Физикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Физикадан ашық сабақтар

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
[ Сайттан жүктеу (45.0Kb) ] 26.03.2015, 22:11

Материалдың жеке номері 973

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

Видео көріністен, электрондық оқулықтан, слайдтан, оқулықтан жаттығулар көздері.
Мақсаттар:
Оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды, есептеу формулаларын келтіріп шығаруды қалыптастыру, «ток күші», «кернеу», «кедергі» ұғымдарын айыра білу және олардың электр құбылыстары тарауындағы маңызды, әрі егіз ұғымдар екендігін түсіну, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескерту.
Оқыту нәтижесі
Жүйелеп ой ойлауды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді, өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді,пікірлерін салыстыра білуді, ұқсастық пен айырмашылықтарын табуды, сандық, логикалық және мағыналық есептедің шығарылу жолдарын қарастырып, ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді. Ғылыми көзқарасы қалыптасады, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттейді.
Негізгі идеялар:
Күнделікті өмірде, тұрмыстық жағдайларда «ток күші», «кернеу», «кедергі» шамалары қатар жүретіндігі, бұл құбылыс электр құбылысының негізгі заңдылығы екендігіне көз жеткізу.
Қамтылатын модульдар:
- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
-талантты және дарынды балаларды оқыту
- оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
- оқытудағы басқару және көшбасшылық
Берілген тапсырмалар
1 – тапсырма: Ток, кернеу,кедергі аттары, өлшем бірлігі, шаманың белгіленуі, шаманың аты жазылған жасырын парақшалар арқылы топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігін білу мақсатында топ аттарына байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/
2 – тапсырма.
Формула,шамалар және тұтынушы (лампочка,резистордың мәні берілген есеп ауызша шығару)
3 – тапсырма
Слайд арқылы берілген суреттер арқылы жаңа тәсілдер арқылы тапсырма орындау
4 - тапсырма.
«ДЖИГСО» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өздері оқып талдау.Әр топтың топ жетекшісі постер қорғау.
5-тапсырма
Жас ерекшеліктеріне ескеріп салыстыру. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды тәжірибеде жасап көру, тізбектей және параллель қосылған өткізгіштердегі ток күшінің, кернеудің, кедергінің айырмашылықтары болатындығына көз жеткізу.
Тәжірибелік тапсырма орындау кезінде кейбір оқушылардың (көбінесе ер балалардың) электр құрылғыларының жасалу жолдарын, қауіптілігін білуі, қызығушылығының артуы байқалады.
1 топ. Ток мәндерін амперметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу.Неліктен ток өзгерді?
2 топ. Кернеу мәндерін вольтметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу. Неліктен кернеу өзгерді?
3 топ. Неліктен кедергілер көп болғанда әртүрлі жалғауда кернеу әртүрлі болғанын көреміз? Неліктен?
/5мин/
6- тапсырма. Миға шабуыл
Есептер шығару.Үш топқа берілетін есеп мазмұны
1. Өткізгіштерді тізбектей қосқанға
2. Өткізгіштерді параллель қосқанға
3. Өткізгіштерді аралас қосқанға
/8 мин/
7-тапсырма
Сапалық есептер шығару
8-тапсырма
Бекіту тест сұрақтары
9-тапсырма «Венн диаграммасы»
Кейінгі тапсырмалар
Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 20 жаттығуды орындау.
Кері байланыс
Бағалау:
Өзін - өзі бағалау: білім ағашы арқылы өзін бағалау.
Формативті бағалау: топтар бір - бірін бағалау үшін бағалау критерийлері бар парақшалар беріледі.
Критерий
Толық жауап берді
Толық емес
Жауап берген жоқ
мазмұны
зерттеуі
Топтық жұмысы

Кері байланыс
Бүгінгі сабақты түсіндім Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес Түсінбеймін,қайталап қарау қажет


Қорытынды
Ғылыми көзқарасы қалыптасты, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттеп отырады(көшбасшылық байқалады). Өздеріне сенімді бола бастайды, еркін пікірлей алады.

ШҚО.Абай ауданы
Құндызды ауылы
Ш.Абенов атындағы орта мектептің
физика,информатика пәні мұғалімі
Байбекова Венера Заманбековна
loading...

Автор: Байбекова Венера Заманбековна

ШҚО Абай ауданы Құндызды ауылы Ш.Абенов атындағы орта мектеп

Бөлім: Физикадан ашық сабақтар | Қосты: Байбекова_Венера | Ілмек сөздер: кері байланыс
Көрсетілім: 1139 | Жүктеулер: 574 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 94
Қонақтар: 93
Тіркелгендер: 1
sayorochka77