Импульстің сақталу заңы. Реактивтік қозғалыс

  • Жүктеулер: 785
  • Көрсетілім: 1533
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 10/Апр/2015
Пәні :физика Күні: 15.11.2014ж Сынып: 9 С.Жұмабекова
Сабақ тақырыбы
Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыстар.
Мақсаты
Реактивті қозғалыс туралы жан-жақты түсінік беру. Ғылымға қызығушылығын арттыру.
1. Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Физикадан алған білімдерін сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы тереңдету, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
3. Шығармашылық қабілеті дамыған, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.

Негізгі идея Оқушылардың ой-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту
Күтілетін нәтиже
Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білу
Оқыту формасы
Топпен жұмыс, жеке жұмыс, диалог әдісі, АКТ
Ресурс
Электронды оқулық, слайдтар, интербелсенді тақта, интернеттен алынған материалдар
Сілтеме:
9 сыныпқа арналған электронды оқулық, оқулық.

Сабақ барысы
Мұғалім әрекеті Уақыт (мин) Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу) бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстырады
Үй тапсырмасын сұрау
І топқа
1. Дене импульсі дегеніміз не? Ол қандай шама?
2. Импульс қалай бағытталған?
ІІ топқа
1. Дене импульсінің өзгерісі қандай шамаға байланысты?
2. Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар? Тақтаға екі топтан екі оқушы шығарып есептер шығарылады.
Жаңа сабақ
І топқа «Импульстьің сақталу заңы »
ІІ топқа «Реактивті қозғалыс»
Тақырыпты қорытындылап слайдтар арқылы көрсетіледі. 1 мин

10мин

12мин Мұғаліммен амандасады топ болып үй тапсырмасына баяндауға дайындалады. Қарсы топ сұрақтар қоюға болады. Тақтаға екі топтан екі оқушы шығады есептер шығарады.
Есеп: 1. Массасы 3 кг доңғалақ горизонталь бетпен сырғанаусыз 5 м/с жылдамдықпен домалап келеді. Доңғалақтың импульсін табыңыз.
Есеп:36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10т жүк таситын автомобильдің жылдамдығы 25м/с, ал массасы 1т-ға тең. Жеңіл автомобильдің импульстері қандай?

Топ мүшелері бірігіп тақырыпты оқып бір-біріне түсіндіру арқылы плакатқа тақырыпты бейнелеп постер арқылы қорғайды.
Бағалау критерийлері:
1. өз ойын жеткізе білуі
2. физикалық тілде сөйлеуі
3. өмірмен байланыстыра алуы. Қарсы топ мүшелері бағалайды.

Автор: Жұмабекова Сәуле Өтегенқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жансейіт ауылы, №133 негізгі мектеп

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.