Сайт учителя начальных классов
.
9- сыныпқа арналған «Деректер қоры, олардың түрлері»
тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы Деректер қоры, олардың түрлері
Сабақтың мақсаты Негізгі мақсат: Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтау
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, деректер қорын құру тәсілдерін меңгереді, деректер қорымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады. Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.
Логикалық қабілеті дамиды.
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Уақыты Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, суреттер арқылы топқа бөлу.
Бағалау парағын таратады 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру «ИЯ-ЖОҚ» кестесін оқушыларға таратады.
«ИЯ-ЖОҚ» кестесіне жазбаша жауап береді және бірін бірі тексеріп, бағалайды. Тақтаға дұрыс жауаптарды жазады.
5 минут «ИЯ-ЖОҚ» кестесі
Негізгі бөлім Оқушыларға жаңа тақырыпты презентация арқылы баяндап, өзара талдайды.
Деректер қоры, олардың түрлері тақырыбы бойынша оқушылар тақырыпты ашады.
Деректер қоры және олардың түрлерін талқылап, деректер қорын ұйымдастыру түрлерін анықтайды.
Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.
Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар
1. Сақталатын ақпараттың сипатына қарай
Факто-графиялық , Құжаттық
2. Ақпаратты сақтау әдісі бойынша
Орталықтандырылған, Бөліктелінген
3. Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша
Реляциялық, Иерархиялық, Желілік
Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, күнделік, үлгірім табелі және т.б.
Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер жиыны реляциялық деректер қоры болып саналады.
Реляциялық немесе кестелік ДҚ өзінің бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған.
Мысалы, “Сыныптағы оқушылардың тізімі” деректер базасы мына кесте түрінде ұсынылады.
8 минут интерактивті тақта, презентация
Компьютермен тәжірибелік жұмыс.
Берілген тапсырманы компьютерге жеке отырып жұмыс жасайды
№1. «Мұғалім» деректер қоры мынандай өрістерден тұрады:
Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні,
Әр өрістің типін анықтай отырып 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.
№2. «Пациент» деректер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, туған күні, мекен-жайы, дәрігерге көрінген күні. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.
№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.
№4. «Оқушы» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы, туған күні. «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.
№5. «Кітапхана» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, баспахана аты, бет саны. «баспахана аты" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.
№6. «Сабақ кестесі» ДҚ құр.
Мынадай өрістерден тұрады: сабақтың реттік нөмірі, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.
«Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз. 8 минут
Компьютер,
интерактивті тақта.
Сергіту сәті Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіру.
3 минут интерактивті тақта.
Постермен жұмыс 2 топқа тапсырма беріледі:
1-топ «Деректер қоры және олардың түрлері.
2-топ « Кестелік деректер қорының негізгі
элементтері»
Оқушылар өзара топпен талқылайды, ойларын сыныппен бөліседі 8 минут постер
Қорытынды бөлім. Компьютер арқылы электронды тест тапсырады.
Тест 10 сұрақтан тұрады 5 минут
Бағалау Топ басшылары сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бағалап отырады. 2 минут
Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы
Оқушылар стикерлерін толтырып, стендке іледі. 2 минут
Үйге тапсырма Өз сынып оқушылары туралы толық мағлұматты қамтитын деректер қорын ұйымдастыру

ID: 797 | Просмотров: 3935