Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 1259 | Просмотров: 4812 | Размер: 933.4 Kb | Автор: ҰстазКазталов ауданы Сатыбалды
орта жалпы білім беретін мектебінің
физика және еңбек пәнінің мұғалімі
Улмесекова Ардақ Амангелдіқызы
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы
ауырлық күші.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға ауырлық күші, денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынас, басқа планеталардағы ауырлық күші туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: интерактивті сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тест
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын түгелдеу.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу(Туған күндеріне сәйкес айларға топтау)
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
«Блиц сұрақтар» арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. 1. Инерция деп нені айтады?
2. 2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
3. 3. Инерция сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. 4. Инерция құбылысын ашқан кім?
5. 5. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
6. 6. Күш дегеніміз не?
7. 7. Күш қандай шама? Белгіленуі
8. 8. SI жүйесінде күштің өлшем бірлігі?
ІІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау: «Суретті тест» берілген суреттер арқылы ой қорыту.
1-топқа:
2-топқа:
IV.Жаңа сабақ. «Болжау стратегиясы» бойынша суреттер арқылы жаңа сабақты ашу
\
Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру:
V.Жаңа сабақты бекіту: Тест тапсырмаларын орындау . 5-сұрақ
VІ.Кім жылдам ойыны .Есептер шығару.
1-есеп:
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Жауабы: F=2,45Н)
2-есеп
Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады? (Жауабы: 100 кг)
3-есеп
Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н)
VІІ.Қорытындылау.
“Тартылыс құбылысының маңызы”тақырыбында эссе жазу
«Күш» сөзіне 5 жолды өлең құру
VІІІ.Үйге тапсырма. 1.§29,30 жаттығу. № 1,2
2.Венн диаграммасын толтыру.Жердегі тіршілік-Айдағы тіршілік.
3.И.Ньютон туралы оқып-білу.
VІІI. Бағалау.
ID: 1955 | Просмотров: 4812