Сайт учителя начальных классов
.
Пландар мен карталардың маңызы, ғаламдық навигациялармен танысу -

Пландар мен карталардың маңызы, ғаламдық навигациялармен танысу

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 1274 | Просмотров: 6103 | Размер: 22.6 Kb | Автор: amangeldi
Сабақ 16- сабақ Сабақ өтілетін уақыт: 22.10.2015
Орны: 5-дәрісхана Барлық оқушы саны:16
Қатысқаны:16
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Сабақ тақырыбы Пландар мен карталардың маңызы, ғаламдық навигациялармен танысу.
Жалпы мақсаттар Пландар мен карталардың маңызы біліп, айырмашылықтарын айту, өмірдегі пайдасын ұғыну, ғаламдық навигациялық жүйелерді танып, олардың жұмыс қағйдасын білу.
Түйінді идеялар План мен карта- өмірдің бір бөлшегі.
Оқыту нәтижелері План және картаның адам өміріне маңызын біледі, план мен карта жасаудың қазіргі дамыған түрлерін айта алады.
Дереккөздер Интернет материалдары (видео, фото), оқулықтағы материал
Сабақ барысы Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау(формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады 4 Мин.

5 Мин.



1. Оқушыларды «Шартты белгілер» әдісі бойынша топқа бөледі, көңіл күйді орнықтырады.
2. «Миға шабуыл» әдісімен қызықтырады: видео материал көрсету.
3. Экрандағы суретке қарап ойлану. ІІІ Топқа бөлінеді,
шапалақ арқылы көңіл-күйлерін білдіреді. «Миға шабуыл» сұрақтарына жауап береді. Жақсы сөз, қол шапалақтау арқылы бағалау.
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
19Мин.
1. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы.
І топқа- Картадан Жершарындағы ең биік жерді тауып, географиялық координатын анықтап, сол жерге саяхат жаса.
ІІ топқа- Өз мектебіңнің планын және мектептен қала орталығына дейінгі жолдың планын жаса.
ІІІ Ғарыш саласындағы жаңалықтар және біздің күнделікті өміріміз. Әр топ берілген сұрақтарды оқулық мәтінімен байланыстра түсініп, постерлер жасайды. Топтпр бірін-бірі бағалайды, смайликтер арқылы.
3-кезең: Ой-толғаныс:
- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

- синтез, бір-бірімен ой бөліседі

- сабақ қорытындысы
5 Мин.

5 Мин.
«Сен маған-мен саған» әдісі арқылы топтар бір-біріне сұрақ қояды.

«Т кестесі» әдісі. Әр топ өзара алған білімдерін бір-біріне сұрақ қою арқылы сынайды, жылдам жауап беретін сұрақтарды орындайды.
«т кестесі» арқылы план мен картаны салыстырады. Жұптық бағалау, балдық жүйе арқылы бағалау.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) 3 Мин.
1.Жердің құрылысының суретін салу;
2. Жұмыс дәптері 24-25-бет.

Рефлексия
4 Мин.
«б-б-б» кестесі.

ID: 2283 | Просмотров: 6103