Физикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Физикадан ашық сабақтар

Серпімділік күші, деформация Гук заңы
[ Сайттан жүктеу (32.9Kb) ] 15.05.2015, 15:58

Материалдың жеке номері 1579

Серпімділік күші, деформация Гук заңы

загрузка...
7 сынып Физика
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Серпімділік күші, деформация Гук заңы.
Сабақтың мақсаты: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Білімділік: Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу міндеті.

Дамытушылық: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырып өту.

Сабақтың түрі: Интерактивті, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: жаңа технологияны қолдану, деңгейлеп саралап оқыту элементтері, миға шабуыл элементтері.

Сабақтың құрал-жабдықтары: ноутбуктер, интерактивті тапсырмалар, штатив, динамометр, слайд-презентация, динамометрлер, қатаңдығы әртүрлі серіппелер, доп, резеңке жіп, шар, темір сымдар, пластиллин, үлестірме қағаздар, сызғыш,
Сабақ жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды игеруге дайындық
3. Жаңа материалды игеру.
4. Жаңа тақырыпты түсінігін алғашқы тексеру
5. Үй жұмысы
6. сабақты қорытындылау

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Үй жұмысын тексеру.
1. Күш деген не?
2. Ауырлық күші деген не? Формуласы
3. Дененің салмағы деген не?
4. Реакция күші деген не?
5. Тартылыс құбылысы деген не?
6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
7. g- мәні неге тең? Экваторда, солтүстік поюсте мәні қаншаға тең?
Мақалдардың физикалық мағынасын түсіндір:
1. Жоғары лақтырылған тас өз басыңа құлайды. (Қырғыз)
2. Сарқырама қанша жоғары құлап аққысы келсе де, бәрібір ол төмен ағады. (Қытай)
Нені үйренуіміз қажет?
1. Серпімділік күші дегеніміз не?
2. Гук заңы нені анықтайды?
3. Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.
Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы деректер жинау. Кім Гук туралы қысқаша айтады?
• Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.
• Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.
• 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
• 1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.
• Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.
• Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.
• 1703 жылы қайтыс болды.

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.
Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!
Серпімді деформация түрлері:
Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу

Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы игеру
1-тәжірибе:
Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.
Қорытынды жасаймыз.

Дәптерге жазу:
«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»

2- тәжірибе.
Қатаңдығы басқа серіппені штативке іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп п созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз. Алдыңғы серпіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасаймыз.
Дәптерге жазу:
«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді.»

1-эксперименттің қорытындысы
Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ

2-эксперименттің қорытындысы
Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ


Серпімді деформация үшін Гук заңы
Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған.
Fсерп=-kx k- дененің қатаңдығы, x- деформация.

Сабақты қорытындылау

• Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияның азаю жағына бағытталғанын көрсетеді. Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
• Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.

Тақырыпты қайталап есептер шығару:

А-деңгей
1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?
2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?
4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?
В-деңгей
5. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.
6. Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?
7. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?
С-деңгей
8. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ( )
9. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ( )
10. Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ( )
11. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?
Сабақты бекіту :
• Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.
• Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
• Серпімділік күшті Гук заңы арқылы анықтауға болады.
• Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді.

Тест
1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш
A) 100 Н.
cool 50Н.
C) 1 Н.
D) 5 Н.
2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы
A) 10 Н/м.
cool 50 Н/м.
C) 0,5 Н/м.
D) 5 Н/м.
3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?
A) 15Н
cool 20 Н
C) 21 Н
D) 18 Н
4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы
A) 6 см.
cool 4,5 см.
C) 4 см.
D) 2 см.
5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?
А. 1661
B. 1660
C. 1662
D. 1665
6 Серпімділік ағылшынша?
А. Force
B. Еlasticity
C. Density
D. Mass
7. Күш ағылшынша?
А. Force
B. Volume
C. Density
D. Mass

Сабақтың қорытындысы:
Қорытынды сөз және бағалау.
Үйге тапсырма: §26, 27, 28. Деформация. Гук заңы. Жауап парағы
loading...

Автор: Құрманғалиева Кенжесары Есімсейітқы

Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Бөлім: Физикадан ашық сабақтар | Қосты: Курмангалиева_Кенжесары | Ілмек сөздер: Серпімділік күші, деформация, Гук заңы
Көрсетілім: 1850 | Жүктеулер: 654 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 38
Қонақтар: 38
Тіркелгендер: 0