Географиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Географиядан ашық сабақтар

Географиялық белдеулер мен зоналар
[ Сайттан жүктеу (42.5Kb) ] 27.09.2015, 14:50

Материалдың жеке номері 1829

Географиялық белдеулер мен зоналар

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар

Мақсаты:

• Білімтік мақсаты-Географиялық қабықтағы зоналық туралы, жер шарының географиялық белеулер мен табиғат зоналары туралы білімді кеңейту.
• Дамытушылық мақсаты- Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

• Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық.

Сабақтың түрі: Қортындылау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Жердің географиялық белдеулері мен зоналар картасы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру: (2 мин)
• салемдесу, оқушылардың сабаққа дайындау, түгендеу
• Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (3 минут)
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бекіту (5 минут)
Ү. Қортындылау (20 минут)
А) Пәнге деген қызығушылықтарын ояту
• Шығармашылық жұмыс (6минут)
• Сабақты бекіту (3 минут)
ҮІ. Ұйге тапсырма (2минут)

Жаңа сабақ
Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулергке сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді.Солүсік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы төрт негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.
Экваторлық белдеу. Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-300 С. Жауын- шашын жыл бойы біркелкі таралады ( жылына 2000-3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мекн ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы .Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәнгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Субэкваторлық белдеу. Экваторлық аудан қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылды.
Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер саванналы болып келеді (саванна Оңтүстік Америка үндістерінің тілінен алынған сөз).
Өсімдіктің бітік өсуі сан алуан жануарлардың тіршілігіне қолайлы. Әсіресе Африка саванналары жануарларға аса бай. Мұнда неше түрілі киік, зебра, жираф, піл үйір-үйірімен жүреді.
Тропиктік және субтропиктік белдеулер.
Тропиктік белдеу. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың 20-30 ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның температурасы 580 С-қа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 900 С-қа дейін қызады.
Өсімдік өте сирек, кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды және тасты шөлдер сұрықсыз болып келеді.
Құрғақ ормандарда ағаш сиреиді. Аустралияның шығысындағы эвкалипт ормандары ерекше көзге түседі.
Субтропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 30-400 недіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан.
Ауспалы ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы Еуразияның шығысында кең таралған, сонымен бірге Солтүстік Американың оңтүстік шығысында және Бразлияда сақталған. Бұл ормандар қысы құрғақ, жазы жаңбырлы муссондық климатпен байланысты.
Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер
Қоңыржай белдеу. Бұл белеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз орын алады.
Қоңыржай белдеу шөл,дала және орман зоналарынан тұрады.
Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды.
Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.
Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады.
Субполярлық белдеу солдтүстік жарты шарда, Еуразия мен солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр.
Тундраның жануарлары суыққа бейімделген. Қыста көптеген жануарлар,соның ішінде солтүстік бұғысы тайгаға ауады.
Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарактикалық (грекше анти -қарсы) белдеу деп аталады.
ІҮ. Бекіту:
1. Экваторлық мәңгі жасыл орман жануарлары
2. Саваннаның жануарлаын
3. Шөл жануарларын
4. Орман зонасының жануарларын
5. Тундра жануарлары

Ү.Қорытынды.
loading...

Автор: Галамхан Жупаргуль

Ақмола обылысы Егіндікөл ауданы №1 Егіндікөл орта мектебі

Бөлім: Географиядан ашық сабақтар | Қосты: galamhan2013
Көрсетілім: 2044 | Жүктеулер: 700 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 11
Қонақтар: 11
Тіркелгендер: 0