Географиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Географиядан ашық сабақтар

Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар
[ Сайттан жүктеу (32.2Kb) ] 21.09.2015, 15:55

Материалдың жеке номері 1805

Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар.
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзінің саяси картасының объектілері: тәуелсіз мемлекеттері, тәуелді аймақтар, халықаралық ұйымдар туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Өзгерген елдердің түрлеріне, халықаралық ұйымдардағы өзгерістерге баға беруді үйрету .
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дүниежүзінің саяси картасының объектілерін тәуелсіз мемлекеттері, тәуелді аймақтар, халықаралық ұйымдар туралы біледі, елдердің түрлері, халықаралық ұйымдар туралы түсінік қалыптасады, ізденеді, баға бере алады.
Оқыту технологиясы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, топтастыру, "Ой қозғау", мағынаны тану, сәйкестендіру кестесі, постер қорғау, тест тапсырмалары, картамен жұмыс, дарынды , талантты балалармен жүмыс , "Екі жұлдыз, бір тілек", эссе, кері байланыс т.б.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, дүние жүзінің саяси, физикалық картасы, кескін карта, атлас, глобус, рефрат суреттер, қосымша материалдар, тірек сөздер, елдердің ту мен елтаңбалары, үйлестірме материалдар, постер, маркер, стикер,кеспе қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс : Дүние жүзі тарихы, экономика, әдебиет.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) Оқушылармен амандасу, түгелддеу. Сабаққа психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады. Сабақта кім "жоқ" екенін анықтайды.
2.Топтасу кезеңі 2 мин Сыныпты стикерлер бойынша 3 топқа бөлу. Топтың ережесімен таныстыру, бағалау парағын тарату. 3 топқа бөлінеді , топтың аты мен ұранын қабылдайды , бағалау парағы бойынша ролдерге бөлінеді.
3.Білім кезеңі . Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі. 1.Саяси география нені зерттейді?
2.Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды атаңыздар?
3.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды?
4.Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін саяси картада қандай өзгерістер болды?
5.Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін саяси картада қандай өзгерістер болды?
6.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияда қандай өзгерістер болды?
7.ХХ ғ. 50-60 жылдары Африка материгіндегі өзгерістер туралы?
8.ХХғ. 80-90 жылдары социалистік жүйенің ыдырауымен саяси картаға қандай өзгерістер енді?
9.Соңғы 15 жылдағы дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістер туралы?
10.Қазіргі саяси картада тәуелсіздігін халықаралық деңгейде танылуының мәнін түсіндіріңіз? 1.Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді .
2.5-сызба нұсқада
3. "Жаңа" және "ең жаңа" кезеңдері
4.Еуропалықтардың отарлау әрекеті, Америка, Африка, Азияда отарлық аймақтардың пайда болуы.
5.Қазан төңкерісі, Австро-Венгрияның ыдырауы, ЮФРО, КСРО, ГДР,ГФР т.б.
6.Индонезия, Филиппин, Үндістан, Бирма, Цейлон, КХДР,ҚХР т.б
7.1960 жылы "Африка жылы" 16 елі тәуелсіздігін алды.
8.ТМД, ГДР, ЮФРО ыдырады т.б.
9.1993ж-Эритрея
1994 ж.-Палау Респ пайда болды
1999ж.-Заир Конго Дем Респ т.б.
10.200-ден астам мемлекет бар 193 ғана халықаралық деңгейде танылған (Мысалы Израиль-Палестина)
Жаңа сабақ Мұғалім «Әлемді шарлау» сратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындайды. 2. Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім сыныпты «тәуелсіз мемлекеттер», «тәуелді аумақтар», «халықаралық ұйымдар» деп 3 топқа бөледі. Тыңдайды өз ойларын қосып отырады.
4. Түсіну кезеңі. Жоспармен таныстыру.
1.Дүниежізінің саяси картасының объектілері
2. Тәуелсіз мемлекеттер
3.Тәуелді мемлекеттер
4.Халықаралық ұйымдар Жаңа тақырып Елдердің түрлері туралы тәуелді және тәуелсіз аймақтар, халықаралы ұйымдар туралы түсінік беру.
1-сызбанұсқа бойынша сипаттама беріледі.
2- сызбанұсқада тәуелсіз мемлекеттер екі түрге бөлінеді: республикалық және монархиялық басқару
3-сызбанұсқада тәуелді аймақтар 5 терминдерге сипаттама беріледі.
4-сызбанұсқада БҰҰ -ның мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріледі.
(ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, АСЕАН, ОПЕК, ЕҚЫҰ) Тыңдайды , сұрақтарға жауап береді.
5.Қолдану кезеңі 1.Мұғалім оқушыларға мәтінмен танысып шығуға тапсырма береді.
1 топ: Дүниежүзі елдерінің басқару формасы мен мемлекет құрылымындағы айырмашылықтарын ауызша анықтайды.
2 топ: Тәуелді аумақтарды қандай аумақтарға бөлуге болатынын, Дүниежүзінің саяси картасынан әр дүние бөлігіндегі тәуелді аумақтарды тауып, олардың қай мемлекеттердің қарамағында екендігін карта бойынша анықтайды.
3топ: Халықаралық ұйымдардың түрлерін анықтайды, және Қазақстанмен осы ұйымдар арасындағы байланыс түрлеріне талдау жасайды. 3 топ мәтінді бөліп оқи отырып түртіп отырады.
6.Талдау кезеңі. Шығармашылық жұмыс. 3 топқа төмендегі тақырыпта фотоальбомдар таратылады.
1 топ. ЕХРО-2017
2 топ.Нұрлы жол-болашаққа бастар жол
3 топ.Халықаралық ұйымдар Топта талқылап қорғайды
Қорытынды тапсырмалар Сұрақ №1
Неліктен монархиялық басқару формаладағы мемлекеттер Еуропада және Азияда көптеп орналасқан, ал Америкада мүлдем жоқ?
Сұрақ №2
Әлемдік деңгейде Қазақстанның имиджі (авторитеті)

