Сайт учителя начальных классов
Сабақ жоспары

Тақырыбы:
«Corel Draw-да ертегілерге саяхат».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Corel Draw программасы бойынша мәтінмен, геометриялық фигуралармен, сызықтармен жұмыс жасауын арттыру және теориялық білімдерін анықтау.
Дамытушылық: Corel Draw программасында жұмыс жасау арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, құралдарды пайдалана білуін үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлікке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Оқыту әдістері: сөздік, практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады).
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме, ізденіс, тест сұрақтары, практикалық тапсырма (эл. оқулық), зерттеушілік.