: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.

  • Жүктеулер: 753
  • Көрсетілім: 1457
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 24/Мар/2015
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі.Өтілген басқа материктермен салыстыру,неліктен Оңтүстік Америка деп аталады.
Дамыту: Сыни тұрғысынан ойлауға, салыстырмалы,логикалық ойлауы, есте сақтау қабілетін дамыту, сабақта А.К.Т.- құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат,әңгімелеу,ойын,сайыс
Әдіс – тәсілдері:Топпен, жұппен, жеке оқушымен жұмыс. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы және стратегиялары.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің,Оңтүстік Американың физикалық картасы,атлас, интерактивті тақтаға сканерленген үлкейтілген кескін карта, кеменің суреті тақтаның қаламын пайдаланып, саяхатшылардың жолын сызу, глобус.Әдебиеттер
Ә.Бірмағанбетовтің «Саяхаттар және географиялық ашылулар» кітаптары. Қ.Д.Карпеков. Ш.Айтақынова. «Материктер мен мұхиттаргеографиясы» әдістемелік нұсқау. Матвиенко Н.Н. Кругликова С.В. жұмыс дәптер.
1.Ұйымдастыру.Сынып оқушыларын топқа бөліп,тапсырмалар беру,карталарды іліп дайындау,оқушы білімін бағалау және сабақты қорытындылау парақтарын таратып беру.
Сабақтың эпиграфы: Естігенімді - ұмытып қаламын
Көргенімді –есте сақтаймын.
Ізденсем – түсініп аламын.
3.Білімді тереңдету. «Қызығушылығын ояту»
«Миға шабуыл» стратегиясы.Жедел сұрақтар.
1.Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық.
2.170 -млн. жыл бұрын Оңтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық.
3.170-млн.жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық.
4.Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған материктер.
5.Ежелгі Гондвана құрлығының құрамында болған материктер.
6.Геологтар осы материктердің бір кездері бірігіп жатқанына дәлелдер іздеуде.Қазба байлықтарына байланысты қандай фактілер осы болжамды дәлелдейді.

4.Мақсат қою: Оңтүстік Американың географиялық орны,
шектесетін мұхиттар,ашылу мен зерттелуін түсіндіру.
5.Жаңа білімді меңгерту

Мен сабағымда «сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын» пайдалану оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздеймін.
Сыни ойлау – өзіндік және жеке ойлау.Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады.Топта өз пікірін еркін айту, өзгенің пікірін сынамай, шыдамдалықпен айтылған ойдан қажеттілікті табуға ұмтылу, бірлесе ойланып, ортақ шешім шығару.
Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ қойып, жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.
Оқыту технологияларында менің аса көңіл бөлетінім дидактикалық көрсетілімдер мен құралдарды орнымен,уақытымен пайдалануға көңіл бөліп, мақсат қоямын.

Автор: Молжигитова Хиуа

Алматы облысы Есік қаласы Р.Тоқатаев ат.орта мектебі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.