Оқушы жетістігін бағалауда формативті бағалаудың маңызы

  • Жүктеулер: 689
  • Көрсетілім: 1311
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 18/Май/2015
Бейсенбиева Хадиша Наурызбековна
Коучинг –сабақ. 2015жыл.17.03
Сабақтың тақырыбы: «Оқушы жетістігін бағалауда формативті бағалаудың маңызы»

Жалпы мақсаты:

Әріптестер арасында оқушы білімін нақты бағалау туралы тәжірибе алмасу арқылы формативті бағалаудың маңыздылығын ұғындыру, формативті бағалауды тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқыту үшін бағалау туралы біледі және бағалау критерийлерін құрастырып, оқу үрдісінде қолдана алады.

Түйінді идея:

Критерийлер мен дескрипторларды құрастыра отырып, оқушы жетістігін критериалды бағалау арқылы бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Дереккөздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық , бірінші ( ілгері ) деңгей
Пайдаланған құралдар мен материалдар:
Интерактивті тақта, презентация, постерлер, маркерлер, стикер.

Жүру барысы:
Сәлемдесу:

Қатысушылардың іс-әрекеті:Топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық :
«Мен саған сенемін» Қатысушылар жұп құра отырып, бір-біріне деген сенімдерін жеткізеді.

Бейне көрініс: «Жаңа заман мұғалімі»

Түсіндірме:
Формативті бағалау, оның мақсаты:
Оқыту үшін бағалау туралы түсінік алады.

Топқа бөлу:«Туылған айларына байланысты топқа бөлінеді»
Үйдің суретін салу.

Топтар бір-бірінің суретін алдымен дәстүрлі бағалап, кейін өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды.

Сергіту сәті: «Мультфилм»көрсетіледі
Сергіту сәті арқылы жағымды психологиялық көңіл-күй орнайды.

Практикалық жұмыс
Пәндер бойынша топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша оқушылардың жетістік деңгейлеріне критерийлер мен дескрипторлар құрастырады.

Рефлексия
Қатысушылар коучингтен алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіреді.

Формативті бағалау



Формативті бағалау өз тәжірибиемде

Бірлескен топ


Мерсер: зерттеушілік әңгіме Топтық жұмыс: формативті бағалауда
Блум таксономиясын қолдану

Сын тұрғысынан ойалу


Бірінші топты құрметпен тыңдау Сергіту сәті

Автор: Хадиша

Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.