Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Мерзімі: 23.10.2014.
Сыныбы: 9 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықың құрамы мен құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
1) Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы тақырыбына толық түсінік бере отырып, оқушылардың білімділігін арттыру.
2) Жан – жақтылыққа, ізденімпаздыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
3) Тақырып бойынша оқушыларды өз бетінше шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша деректер, оқулық, карта, кестелер, плакаттар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ –жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Түелдеу.
Сыныптың тазалығын қадағалау.
Сыныптың сабаққа даярлығын бақылау.
Сабақ мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
«Қарлы кесек» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. Ол ойынның шарты, әр топ бір-біріне қағаздан жасалған қарлы кесекті ата отырып, сұрақ – жауап жүргізеді. Мысалы: Бірінші топ екінші топқа:
Қазақстанда тығыздығы ең жоғары халық қай облысқа тәнысалы: Бірінші топ екінші топқа:
1) Қазақстанда тығыздығы ең жоғары халық қай облысқа тән?
Содан соң екінші топ үшінші топқа:
2) Қазақстан халқының 80% қай белдеу аумағында тұрады?
Үшінші топ бірінші топқа:
3) Ауылдық жерлерде Қазақстан халқының қанша бөлігі тұрады?
Осылайша бірнеше рет қайталанып сұрақтар қойылады. Одан кейін оқушылардың жауаптарына байланысты қорытындылаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысқанын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет көрсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады.
Қазақстан шаруашылығы – бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады. Кәсіпорындар мен мекемелер – экономикалық құрылыстың өзіндік кірпіштері болып табылады. Олардың саны қазір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға – фабрикалар, зауыттар, шахталар, стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер – бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.
Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас, шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.
Осы мәліметтерді бере отырып, әр топқа бір – бір плакат беріп, осы алдарындағы мәліметтерден өз ойларымен сурет сызады. Содан соң әр топ бір эсседен жазып, оны қорғайды.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:
1) Батыс Қазақстан аймағында жалпы өнім көлемі қандай саланың әсерінен жоғары?
2) Қай аймақтар алғашқы үш орынды иеленеді?
3) Экономикалық жұмыс деңгейінің масштабы ең төмен аймақ қайсы?
4) Экономиканың өмірдегі рөлі қандай?
5) Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек салаларынан тұрады?
6) Экономикалық даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың негізгі айырмашылығы?
V. Үйге тапсырма:
15 параграф. Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы тақырыбын оқу.

ID: 930 | Просмотров: 2435