Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Сабақтың мақсаты: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, флипчарт, кеспе, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы.
Сонымен балалар өткен тоқсанда біз WordPad мәтіндік редакторының интерфейсін туралы өткен болатынбыз.
1. Мәтіндік редактор деген не?
2. WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?
3. Абзацтың қандай қасиеттерін білесін?
4. Мәтіндік курсор дегеніміз не?
5. Мәтіннің негізгі элементін ата.
6. WordPad мәтіндік редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтін теру ережелері:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регисторден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.Мысалы: Мәтін.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін пайдалану керек.Мысалы: САБАҚ.
3. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: XXI ғасыр.
4. Дефис бос орынсыз қойылады.Мысалы: іс-әрекет, 5-сынып.
5. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
6. Ұзын сызықша алдына да, соңынада бос орынмен қойылады.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды. Мысалы: «Құрманғазы» оркестрі.
8.Enter пернесін абзацтың соңында басады.Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қос

ID: 1504 | Просмотров: 3054