Африка

  • Жүктеулер: 1049
  • Көрсетілім: 3075
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 21/Сен/2015
Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. 7 сынып
Сабақтың мақсаты: Африканың географиялық орнына, зерттелу тарихына,
сипаттама беру, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы мәліметтерді өз бетінше ізденуге , ой қорытуға даңдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Африка материгінің географиялық орны, зерттелу тарихына сипаттама бере алады, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Оқыту технологиясы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, "Ой қозғау", мағынаны тану, сәйкестендіру кестесі,тест тапсырмалары, дарынды , талантты балалармен жүмыс "Екі жұлдыз, бір тілек", эссе, кері байланыс т.б.
Сабаққа қажетті құралдар: инерактивті тақта, Дүние жүзінің саяси, физикалық картасы, кескін карта, атлас, үйлестірме материалдар, постер, маркер, стикер,кеспе қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Топтасу кезеңі 2 мин Өткен тақырыптар бойынша 3 топқа бөлу. Топтың ережесімен таныстырады.
3 топқа бөлінеді , топтың аты мен ұраны, ролдерге бөлінеді.
3.Білу кезеңі.
Өткен тақырыптар бойынша лездеме сұрақтар беріледі
3 мин 1.Ең үлкен материк
2.мариан шұңғымасының тереңдегі
3.литосфера деген не?
4.бор, юра, триас деген не?
5.атмосфераның қанша қабаты бар?
6.13 климаттық белдеуді зерттеген ғалым
7.ауа массаларын ата?
8.судың қасиеттерін ата?
9.мұхиттағы тіршілік қаншаға бөлінеді?
10.географиялық қабық, оның заңдылықтарын ата? 1.Еуразия
2.11022 км
3.жердің қатты қабаты
4.мезозой дәуірлері
5.5
6.М.Алисов
7.экв, троп,қоңыржай,арктик
8.тұздылығы мен темп-сы
9.планктон, нектон, бентос
10.литос,гидр,атм,биос.4з бар
4.Түсіну кезеңі.
2 мин
Жаңа тақырыптың атын білу үшін мына аббревиатураларды шешу керек. "твоэрак, денарими, рааааксдмг "
Тақырыбы: "Африка"
Слайдтар арқылы Африка материгіне саяхат жасаймыз.
Экватор, Меридиан,
Мадагаскар -
деп оқушылар шешеді.
Сабақтың критерийлерін анықтайды
Тыңдайды.
5.Қолдану кезеңі.
Жаңа тақырып кезеңі (8 мин)
Географиялық есептер шығару. Өтетін әрбір материктер мына жоспармен сипатталады.
Материктердің географиялық орнын сипаттаудың жоспарымен таныстыру
1.материктің экваторға, бастапқы меридианға тропиктік және поляр шеңберіне қатысты орнын анықтау
2.Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаталарын анықтау.
3.Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа градуспен және километрмен алғандағы қашықтықпен есептеу.
4.Материк жағалауын қандай мұхиттар мен олардың теңіздері шайып жатыр.
5.Материк маңайында қандай басқа материктер орналасқан?
Геогрфиялық есептер:
1.Солтүстіктен оңтүстікке қарай арақышықтықты есептеңдер?
2.Батыстан шығысқа қарай арақашықтықты есептеңдер? Оқушылар шеткі нүктелерін анықтап кескін карталарға түсіреді, шектелетін мұхиттар мен теңіздерді картадан көрсетеді, ұзындығын есептеп шығарады.
1.Солтүстіктен оңтүстікке қарай арақашықтық 20 градус және км
32 + 37 = 69 (градус)
69 х 111 = 7659 (км)
2.Батыстан шығысқа қарай арақашықтық 10 градус және км. 15 + 52 = 67 (градус)
67 х 109,6 = 7343,2 (км)
6.Талдау кезеңі
Мәтінмен жұмыс
10 мин Зерттелу тарихы.
1)португалдықтардың ашқан жерлері Васко да Гама
2)ағылшын зерттеушісі Д.Ливингстон, Г.Стенли
3)орыс зерттеушілер В.В.Юнкер, Н.И.Вавилов Оқушылардың ізденіс – шығармашылық жұмыстары. Мәтінді оқиды. Әр топ өз мәтіндерін оқып топта талдайды, постер қорғайды.
Қосымша сұрақтар
2 мин 1.Егер де Африка материгі экватордан төмен орналасқан болса климат қалай өзгереді деп ойлайсыздар?
2.Африканың солтүстік -шығысы мұхитпен шектесетін болса материктегі табиғат қалай өзгеретін еді?
3. Африка материгінде қандай климаттық белдеулер тән?
1.Материктің ауа райы салқындап, солтүстікке жақын орналасқан болар еді.
2.Материктің солтүстік-шығыстағы табиғатында өзгерістер болады.
3.экваторлық, 2 субэкваторлық, 2 тропикалық, субтропикалық
7.Жинақтау кезеңі
3 мин Сәйкестендіру кестесі
1 топ
ГВИНЕЯ ТАУЫ
САХАРА ТҮБЕГІ
ИНЕ ШЫҒАНАҒЫ
АТЛАС ШӨЛІ
СУЭЦ МҮЙІСІ
ШЫҒЫС АФРИКА МОЙНАҒЫ
СОМАЛИ ӨЗЕНІ
ТАНГАНИКА ҮСТІРТІ
ЛИВИНГСТОН ТЕҢІЗІ
КОНГО САРҚЫРАМАСЫ
ЖЕРОРТА КӨЛІ
2 топ
ҚЫЗЫЛ ШӨЛІ
ВИКТОРИЯ АРАЛЫ
КАЛАХАРИ ОРЫС ҒАЛЫМЫ
НІЛ ҚАЛА
В.В.ЮНКЕР КӨЛІ
РАС-ХАФУН МҮЙІСІ
МАДАГАСКАР ТЕҢІЗ
ТУНИС ӨСІМДІК
ВИЛЬВИЧИЯ ӨЗЕНІ
ОКАПИ ЖАНАРТАУЫ
КИЛИМАНДЖАРО ЖАНУАР
3 топ
ӘЛ-АЗИЗИЯ ТАУ
ГИБРАЛТАР САРҚЫРАМА
ВАСКО ДА ГАМА ӨЗЕН
Н.И.ВАВИЛОВ 7 КЕРЕМЕТТІҢ БІРІ
ЗАМБЕЗИ САЯХАТШЫ
ТУГЕЛА МҮЙІС
АССАЛЬ ТАЙПА
АФРИГИ ОРЫС ҒАЛЫМЫ
АЙДАҺАР БҰҒАЗ
ПИРАМИДА КӨЛ
АЛЬ-МАДИ ҚАЛА
Оқушылар сәйкестендіреді
1 топ
ГВИНЕЯ шығанағы
САХАРА шөлі
ИНЕ мүйісі
АТЛАС тау
СУЭЦ мойнағы
ШЫҒЫС АФРИКА үстірті СОМАЛИ түбегі
ТАНГАНИКА көлі
ЛИВИНГСТОН сарқырамасы КОНГО өзені
ЖЕРОРТА теңізі
2 топ
ҚЫЗЫЛ теңіз
ВИКТОРИЯ көлі
КАЛАХАРИ шөлі
НІЛ өзені
В.В.ЮНКЕР орыс ғалымы
РАС-ХАФУН мүйісі
МАДАГАСКАР арал
ТУНИС қала
ВИЛЬВИЧИЯ өсімдік
ОКАПИ жануар
КИЛИМАНДЖАРО жанартау
2 топ
ӘЛ-АЗИЗИЯ қала
ГИБРАЛТАР бұғаз
ВАСКО ДА ГАМА саяхатшы
Н.И.ВАВИЛОВ орыс ғалымы
ЗАМБЕЗИ өзені
ТУГЕЛА сарқырамасы АССАЛЬ көлі
АФРИГИ тайпа
АЙДАҺАР тау
ПИРАМИДА 7 кереметтің бірі
АЛЬ-МАДИ мүйісі

