Сайт учителя начальных классов
.
Ақпараттар әлемінде танымдық сайысы
Сайыстың мақсаты: оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Оқушыларды жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ойлауын, іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрсете баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: проектор, презентация, карточкалар, сөзжұмбақ.

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым!
Құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 7 сыныптар арасында өткелі отырған «Ақпараттар әлемінде» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс 5 айналымнан тұрады.
«Ұлт болашағы, бүгінгі жастардың қолында» дей келе әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларымызға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасын сайлап алайық.
І айналым. Ақпарат беру кезеңі. Бұл турда өзінің білімін сынауға, шыңдауға келген командалар өз командалары жайлы ақпарат береді. Таныстыру 3-5 ұпаймен бағаланады.
Бақ пен бап сыналар бұл жарыстың екінші кезеңі келіп жетті. Ендеше ІІ кезеңімізді бастаймыз.
ІІ айналым. «Ақпарат табу» кезеңі. Әр топқа 7 жұмбақ беріледі. Әрбір топ тақтадағы жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы керек. Жоғары ұпай 5 балл.

ID: 1385 | Просмотров: 2231