Сайт учителя начальных классов
.
БҚО. Қаратөбе ауданы.
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
География пәні мұғалімі Жасенова Айжан Галымжановна
Сыныбы: 7б сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Мақсаты : Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары ерекшелігін көрсету, Оңтүстік Американың жануарлары мен өсімдіктерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын картадан көрсете біледі. Жұмыс істеуге үйренеді
Қолданылатын әдіс-тәсілдер топтық жұмыс, «Жарнамалау», «топ викторинасы»
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
5мин 1. Тұлғааралық байланысты орнату.
2. Сыныппен амандасу.
3. оқушылар карточкалар арқылы 4 жұпқа бөлінеді. «Ыстық орындық» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

-мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.
Оқушылар барлығы ортаға шығып берілген карточкалар арқылы топқа бөлінеді.Оқушылар бір-бірден орындыққа отырады, бір-біріне сұрақ қояды.

Тұсаукесер 5мин Оңтүстік Американың табиғаты жөнінде «видеоролик» ұсынылады.
Соған байланысты сұрақтар қойылады:
- бұл видеороликте не көрсетілді?
Берілген сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады
Негізгі бөлім 20 мин Топтық жұмыс:
Топтық жұмыстар:
1 топ – Өзендері (слайд қорғау)
2 топ – Табиғат зоналары (тв-шоу)
3топ – Жарнамалау (постер)
4-топ- жануарлары мен өсімдіктері (фотогаллерея) Әр топ өздерінің тақырыптарымен танысып, оны қорғайды.
Әр жұптың бір-бірінің жұмысын формативті бағалап отырады

Қорытынды 15 мин «топ викторинасы» әдісі бойынша сабақ қорытындыланады

Үйге тапсырма:
§41 Кескін картаға Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын картаға түсіру. «топ викторинасы» әдісі бойынша білімдерін бекітеді.

ID: 950 | Просмотров: 2514