Сайт учителя начальных классов
.
Әр түрлі ортадағы электр тогын қайталау. -

Әр түрлі ортадағы электр тогын қайталау.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 1367 | Просмотров: 8811 | Размер: 39.3 Kb | Автор: Хадиша
Сабақ 10ә сынып 17 наурыз.2015 жыл
Сабақ атауы Әр түрлі ортадағы электр тогын қайталау.
Сілтеме ҰБТ-те кездесетін тест жұмыстары, 7 модуль, электрондық оқулық, плакаттар, 10 сынып физика оқулығы,есептер жинағы,демонстрациялық жұмысқа физикалық құралдар
Сабақ мақсаты Теориялық білімдерін сын тұрғыдан ойлана отырып практикада қолдана алуға үйренеді ,топпен жұмыс істей отырып ынтымақтастыққа ықпалдасады, бір-бірінің пікірлерін тыңдай біледі, нәтижеге жетуге ойлана қадам жасайды
міндеттері Сабақ қадамдарын сақтай отырып сабақ мақсатына жетеді.
идеялар Әр түрлі ортадағы электр тогының физикалық теориядағы ғылыми идеяларды біледі
Күтілетін нәтиже 12 тараудың ең маңызды физикалық теорияны ҰБТ-те кездесетін сапалы есептерді шешуде нақты білімін көрсету
Тапсырмалар 3-топқа тест жұмыстары беріледі. «Белсенді сынып пен белсенді емес сынып қалай қалыптасады» ой толғау жүргізіледі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпқа жақсы көңіл –күй тудырады.
Тапсырмаларды таратады,бағалау парағы таратылады 3-топқа бөлінеді, Тапсырмаларды топпен талдайды .
Электронды оқулықты пайдаланады ,математикалық түрлендірулерді дұрыс орындайды, химиялық сабақ байланысын ескереді, сөйлем талдауды ескереді

Жаңа ақпарат

Электронды оқулықтан демонстрациялық
сабақтарды пайдаланылады

Плакаттар көмекке келеді

Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-1

1. Электролиттер және газдарда электр тогын қандай заряд тасымалдаушылар тудырады?
а) электролиттерде де, газдарда да тек иондар;
б) газдарда тек иондар, электролиттерде –иондар және электрондар;
в) газдарда тек электрондар, электролиттерде - иондар және электрондар;
г) газдар да, электролиттерде тек электрондар;
д) газдарда иондар және электрондар, электролиттерде тек иондар.
2. Вакуумдік диодта катодтан электрондардың ұшып шығуына себепші:
а) фотоэффект; б) анод пен катод арасындағы кернеу; в) катодтың тотығу химиялық реакциясы; г) термоэлектрондық эмиссия; д) радиоактивті бета ыдырау.
3.Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасы қаншаға артты? Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10 кг/Кл.
а) 0,09г; б) 0,17г; в) 0,54г; г) 0,27г; д) 0,18г.
4.Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?
а) 0,5А; б) 1А; в) 2А; г) 10А; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5.Қандай ортада электр тогы тек электрондардың реттелген қозғалысы нәтижесінде пайда болады?
а) вакуумде;
б) газдарда;
в) электролиттерде;
г) жартылай өткізгіштерде;
д) металдарда.
6. Сыртқы ионизатордың әсерінен газдың иондалады.Осы кезде қандай физикалық құбылыс жүреді?
а) атомнан электрондық қабықшаның бөлінуі;
б) газ молекулаларының оң және теріс иондарға ыдырауы;
в) атом немесе молекуладан бір немесе электрондардың жұлынуы;
г) атом ядросының нейтрон мен протонға ыдырауы;
д) разрядты түтікшенің катодынан электрондардың ұшып шығуы.
7. Электр тогы жүріп жатқан кезде электролитті қыздырады.Осы кезде электролиттің кедергісі ...
а) кемиді; б) артады; в) өзгермейді; г) жауап электролиттің түріне байланысты;
д) электролиттің кедергісі электролиттің температурасына тәуелсіз, оның концентрациясына тәуелді.
8. Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?
а) 10 ; б) 2·10 ; в) 1,6·10 ; г) 6,25·10 ; д) 2·10 .
9. Рельфті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды қалай атайды?
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальваностегия;
г) рекомбинация; д) гальванопластика.
10.Электролиз кезінде ток күшін 2 есе арттырса, электролит ерітіндісінен катодта бөлініп шығатын заттың массасы қалай өзгереді?
а) 2 есе артады; б) 2 есе кемиді; в) өзгермейді;
г) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл токтың жүру уақытына байланысты;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-2

1.Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10 кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай?
а) 54кг; б) 0,54кг; в) 540г; г) 5,4кг; д) 540кг.
2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы қандай заряд тасымалдаушылар арқылы жүзеге асырылады?
а) оң және теріс иондар;
б) электрондар;
в) кемтіктер;
г) бірдей мөлшерде иондар және электрондар;
д) электрондар және кемтіктер.
3. Төрт валентті кремнийге бірінші рет үш валентті индийді, сосын бес валентті фосфорды қосады.Әрбір жағдайда жартылай өткізгіш қандай өткізгіштікке ие болады?
а) бірінші жағдайда − кемтіктік, екінші жағдайда− электрондық;
б) бірінші жағдайда − электрондық, екінші жағдайда − кемтіктік;
в) екі жағдайда да- электрондық; г) екінші жағдайда да −кемтіктік;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4. Вакуумдік диодтағы электродтардың арақашықтығы .Катод пен анод арасындағы кернеу U.Электронның заряды және оның массасы e және m.Электронның анод пен катод арасындағы қашықтықты жүріп өту уақыты:
а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

5. Электролиттік диссоцация дегеніміз:
а) электролит арқылы электр тогының жүруі;
б) ерітілетін зат молекуласының электрондар мен иондарға ыдырауы;
в) ерітілетін зат молекуласының иондарға ыдырауы;
г) оң және теріс иондардың молекулаларға бірігуі;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальванопластика;
г) рекомбинация; д) гальваностегия .
7. Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:
а) 0,4 ; б) 0,5 ; в) 0,2 ; г) 0,3 ; д) 0,6 .
8.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз:
а) вакуумдік диод арқылы электр тогының жүруі; б) жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығуы; в) электр тогының газ арқылу өту процесі;
г) қыздыру нәтижесінде электрондардың шапшаң қозғалуы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Газдардағы электр тогы дегеніміз:
а) газдың иондалуы; б) газ атомдары немесе молекулаларынан электрондардың ажырауы; в) электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы;
г) электр өрісінде үдетілген электрондардың бейтарап молекулалармен (немесе атомдармен) соқтығысуы кезінде олардан электрондарды жұлып шығаруы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі қандай?
а) электронды; б) кемтіктік; в) бірдей мөлшерде электрондық және кемтіктік;
г) иондық; д) мүлде электр тогын өткізбейді.

Блум таксономиясымен
бағалау Білу, түсіну,талдау, жинақтау,қолдану, бағалау
Рефлексия Топтар өзара сабақ туралы пікір алысады, тест жауаптарында ұтымды, өте қажетті нәтижені ескереді
«Екі жұлдыз бір тілек» Топ арасында бағалау болады
Үйге тапсырма 12 тарау бойынша қорытынды эссе жазу.10 сынып,376 бет

ID: 1607 | Просмотров: 8811