Энергия

  • Жүктеулер: 681
  • Көрсетілім: 1308
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 02/Апр/2015
Турсымбаева Лаура Саяхатовна
«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ-нің
физика пәні мұғалімі
ШҚО, Үржар аудан, Қазымбет ауылы

Сабақ тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақ мақсаты:
1. Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Зымыран қалай қозғалады?
2. Реактивті қозғалыс деген не?
3. Оған мысалдар келтіріңдер.
4. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
5. Реактивті қозғалыс жылдамдағы қандай шамаларға байланысты?
6. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі джоуль болып табылады.



Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.

Потенциалдық энергия дегеніміз –денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.

Автор: Турсымбаева Лаура Саяхатовна

ШҚО Үржар ауданы Қазымбет ауылы "Қазымбет орта мектеп-бақша" КММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.