Физикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Физикадан ашық сабақтар

Идеал газдың ішкі энергиясы.Жылу мөлшері
[ Сайттан жүктеу (157.8Kb) ] 18.11.2015, 14:45

Материалдың жеке номері 2125

Идеал газдың ішкі энергиясы.Жылу мөлшері

загрузка...
Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті.Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбек етуге баулумен қатар ұжымдық татулыққа тәрбиелеу қазіргі өмір талабы.
Оқушылардың өз бетімен ойлауы,өз бетімен ізденуі, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады. Бұл ретте шәкірттерге білім беруде жаңа технология элементтерін қолданып сабақ өту, олардың ізденімпаздық қабілеттерін аша түсері сөзсіз. Физика пәні бойынша «ұжымдық оқыту» стратегиясын қолдана отырып өткізген ашық сабағым туралы ой бөлісуді жөн көрдім.
Сабақтың тақырыбы: Идеал газдың ішкі энергиясы.Жылу мөлшері
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Оқушыларға идеал газдың ішкі энергиясы туралы мағлұмат
бере отырып, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін түсіндіру.
Жылу мөлшері және жылу алмасудың молекулалық көрінісін тұжырымдау.
б) тәрбиелік: адамгершілікті, достықты, адалдықты қадір тұтатын, өзі мен
өзгенің іс - әрекетін әділ бағалай білетін, өзін - өзі тәрбиелей алатын азамат
болып қалыптасуға жағдай жасау.
в) дамытушылық: практикалық дағды, іскерлікті қалыптастыру.
Физиканы өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кәсіптік бағдар
беру.
Оқыту әдістері: түсіндіру, баяндау, лекция, миға шабуыл,
АКТ( ақпараттық коммуникативті технология ), ұжымдық оқыту
стратегиясы
Сабақтың көрнектілігі: слайдтар, интерактивті тақта,видеороликтер,
тірек конспектісі,бағалау жетондары, электрондық оқулық,
үлестірме материалдар
Пәнаралық байланыс: математика, электротехника. Химия
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың
дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аударып, оқушыларды
3 топқа бөлеміз.1.Сұйықтар. 2.Газдар 3. Қатты денелер
II. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
- Ой шақыру.Не білеміз?
Балалар,сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша мынадай
сұрақтарға жауап берейік.(ассоциациалық карта толтыру).Қай топ бірінші болса,сол топқа бағалау парақшасы беріледі.
Қатты дененің қасиеттерін атаңыздар.
III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалап,
кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының
қорытындылауы.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын
сұрақтарымен таныстыру.
Жаңа сабақ тақырыбы: Идеал газдың ішкі энергиясы.Жылу мөлшері
Қаралатын сұрақтар:
1.Молекула- кинетикалық теориядағы ішкі энергия
2. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
3. Жылу мөлшері
Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді
(лекция,слайдтар,видеороликтер, флипчарт) қолдану арқылы түсіндіруі.
Ұжымдық оқыту стратегиясы бойынша оқушыларға үлестірме материалдар
таратылып беріледі де,олардан оқып- талдаулар сұралады.Содан соң
олардың білімдерін,жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін бақылау
барысында бірнеше сұрақтар қойылып, тірек конспектісі толтырылады
1.Ішкі энергия дегеніміз не?
2.Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тең?
3.Неге бір атомды газ деп атаймыз?
4.Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тәуелді?
5.Ішкі энергия қандай макроскопиялық параметрлерге тәуелді?
6. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін ата
7. Жылу мөлшері дегеніміз не?
8.Жылу алмасудың молекулалық көрінісі қандай?
V. Жаңа тақырыпты пысықтау
1. «Кім жылдам әрі білгір? » ойыны
Интерактивті тақтада жасырылған суреттерді ашып көру арқылы оқушылар
ішкі энергияның өзгерісін анықтайды (слайд)
V I. Жаңа тақырыпты бекіту.
Жаңа тақырыпты бекіту барысында әр топтан бір –бір оқушы шығып
интерактивті тақтадағы формуллалардың мәнін ашады
VII. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып топ белсенділерін бағалап, қорытындылаймыз
loading...

Автор: Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

Бөлім: Физикадан ашық сабақтар | Қосты: Сауле-Сауле | Ілмек сөздер: механикалық жұмыс., жылу мөлшері, ішкі энергия
Көрсетілім: 985 | Жүктеулер: 511 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0