Алгоритм типтері

  • Жүктеулер: 757
  • Көрсетілім: 1588
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 27/Мар/2015
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: алгоритм түрлерімен таныстыру, тармақталған алгоритм құруды үйрету;

Дамытушылығы: алгоритм түрлерін , сызықтық және тармақталған алгоритм анықтамасын,
тармақталған алгоритм шарттарын анықтаудың блок- схема элементін, толық
және толық емес тармақталған блок- сызба құрылымын айыра білу;

Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ДК,интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ, Өткенді қайталау:
Бағалау бетшесі:
Оқушының аты-жөні:___________________________________
№ Тапсырма Балл +,-
1 Өткенді қайталау 4
2 Блок – сызба құру 7
3 Сызықтық алгоритм құру 10
4 Тармақталған алгоритм құру 15
5 Тест 20

8-15 балл— «3»
20-35 балл-- «4»
40-50балл-- «5»

-Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм орындаушы дегеніміз не?
-Алгоритмнің берілу формалары қандай?
--алгоритмнің басы мен соңы
- іс –әрекет -енгізу және шығар мәліметтері

ІІІ. Жаңа сабақ
Алгоритмнің түрлері
Алгоритмнің 3 түрі болады : сызықтық, тармақталған және циклдік
Жолдан өту Рұқсат сұрау
1. Жолға келу 1. Ата-анаға келу
2. Сол жаққа қарау 2. Саяхатқа шығуға рұқсат сұрау
3. Оң жаққа қарау 3. Рұқсат берсе------- рұқсат бермесе
4. Жолдан өту
5. Соңы 4. саяхатқа шығу футболға бару
соңы
Сызықтық алгоритм Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.
Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады. Осыған дейін қарастырылған барлық мысалдар: екі санды қосу,робот портреті, үй тапсырмасын орындау, жұмыртқа қуыру т.б сызықтық алгоритм болып табылады
Тармақталған алгоритм. Кейде алгоритм бұйрықтарын орындау шартқа тәуелді болады. Мысалы далада жаңбыр жауып тұрса, қолшатыр алу керек; ал егер жаңбыр жаумаса қолшатыр алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритмнің түрін тармақталған алгоритм деп аталады.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса,итонда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.Шартты тексеру блогын блок-сызбада ромбымен таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, есепті шешу үшін «иә» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда – «жоқ» тармағы пайдаланылады. Тармақталу алгоритмі сөзбен берілгенде «егер», «онда», кілттік сөздері қолданылады. Жазу барысында «әйтпесе» сөзін қолдануға болады.

Автор: Султашева Гулшат Ермухановна

Атырау облысы Индер ауданы М. Әуезов атындағы орта мектеп

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.