Информатикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Информатикадан ашық сабақтар

Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
[ Сайттан жүктеу (208.5Kb) ] 22.02.2015, 09:12

Материалдың жеке номері 558

Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

загрузка...
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Сынып: 5
Мұғалім: Алибекова Дания Темірболатқызы
Пән: информатика
Оқулық авторлары: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері, мәтінді көшіру, олардың орындарын ауыстыру, буфермен алмастыру негізгі операцияларымен таныстыру.
Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өзін - өзі, бірін-бірі бағалауға үйрету, топпен, жұппен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: жұппен, топпен
Әдіс – тәсіл: СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, оқытудағы басқару мен көшбасшылық, оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқу құралы, компьютер, флипчарттар, үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуалды орнату: “Сиқырлы ағаш” ойыны. 3мин
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды «Отбасы» тақырыбы бойынша өткізіледі.
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
Топқа болу: «Сандар» әдісі бойынша (топта 10 бала; 2 топ құралады)

№ Блум кезеңдері Әдіс-тәсіл Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Білу. «Әуедегі шар» әдісі арқылы үй тапсырмасын еске түсіру (әрбір шарға осы сұрақтар ілінеді)
1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
2. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар?
3. Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?
4. Мәтіндегі абзацты қалай құрамыз?
5. Мәтіндік курсор дегеніміз не?
6. Мәтінді қалай сақтаймыз? СТО 5 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау Шарларға ілінген сұрақтарға топпен жауап береді. Мақсаты: сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әуеге шарды бірінші ұшырады.
Тақырыпқа шығу. Интербелсенді тақтадан бейнефильм көрсету арқылы тақырыпты оқушылар өздері анықтайды (2 мин)
2. Түсіну. Оқулықтағы 158-162 беттер; қосымша мәліметті (қосымша - 1 көрсетілген) оқу, өздігінен меңгерту, постерге салу, өз сөзімен қорғау. Тақырыпқа мақсат қою:
1. Мәтінді теру және түзету ережелері
2. Мәтін бойынша жылжыту батырмаларымен танысу СТО, ЖИГСО, оқыту үшін бағалау 5 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау Оқулықтағы және қосымша мәліметті оқиды, жұппен, топпен талқылайды, І топтан 3 оқушы ІІ топқа барады, ІІ топтан 3 оқушы І топқа түсінгендерін айтып талқылайды. өз топтарына оралып, тақырыптан түсінгендерін постерге түсіреді, қорғайды
«2 жұлдыз, 1 тілек» стикерге жазып, постерге жабыстырады.
Сергіту сәті «Қамажай»
3 Қолдану. Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану. Практикалық тапсырма. Компьютермен жұмыс жасайды.
Практикалық тапсырма:
А деңгейі
Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
В деңгейі
Тақырыбы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен жасыл түспен тер. Мәтінге кез-келген сурет кірістір
Ғалым кісі
Бір ғалымнан жаңа дінге кірген бір адам:
- Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? – деп сұрапты. Ғалым айтыпты:
- Шыққан күн мен айдан, көкпен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.
- Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай, дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:
- Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды – осының бәрін көресің; соларға қарап ой жібересің, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; Олай болса, соның бәрін жоқтан бар екен бір Құдітеррі Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңның жартысы тамам болғаны, - депті.
С деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер және әртүрлітүске боя.
Жақтылықа жақылық – ісі әр кісінің ,
Жамаьдыққы жақсылық – ер кісының ісы.
* * *
Жүгеірмеее Тіліңмен, быліміңмшн жұғір.
* * *
Тамырымен мықты Ағаш,
Адамн дос жарымен мықті.
* * *
Білгенің бірд тогыз,
Білмеғеның токсан тоғіз. АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сай оқыту 15 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау Теориялық білімдерін тәжірибеде, компьютермен жасайды
4 Талдау. Жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақ шешу СТО, АКТ 10 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау Топпен ақылдаса, бірлесе отырып, жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақ шешеді
5 Синтез. 8 сұрақты тест орындау Дарынды оқушымен жұмыс АКТ 5 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау Тест орындап ұсынады
6 Бағалау. Бас бармақ арқылы, 2 жұлдыз, 1 тілек, топ басшының бағалау парағы арқылы бағалауы, «Даңқ аллеясы» әр топтан бір көшбасшы шығып сабақты қорытындылау Оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау 2 мин Бағыт беру, уәж беру, формативті бағалау, суммативті бағалау Бас бармақ арқылы, 2 жұлдыз, 1 тілек, топ басшының бағалау парағы арқылы бағалайды, «Даңқ аллеясы» әр топтан бір көшбасшы шығып сабақты қорытындылайды
Үйге тапсырма:
§20 мазмұндау, 162 беттегі бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру
Қосымша-1
1. Білу. «Әуедегі шар» әдісі арқылы үй тапсырмасын еске түсіру (әрбір шарға осы сұрақтар ілінеді)
7. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
8. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар?
9. Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?
10. Мәтіндегі абзацты қалай құрамыз?
11. Мәтіндік курсор дегеніміз не?
12. Мәтінді қалай сақтаймыз?
2. Түсіну. WordPad мәтіндік редакторы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзіндлерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін- біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортиасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерде қысып жазып қоюға да болады.
WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым міәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск- Программы- Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көр бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.


