Информатикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Информатикадан ашық сабақтар

Циклдік алгоритмдер
[ Сайттан жүктеу (1.18Mb) · Жүктеу () ] 04.03.2015, 14:35

Материалдың жеке номері 762

Циклдік алгоритмдер

загрузка...
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Осындай есептеулерді орындаған кезде циклді алгоритмдерді құрудағы білімдерін арттыру. Циклдік алгоритмдердің сызба - нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Қайталау барысын орындау алдында оның аргументінің параметрінің алғашқы мәнін енгізу арқылы, оның қадамын орнату жағдайларын қарастырып, циклдерге деген білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу. Оның қайтымдығына өмірмен байланыстырап, мысалдар кертілу арқылы өмірдің қайтымсыз екендігіне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, жаңа тақырып ресурстары, компьютер, стикер
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (электронды сабақ)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, кестелер, парақшалар,
электронды оқулық
Сабақтың технологиясы: компьютерлік технологиямен оқыту.
Үй тапсырмасы
"Сәйкестендір"- терминдерді сәйкестендіру
1. Program бүтін сандар типі
2. writeln программа соңы
3. Integer тіркестік
4. end. айнымалыларды сипаттау
5. text программа тақырыбы
6. readln нақты сандар типі
7. Real мәліметтерді шығару
8. String мәтіндік тип
9. Var басы
10. Begin мәліметтерді енгізу

Топқа бөлу
Кубиктердің артына жасырынған FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ сөздері арқылы
Топ басшысын сайлау “Ортадағы қаламсап” арқылы, (ол үшін әр топ қаламсаптарын өз парталарына қояды, соның ішінен біреуін мұғалім алады, сол қаламсаптың иесі топ басшысы болады.)
Топ басшылардың қызметі топ мүшелерінің сабаққа белсенділігін бақылап отырады
"Білгенге маржан" жаңа сабақ
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;
FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.


Экранға он жұлдызшаның шығуы

program juldiz ;
var i : integer ;
begin
for i := 1 to 10 do
write ('*')
end.

Программаның орындалу барысында не шығады?
Program esep; Program esep;
var i : integer; var i : integer;
begin begin
for i := 1 to 5 do for i := 5 downto 1 do
write (‘ ’, i); write (‘ ’, i);
end. end.

1-тапсырма
Экранға 1 ден 10-ға дейінгі сандар ретімен және кері ретімен шығатын программа құрыңдар
program schet; program schet;
var i : integer; var i : integer;
begin begin
for i := 1 to 10 do for i := 10 downto 1 do
write (‘ ’, i); write (‘ ’, i);
end. end.






3-тапсырма
1 ден 5-ға дейінгі сандардың қосындысының программасы
program sandardin kosindisi;
var s, i : integer;
begin
s := 0;
for i := 1 to 5 do
s := s + i;
writeln (’ sandardin kosindisi ’, s)
end.
Әр топ кубиктің артында жасырынған тапсырмаларды таңдайды
1. 1ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын табатын программа құр
2. 1ден 15-ға дейінгі сандардың қосындысын табатын программа құр
3. 1ден 20-ға дейінгі сандардың қосындысын табатын программа құр

Сергіту сәті!


Бекіту сұрақтар
1.Цикл дегеніміз не? Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады
2. Циклдің алгоритмнің неше түрі бар? 3 түрі бар
3. FOR –... ҮШІН
4. TO – ... ДЕЙІН
5. DO – …ОРЫНДАУ

Бағалау : топ басшысының бақылауына байланысты бағаланады

Үйге тапсырма:
30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
end.
Тапсырма: 30-дан 10-ға дейінгі барлық тақ сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар
loading...

Автор: Абаданова Алия Сабырбаевна

Маңғыстау облысы. Мұнайлы ауданы "№1 жалпы білім беру орта мектебі"ММ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Информатикадан ашық сабақтар | Қосты: Aliyashka | Ілмек сөздер: алгоритмдер, Циклдік
Көрсетілім: 1139 | Жүктеулер: 1259 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 67
Қонақтар: 67
Тіркелгендер: 0