Сайт учителя начальных классов
.
Күні: 03.03.2014ж Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелік:
• Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
• Өзіндік – сана сезім, ақыл – ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
• Білімді, шығармашыл, қабілетті оқушыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет әдістерін жетілдіру барысындағы аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, слайдтар, видео, плакаттар, оқулық.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау
III. Мақсат қою
IV. Жаңа білімді меңгерту
V. Сергіту сәті
VI. Жаңа білімді бекіту
VII. Сабақты қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау
X. Рефлексия

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін белгілеп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық географиясы, ауыл шаруашылығы мен көлік кешендерімен. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр қайсы топқа сұрақтар береміз.
1-топқа:
1. Орталық Қазақстан облысының орталығы?
 2. Орталық Қазақстан республикамызда халқаның саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?
 3.Қарағанды облысы қай жылы құрылған?
 4. Орталық Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата?
 5.Ауыр машина жасау зауыты орналасқан қала?

ID: 1126 | Просмотров: 2804