Мәтін теру ережелері:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қою.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады. «Блокнот – қарапайым мәтіндік редактор».
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тіэбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013 ж., 1 қыркүйек, Ш. Уалиханов.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (қазіргі Астана қ.)
8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: ХХІ ғасырдың басы
9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.

3. Қолдану. Компьютермен жұмыс. Практикалық тапсырма:
А деңгейі
Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
В деңгейі
Тақырыбы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен жасыл түспен тер. Мәтінге кез-келген сурет кірістір
Ғалым кісі
Бір ғалымнан жаңа дінге кірген бір адам:
- Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? – деп сұрапты. Ғалым айтыпты:
- Шыққан күн мен айдан, көкпен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.
- Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай, дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:
- Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды – осының бәрін көресің; соларға қарап ой жібересің, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; Олай болса, соның бәрін жоқтан бар екен бір Құдітеррі Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңның жартысы тамам болғаны, - депті.
С деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер және әртүрлітүске боя.
Жақтылықа жақылық – ісі әр кісінің ,
Жамаьдыққы жақсылық – ер кісының ісы.
* * *
Жүгеірмеее Тіліңмен, быліміңмшн жұғір.
* * *
Тамырымен мықты Ағаш,
Адамн дос жарымен мықті.
* * *
Білгенің бірд тогыз,
Білмеғеның токсан тоғіз.

4. Талдау.
Жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақ шешейік.

W
1 H O M E 6
R C
2 P A G E D O W N A
3 P A G E U P
4 A 7 S H I F T
5 E N D L
N O
T C
E K
R


1. Мәтін бойынша жолдың басында қандай пернелермен жылжытуға болады?
2. Мәтін бойынша бір бетке төмен қандай пернелермен жылжытуға болады?
3. Мәтін бойынша бір бетке жоғары қандай пернелермен жылжытуға болады?
4. Қандай пернені абзацтың соңында басады?
5. Мәтін бойынша жолдың соңында қандай пернелермен жылжытуға болады?
6. Бас әріппен бірнеше сөз енгізу үшін қандай перне қолданылады?
7. Бас әріпті немесе символды енгізу үшін қандай перне қолданылады?

5. Синтез. Қорытындылау
Тест
1. WordPad мәтіндік редакторын қосу жолын көрсет:
А) Пуск– Все пргограммы- стандартные – WordPad
Б) Пуск – WordPad
Ә)стандартные – WordPad
В) WordPad
2. батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
3. батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
4. батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
5. қандай қатар?
А) Мәзір қатары; б) маркерлер;
ә) құрал-сайман тақтасы; в) қалып-күй қатары.
6. Солдан оңға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?
А) Shift б)Backspace
ә) Del в)Alt
7. Оңнан солға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?
А) Shift б)Backspace
ә) Del в)Alt
8. Бас әріппен жазуға арналған перне.
А) Shift б)Backspace
ә)Del в)Alt

жауап кілттері: 1-А; 2-А; 3-Б; 4-В; 5-А; 6-Ә; 7-Б; 8- А

6. Бағалау.
Топ басшының бағалау парағы
№ Оқушының
аты-жөні 1. Білу 2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Синтез Қорытынды баға
1 Ахметкаримов Ә 5 5 5 4 5 5
2 Ерланұлы Ә 4 4 3 4 - 4
3 Әли Д 5 5 4 5 5 5
4 Тургумбаева К 4 5 4 5 - 4
5 Ахметова Л 5 5 5 5 5 5

Әдістемелік материалдар:
1. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2013ж. «Информатика» 5 - сынып
2. «Информатика негіздері» ғылыми - әдістемелік журнал №1 – 2010 жыл (13-14бет)
3. «Информатика негіздері» ғылыми - әдістемелік журнал №2, (38) 2008 жыл (18-19бет)
4. http://portfolio.1september.ru/?p=search&sb=22 мұғалімдерге көмек сайты
5. 45 – minut.kz
6. http://ustaz.kz/ - ашық сабақтар сайты
7. ІІІ деңгейлі курс, жоғары санатты мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өзіме тәжірибе жинақтадым.
loading...

Автор: Алибекова Дания Темірболатқызы

Павлодар Облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, №1 Майқайың ЖОББМ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Информатикадан ашық сабақтар | Қосты: alibekova_daniya | Ілмек сөздер: Мәтін, ереже, теру
Көрсетілім: 1323 | Жүктеулер: 637 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 8
Қонақтар: 8
Тіркелгендер: 0