Информатикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Информатикадан ашық сабақтар

Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер
[ Сайттан жүктеу (153.0Kb) ] 18.05.2015, 00:44

Материалдың жеке номері 1600

Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер

загрузка...
Күні:.................................. Пәні: Информатика Сыныбы: 5 (бесінші)
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары және ақпарат тасығыштар жайлы жан-жақты ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен ережеге сай, әрі ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтастыру, «Қызықты батырмалар» ойыны, тірек-сызбалар, сәйкестендіру тесті, тексеру тапсырмалары, «Адасқан әріптер»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Жүйелік блокты құрастыр!» жүйелік блоктың құрамындағы құрылғыларды топтастыру көмегімен көрсету.





2. «Қызықты батырмалар» ойыны. Ойынның шарты бойынша оқушылар берілген пернетақтаның бетіндегі түрлі-түсті ұяшықтарда жасырынған арнайы батырмаларды табу және олардың қызметін айтуы тиіс.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.



Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.

Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ-қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады. Лазер сәулесі картриджден қағазға жететін тонерді пісіреді. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару дылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді.
Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер, әдетте, түрлі түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады.бүріккіш принтерлердің кемшілігі – қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.
Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардың сыйымдылығы. Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.
Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам-дискі тұрақты сақтауға құрылғысы деп аударылады. Ал DVD-дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Флэш-жадылар – заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Тексеру тапсырмалары.
1. Компьютер құрылымына кіретін құрылғыларды көрсету.
2. Ақпаратты енгізу құрылғыларын көрсету.
3. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсету.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: «Сәйкестендіру тесті» слайд көмегімен құрылғылар мен оларға берілген анықтамаларды сәйкестендіру.
VІ. Қорытындылау: «Адасқан әріптер» ойыны. Ойынның шарты бойынша принтердің қосымша құрылғылары атауларының әріптері орнынан ауыстырылып беріледі. Оқушылар әріптерді ретімен қойып, құрылғының атын табуы керек.
1. Таксиед 3. Рнеиртп
2. Екнарс 4. Едомм
ҮІІ. Үйге тапсырма: Компьютердің қосымша құрылғылары
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:
loading...

Автор: Садыбаева Назкен Жаксылыковна

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы негізгі білім беретін №221 Аққұм

Бөлім: Информатикадан ашық сабақтар | Қосты: Садыбаева_Назкен
Көрсетілім: 1715 | Жүктеулер: 597 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 44
Қонақтар: 44
Тіркелгендер: 0