Сайт учителя начальных классов
.
Тақырып: Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Мақсат: Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5 мин)
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.
Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:
- алгоритм нақты және анық берілуі қажет;
- модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);
- белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
- бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

ID: 1337 | Просмотров: 2694