Географиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Географиядан ашық сабақтар

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
[ Сайттан жүктеу (57.7Kb) ] 26.02.2015, 12:36

Материалдың жеке номері 659

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру

загрузка...
Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
«№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі
Смагулова Жанаргуль Аипбековна
Сынып-11

Сабақтың тақырыбы: Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру туралы білімдерін қалыптастыру
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,іздену, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жауапкершілікке және экономикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың оқыту әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,тест сұрақтары
Сабақтың көрнекіліктері: атлас, дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, бейнефильм, оқулық
Пәнаралық байланыс: тарих, экономика
Сабақта пайдаланған технология- СТО, Шаталовтың тірек сызбалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылар түгендеу
2. Оқушылардың оқу - құралдарын қалыпқа келтіру.
3. Жалпы сабақтың мақсаты мен міндеттері мен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. «Венн» диограммасын құрастыру
Солтүстік Американың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Айырмашылығы Ұқсастықтары Айырмашылығы

Американы кім ашты ? (Бейнефильм көрсету)
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Солтүстік Америка
1. 1492 жылы Х.Колум бастаған испан экспедициясы материқтің оңтүстік жағалауын ашты
2. XY. ғасырда италияндық Джон Кабот Ньюфаундленд арала мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты
3. 1519 жылы Эрнан Картес бастаған испандардың жорығыацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алды
4. Генри Гудзон XYII. ғасыр.Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауындағы жаңа жерлерді ашты
5. 1741 ж Витус Беринг пен Алексей Чириков Алеут аралдарын бойлай Аляска жағалауын зерттеді
6. 1778ж ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Америка батыс жағалауын зерттеп.Нортон шығанағын ашты
7. XX –ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руаль Амундсен Жердің солтүстік магниттік полюсін анықтады
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Оңтүстік Америка
1.Х.Колумб келген.Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін, Ориноко өзенінің сағасына дейін келген
2.Америго Веспучи 1499 жылы Гвиана және Венесуэла жағалауын жүзіп, Амазонканың сағасына барып, кері қайтқан.1501 жылы Бразилия жағалауына жағалауына барып «Қаңтар өзені»Испанша Рио-де-Жанейро деген ат берді
3.XI. ғасыр Ф.Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзген
Фрэнсис Дрейк отты жер аралының батысымен оңтүстікке жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғап жатқан бұғазды тапқан
4.XYIII.Александр Гумбольт француз ботанигі Бонпланмен материктің табиғатын зерттеп геологиялық картасын жасаған, Анд тауларын зерттеген
5.Орыс климат зерттеушісі А.И.Воейков 1874 жылы Оң-к Американың климатын зерттеді
6.1932-33 жылдары орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтады.Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері,қызанақтың отаны Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеген.
IІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қоныстану және игерілу тарихы
2. Елдерді топтастыру
Солтүстік Америка жерінде осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын Азияның солтүстік-шығысынан қоныс аударушылардың алғашқы легі келді.Қазіргі Беринг бұғазы орнында
болған құрлық көпірі арқылы өткен олар алғашында Аляска түбегі мен дала зонасына дейінгі аумақты мекендеген. Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң (мамонт,қойөгіз,аю) аулап, терімшілікпен күнелткен.Осыдан 25мың жыл бұрын Азиядан қоныс аударушылардың екінші легі келіп жетті.Сонымен америкалықтардың саны артып тілдік құрамы күрделене түсті.
Америка құрлығына тарай орналасқан тайпалар көбінесе бір-бірінен оқшау өмір сүргендіктен олардың сыртқы пішіндерінде,өмір сүру салтында ғана емес , тілдік құрамындада үлкен айырмашылықтар болды.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған алгонкиндер аңшылықпен және балық аулаумен қолөнермен шұғылданған.Олардың «вигвам» деп аталатын лашықтары мен өте жеңіл қайықтары жалпы үндістердің символы болып табылады.Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндерді кейде ормандық тайпалар деп те атаған.
Олар жергілікті табиғат ресурстарын өз қажеттеріне тиімді пайдалана білген: үйеңкіден қант алуды осы тайпалар ойлап тапқан.
Қазіргі Мексика жерінің солтүстігін ержүрек апачи тайпалары мекендеген.Осы аймақ тұрғындарының ата-бабалары болып есептелетін пуэбло тайпалары жартастан көп қабатты үйлер қашап салып , суармалы егіншілікпен айналысқан.Мексика шығанағы жағалауының ежелгі тұрғындары ольмектер шаруашылық-мәдени дамуы жөнінен кейінгі өркениеттерге бастама болған.
Америка жерінде ацтектер, майя және инктер құрған аса ірі үш мемлекет болды.
Орталық және Оңтүстік Америкада ,қазіргі АҚШ-тың оңтүстігінде байырғы халықтардан «босаған» жерлерде әртүрлі дақылдардың плантациялары
орналастырылып , мұнда жұмыс шстеуге XVI ғасырдан бастап миллиондаған африкалықтар тасыла бастады.Ұлан-ғайыр помещиктік жер иеліктері-
латифундияларда құл еңбегі пайдаланылды.Осылайша шаруашылықтың бұрын болмаған саласы- плантациялық шаруашылықтың негізі қаланды.Канада мен АҚШ жерінде басым болған ағылшындар мен француздар Атлант мұхиты жағалауы мен ірі өзендер бойында қалалар мен порттар салды; ішкергі аудандарда фермерлік шаруашылықтар , тау-кен орталықтары пайда болды. Фермерлік шаруашылықтарда жалдамалы жұмыс күші пайдаланып ,механикаландыру мен мамандануға көп көңіл
бөлінді.Сондықтан қазіргі кездің өзінде алдыңғы қатарлы елдерде ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың бұл түрі басым болып отыр.
Еуропалықтар отарлау Американың мәдени-географиялық сипатын өзгертті.Мұнда нәсілдер мен халықтардың бұрын болып көрмеген араласуы жүріп,мүлде жаңа этностық топтар қалыптасты.
Еуропалықтар+үндістер-метистер,
Еуропалықтар +африкалықтар-мулаттар
Африкалықтар +үндістердің- самбо
Елдерді топтастыру
1.Ағылшындық Америка
2. Латын Америкасы
3.Кескін картамен жұмыс Ағылшындық Америка және Латын Америкасы елдерін астаналарымен кескін картаға түсіру, материктің шеткі нүктелерін жазу
Тест сұрақтары
ІҮ.Өткен материалды пысықтау
1.Үндістерде қандай аңыз бар?
2.Ұлы географиялық ашулардың қандай маңызы бар?
3. «Маис өркениеті» дегенді қалай түсінесің?
Термин сөздермен жұмыс
Вигвам___________________________
Ниагара____________________________
Латифундия_______________________
Самбо_____________________________
Плантация__________________________
Алгонкиндер________________________
Мулаттар___________________________
Суреттертері көрсетіледі
Ү. Оқушыларды бағалау
VI.Сабақты қорыту
Рефлекция
Бүгінгі сабақтан не үйрендім ?
VII. Үйге тапсырма:
§34 оқу
loading...

Автор: Смагулова Жанаргуль Айпбековна

Алматы облысы Ұйғыр ауданы «№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Географиядан ашық сабақтар | Қосты: Жумагожаева__Камшат | Ілмек сөздер: топтастыру, Америка, елдерін
Көрсетілім: 1153 | Жүктеулер: 674 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 94
Қонақтар: 93
Тіркелгендер: 1
sayorochka77