменгі жағында орналасқан стандартгы түстер палитрасымен жұмыс істедік. Қазіргі графикалық редакторлар қолданушыға бояулар спекторын пайдалану арқылы қосымша түстерді қоса отырып, палитраны өзгертуге мүмкіндік береді.
Сабақты қорытындылау: (5 мин)
1. Сіз компьютерлік графиканың қандай түрлерін білеісіз?
2. Компьютерлік графика қолданылатын негізгі аймақтарды атаңыз?
2. Компьютерде графикалық информациялар қалай ұсынылады?
3. Графикалық ұсынудың түрлерін атаңыз.
Практикалық жұмыс жүргізу. (15 мин)

Үйге тапсырма беру: (3 мин) Графиктік редактор, оның мүмкіндіктері құралдары
§ 14 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру

ID: 785 | Просмотров: 2311