Сайт учителя начальных классов
.
Күні:
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары.
Сабақтың мақсаты:
1.Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.
2.Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.
3.Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа,жинақтылыққа тәрбіиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,кроссвордтар.
Құрал жабдықтар:Интерактивті тақта, ноутбуктар, Паскаль шары,Архимед шелегі,динамометр,жүктеме,шүмегі бар шыны ыдыс,мензурка.
Пәнаралық байланыс: математика,астрономия,әдебиет.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу,топ басшысын анықтау.(I-топ Паскаль,II-топ Архимед).Әділ қазылар алқасын сайлау.
Сайыс сабақ жоспары.
1.Білімділік (сұрақ-жауап) шамалар бойынша.
2.Топтардың таныстыруы-әр топ өздерінің таңдаған аттарын қорғау,эмблема бойынша.
3.Формуланы білесіз бе? Әр топ формулалар жазып сайысқа түседі.
4. Зерделілер сайысы. II-топ тәжірибе жасап қорғайды.
5. Шапшаңдық сайысы есептер шығару,кроссворд шешу.
6. «Бәйге» жарысы
7. Полиглот
8. Физикалық тест
9.Әділ қазылар бағаларын беріп, қорытындылау.
I.-Топтардың таныстыруы: Эмблемаларын қорғау, не себепті Паскаль немесе не себепті Архимед деп аталғандары жайында айту.
II.-«Білімділік» сайысы- тақтаға физикалық шамалар ілінеді, сол шамалар төңірегінде сұрақтарға жауап береді.
P, F, S, Q, G, H
Паскаль тобына сұрақтар:
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қатынас ыдыстарға мысыл келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)
3. «Атмосфера» деген сөздің мағынасы.(грекше атмос-бу,сфера-шар)
4.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.(сын.бағ ммл)
Архимед тобына сұрақтар:
1.Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.
(Барометр)
2.Денелердің жүзу шарттары?
3.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
(Ареометр)
4.F-күш дегеніміз не,өлшем бірлігі.
Fы=Fa=PgVg (H)
III-Формуланы білесіз бе? Оқушылар өткен формулаларды жазып,әділ қазылар алқасына тапсырады.
IV-«Зерделілер» сайысы.
Паскаль тобы:Паскаль шарымен тәжірибе жасайды.
Архимед тобы:Архимед тәжірибесін жасау.
Керекті құралдар:динамометр,жүктеме,суы бар шыны ыдыс.
V-«Шапшаңдық» сайысы.Есептер шығарады.Карточка бойынша қалған оқушылар кроссворд шешеді.
Паскаль тобына есеп.Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
h=0,6 м P=pgh=1000 кг/м * 10 Н/кг *0,6 м=6000 н/м=6 кПа
p=1000 кг/м
g=10 Н/кг
Т/к: P-? Жауабы:6кПа.
Архимед тобына есеп.Суға 100 см болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.
Берілгені: ХБЖ Формуласы: Шешуі: V=100 см3 100 см3 * 0,000001м3=0,001 м3 Fы=Fa=PgVg (H)
g=10 Н/кг Fы=Fа=0,001м3 * 1000 м3 *10 H=10H
ρ су=1000 кг/м
Т/к: Fы-? Жауабы: Fы=10H.
Басқа оқушылар тақтаға кроссвордтың жауабын шешеді.

І-деңгей:
1. Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?
2. Массасы 10т трактордың екі шынжыр табанының ауданы 2м2. Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңыздар.
ІІ деңгей:
1. Мұз 90кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4т, шынжыр табанының ауданы 1,5м2 трактор өте ала ма?
ІІІ деңгей:
1. Жолды таптап тегістеп жүрген доңғалақты тегістегіш жерге 400 000Н/м2 қысым түсіреді. Тегістеуіштің тіреуінің ауданы 0,12м2. Оның салмағы неге тең?

VІ. . «Бәйге» жарысы
Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.
Эстафеталық білім картасы
№ Физикалық шамалар Математи-калық өрнегі Өлшем бірлігі Өлшейтін құрал
1 Жылдамдық ν=l/t м/с Спидометр
2 Уақыт t=s/ν с Сағат, секундомер
3 Масса m=ρV кг Таразы
4 Көлем V=m/ρ м3 Мензурка, сызғыш
5 Ауырлық күші Fa=mg Н Динамометр
6 Салмақ P=mg Н Динамометр
7 Қысым P=F/S Па Барометр
Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі.

VІІ. Полиглот
Полиглот бөлімінде физикалық шамалардың белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың қандай шама екенін тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде плакатқа жазып, оны тақтаға шығып оқып береді.
№1
№ Физикалық шамалар Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
1 V
2 Fүйк
3 t
4 ρ
5 Fa
6 h
Жауаптар
№ Физикалық шамалар Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
1 V көлем объем volume
2 Fүйк үйкеліс күші сила трения the working power
(force power)
3 t уақыт время time
4 ρ тығыздық плотность the mass
5 Fa ауырлық күші сила тяжести power weight
6 h биіктік высота higher
7 s жол дорога way
8 FА Архимед күші сила Архимеда Archimedespower
9 l ұзындық длина the long (length)
10 P салмақ вес weight
11 ν жылдамдық скорость the speed
12 S аудан площадь square
Ағылшын тілі, орыс тілі мамандары оның дұрыс оқылуына қарап бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан беріледі.

VІІІ. Физикалық тест
10 сұрақтан тұратын тест таратылып алынады
Физикалық тест
1. Деформация дегеніміз не?
А) Дененің өзгеруі
Ә) Дененің тоқтауы, сынуы
Б) Дененің ағуы
В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі
2. Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ...
А) барометр
Ә) альтиметр
Б) анероид
В) барометр-анероид
3. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
А)Р=Ғ/S
Ә)Р=gрh
Б)Р=gт
В)Р=mV
4. Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?
А) пластикалық
Ә) деформацияланған
Б) серпімді
В) өзгертілген
5. Күшті өлшейтін құрал?
А) танометр
Ә) динамометр
Б) альтиметр
В) амперметр
6. Ауырлық күші дегеніміз –
А) салмақ түскендегі күш
Ә) механикалық күш
Б) дененің Жерге тартылу күші
В) сырттан әсер етуші күш
7. Тығыздықтың өлшем бірлігі
А)м/с
Ә)м3
Б) сағ
В) кг/м3
8. Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ..... деп аталады
А) ауырлық
Ә) серпімділік
Б) қысым
В) үйкеліс
9. Нормаль қысым күшін .... әрпімен белгілейді.
А) N
Ә)R
Б)
В)
10. Гук заңын өрнектейтін теңдеу
А) Ға=mg
Ә) Ғ=mN
Б) Ғ=kх
В) р=m/V
Сабақ соңында оқушыларды бағалау,топ жеңімпазын анықтау.

Сарысай негізгі мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қысым қызықтары
(7 сынып )

Өткізген : Акильжанова А.С.

2015-2016 оқу жылы

ID: 1910 | Просмотров: 5118