Сұрақ №3
БҰҰ-ның даулы аймақтағы мәселелерді шешудегі ролі №1Себебі Еуропа және Азия ескі дүние мемлекеттері, ал Америка жаңа дүниеге жатады.

№2Қазақстанның жетістіктерін атап шығады.

№3 Басты органдардың қызметін ескере отырып, әр деңгейдегі мәселелерді тиісті органдар арқылы шешіп отырады
7.Жинақтау кезеңі 1.Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша елмен аумақ жатады ?
а. 300 б. 415 в. 267 г. 191
2. Дүниежүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ?
а. федерациялы б.республика в.унитарлы г. теократты монархия
3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ?
а. 215 б. 361 в. 191 г. 217
4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында ?
а. президент б.король в. парламент г. хан
5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ?
а. теократтық . в. унитарлы б. абсалюттік г.федерациялы
6.Мына елдердің қайсысы тәуелді аумақтарға жатады ?
а. Малайзия в. Бруней б. Нигерия г. Мартиника
7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын тоқтатты ?
а. 1945 в. 1939 б. 1925 г. 2004
8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ?
а. 188 в. 190 б. 119 г. 215
9.Аргентина қандай мемлекет ?
а. монархиялық в. федерациялы б. унитарлы г.тәуелсіз
10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге тағайындалады ?
а. 4 жыл в. 6 жыл б. 5 жыл г. 7жыл Жұпта тексереді, бағалайды
Сергіту сәті Бейнеклип "Тәуелсіздік" әні Тыңдап ,демалады
Шығармашылық жұмыс 1.“Мен өз елімен мақтанамын ” эссе жазу
2.Өлең шығару
3.“Егерде мен Елбасы болсам...” ой толғаныс Эссе жазады, өлең оқиды, Өз ойларын айтады.
Бағалау кезеңі Критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілек Өзін-өзі және бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма: Параграф 18-19 оқу “БҰҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстар” туралы реферат жазу Күнделікке жазып алады
loading...

Автор: Русремова Айгуль Мамасейтовна

ОҚО, Сайрам ауданы , Әсіл ауылы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп тарих-геог

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Географиядан ашық сабақтар | Қосты: Рустемова-Айгуль | Ілмек сөздер: түрлері, халықаралық, ұйымдар, Елдердің
Көрсетілім: 1911 | Жүктеулер: 759 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 2
Қонақтар: 2
Тіркелгендер: 0