Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың аты Планеталардың қозғалысы
Сілтеме Оқулық, сабақ жоспары, презентация
Мақсаты Табиғат құбылыстарын жете түсіну арқылы, планеталардың қозғалысының ерекшеліктерін білу, қолдану, талдау және бағалау.
Оқыту нәтижесі Оқушылар планеталардың қозғалысының ерекшеліктерін жеке және топтық тапсырмалар орындау барысында біледі, қолданады, талдайды және бағалайды.
Әдіс-тәсілдер 1.Сұхбат стратегиясы (Жеке жұмыс)
2. Ой шақыру стратегиясы
3. Ұқсастық пен даралық стратегиясы (топтық жұмыс)
4. Сұрақ-жауап стратегиясы
5. Суретті сәйкестендіру (жеке жұмыс)
Кейінгі тапсырмалар §12-ты оқу. Планеталар туралы қызықты деректер жинақтау.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 минут 1. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып топпен отырғызып назарын сабаққа аударамын.
Топқа бөлу.
Оқушылар фигуралар таңдайды, астындағы жазу арқылы топқа бөлінеді.
5 минут 2.Үй тапсырмасын тексеру Сұхбат стратегиясы.
1) №8-тапсырма бойынша оқушылар жұмысын тексеру.
2) Физикалық диктант

1. Үй тапсырмасын ауызша түрде айтады.
2.Физикалық диктантқа керекті сөзді жазады.
10 минут 3.Жаңа тақырыпты ашу. "Ой шақыру стратегиясы"
Cіздер аспан денелері туралы бұрыннан естіп біліп жүрсіздер және бұл өте қызықтыратынын білемін. Олай болса Күн жүйесінде неше планета бар?
Оқушылар планеталарды реті бойынша айтып беру керек
Әрбір топ өздері білетін планеталар жайлы плакатқа жазып, олар туралы мәліметтерді айтып қорғайды.

5 минут 4. Жаңа тақырып бойынша ақпарат беру - (слайд арқылы түсінік беру)
Оқушылар жаңа ақпараттарды алады.
10 минут 5. ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚ стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау
а) Шолпан мен Уран
б) Жер мен Марс
в) Юпитер мен Сатурн
1-топ. Меркурий және Шолпан планеталары.
2-топ. Жер және Марс планеталары.
3-топ. Юпитер және Сатурн алып планеталар
3 минут 6. СҰРАҚ-ЖАУАП (серіппелі сұрақ немесе өрмекші торы)
Жіпті ұстап бір сұрақ қойып мұғалім батап береді, оқушы жауап беру арқылы келесі оқушыға жіпті лақтырады да өрмекші торын құрады.
5 минут 7. СУРЕТТІ МӘТІНГЕ ҚАРАЙ СӘЙКЕСТЕНДІРУ.
Әрбір оқушыға жеке суретті тапсырма жеке үлестіріледі.
4 минут. 8. Бағалау мен РЕФЛЕКСИЯ
Бүгінгі сабақтан алған әсерім стикерге жазады. Бағалау парағын өткізеді.
1 минут 9. Үйге тапсырма: §12 оқу, соңындағы сұрақтарға жауап жазу, планеталар туралы қызықты мәліметтер жинақтап келу, сол планеталарға қатысты ертегі құрастыру.

ID: 2066 | Просмотров: 3308