8.Сергіту сәті 2 мин Сахара шөлінен шығу үшін тек 3 зат ғана алуға болады
1. 1 литр су
2.компас
3. Косметикалық айна
4.қызыл парашют
5.пышақ кітап "шөл далада жеуге пайдалы өсімдіктер"
6.пышақ консеврленген тағам
7.арақ
8.флюгер
9.шапан
Оқушылар жауаптарын айтады, дұрыс жауабы : 1 л. су, косметикалық айна, қызыл парашют
9.Қорытынды кезеңі
3 мин 3-2-1
3-есте қалған 3 нәрсе
2- маңызды 2 ұғым
1-сұрақ
Сабақты бекіту үшін өзіндік жеке жұмыс тест сұрақтарына жауап берейік.
1.Жер шарындағы ең ыстық материк.
А) Австралия Ә) Еуропа Б)Африка В)Оңт. Америка
2. Африка материгінің жер көлемі.
А)30,3 млн.км2 Ә) 30,6 млн.км2 Б)24,2 млн.км2 В)18,6 млн.км2
3. Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі.
А)Ассоль көлі Ә)Өлі теңіз Б)Өлім аңғары В)Эир көлі
4.Ассаль көлінің деңгейі.
А)-120м Ә)-140м Б)-86мВ)-153м
5.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі.
А)Кения Ә)Келиманджаро Б)Камерун В)Аканкагуа
6.Ең биік нүктенің биіктігі.
А)5190м Ә)5895м Б)4620м В)4100м
7.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал.
А)Комор Ә)Канар Б)Мадагаскар В)Сейшель аралы
8.Африканың ең ірі көлі.
А)Танганьика Ә)Ньяса Б)Виктория В)Чад
9.Материктегі ең үлкен сарқырама?
А)Виктория Ә)Анхель Б)Тугелия В)Игуасу
10.Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғастыратын бұғаз.
А)Гибралтар Ә)Суэц Б)Мозамбик В)Ормуз
Дәптерлеріне жазады.
3-
2-
1-

Тест жауаптарын бір-бірін тексереді
1.б

2.а

3.а

4.в

5.ә

6.ә

7.б

8.б

9.б

10.а
10.Эссе 5мин "Егер де мен Африкада болсам..." тақырыбында эссе жазу Эссе жазады
Кері байланыс 2 мин Стикерлер таратылады Стикерлерге сабақтан алған әсері туралы жазады
11.бағалау кезеңі
3 мин Бағалау парағындағы балдық көрсеткіштерді есептеп өз-өзін бағалайды.
"Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы топтар бір -бірін бағалайды.

Үй жұмысы: параграф 44 оқу, кескін карта , сарамандық жұмыс дәптерін толтыру

Автор: Рустемова Айгуль Мамасейтовна

ОҚО,Сайрам ауданы,Әсіл ауылы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп тарих-географ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.