Сайт учителя начальных классов
.
Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы. -

Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 1046 | Просмотров: 2653 | Размер: 17.5 Kb | Автор: Ахметова_Гүлбану
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Мерзімі: 5.03.2015.
Сыныбы: 9 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Сабақтың мақсаты:
1) Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері тақырыбына толық түсінік бере отырып, оқушылардың білімділігін арттыру.
2) Халықтың тығыздыңын түсіндіре отырып, оқушыларды саяси жағынан тәрбие беру.
3) Оқушылардың тақырып бойынша танымын, ой, өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карта, кестелер, плакаттар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ –жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Түелдеу.
Сыныптың тазалығын қадағалау.
Сыныптың сабаққа даярлығын бақылау.
Сабақ мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
«Ақиқат пен жалған» сратегиясын пайдалана отырып, үй тасырмасын сұрау. Оның шарты әр топ Батыс Қазақстан тақырыбы бойынша 5 ақиқат сөйлем, 5 жалған сөйлем жазу керек. Әрбір тор бірін – бірі бақылап дұрыс, дұрыс емес екенін анықтау керек. Мысалы:
1) Атырау қаласында 213 мың адам бар.
2) Жер ресурсы еліміздің жалпы аумағының 26 %-ын құрайды.
3) Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өндіру зауыты жұмыс істейді.
4) Батыс аймақ Cолтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарымен шектеседі.
5) Батыс Қазақтан ауданында 2 млн 537 мың адам бар.
6) Семинар өте қызық өтті.
7) Сыныпта 14 оқушы бар.
8) Мектепте 5 сыныптан 9 – ыншы сыныптар оқиды.
9) Қазақстанның бас қаласы Астана.
10) Батыс Еуропа – Шығыс Қытай тас жолы біздің ауылдан өткен.
Одан кейін оқушылар бір – бірлеріне сұрақтар қоя отырып, үй тапсырманы бағалаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақты «FILA» кестесін қолдаа отырып түсіндіреміз.
Солтүстік Қазақстан мемлекетіміздің негізгі егіншілікті ауданы. Ауданда жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі. Аудан аймағы пайдалы қазбалар мен энергетика ресурстарына бай. Солтүстікте ең қуатты Екібастұз көмір кені және дүние жүзіндегі ең қуатты көмір кесіндісі «Богатырь» орналасқан. Табиғаты көрікті. Орманды дала біртіндеп құнарлы топырақты дала зонасына ауысады. Кішігірім әдемі, сұлу көлдер өте көп, көл жағалауларында шипажайлар мен демалыс үйлері көптеп салынған.
Солтүстік Қазақстан экономикалық – географиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы, республиканың шеткі және Ресеймен шекаралас аудан. Солтүстік ауданның табиғат жағдай да қолайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді. Мұнда Тоғай үстірті, қазақтың ұсақ шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы орналасқан.
Климаты континентальды – жазы қоңыржай ыстық, қысы суық болып келеді. Солтүстік Қазақстан минералды есурстара бай. Сондықтан да өнркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар. Көмір – Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында, темір кені шикізатының 83%-ы Қостанай мен Лисаковск алаптарында шоғырланған.
Республика халқының 22%-ы Солтүстік Қазақстан аудандарында тұрады. Еңбек ресурсы жоғары аудан. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 75%, жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 5,4%.
Қала халқының үлесі (63%). Солтүстік ауданның урбандалу деңгейі төмен (41%) және оған Ақмола облысы да (47 wacko жатады. Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі, орташа тығыздығы 1км2-ге 6,6 адамнан келеді.
Осы мәтін бойынша «FILA» кестесін толтырамыз. Ол былай болады.
Мәтіннен нақты мәлімет жаз Мәтін туралы пікіріңді жаз Сұрақтар дайында Іс – әрекет жоспары
1)Көмір – Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында.
2)Жауын-шашынның орташа мөлшері 300-430мм.
3)Қар қалыңдығы 40см.
4)Жерінің 90%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы. Солтүстік Қазақсанда еліміздің астанасы Астана қаласы бар. 1)Солтүстік Қазақстан қандай табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген?
2)Қай облыс су ресурсымен жақсы қамтамасыз етілген? Ауданның құрамы: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы. Ауданы: 566 мың км2.
Халқы: 3 720 мың адам.
Орташа тығыздығы: 6,6 адам-км2.

Осыдан кейін Т кестесін толтырып, сабақты қорытындылаймыз.
IV. Жаңа тақырыпты қорытындылау:
1) Қорғалжын қорығы қай облыста салынған?
2) Есіл өзенінің ауданы қанша?
3) Солтүстік Қазақстанның климаты қандай шаруашылықты дамытуға қолайлы?
V. Үйге тапсырма: 51-52 пар. Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы тақырыбын оқып, түсінік айту.

ID: 927 | Просмотров: 2653